Жоба • 27 Қыркүйек, 2024

Ауқымды бастаманың игілігі

74 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Astana Hub» халықаралық технопаркі елімізде жа­санды интеллектіні (ЖИ) дамытатын «AI Movement» бастамасын іске қосты. Бұл жоба Мем­ле­кет басшысының Жолдауында айтылған тапсырма­сы аясында жүзеге асып отыр.

Ауқымды бастаманың игілігі

Коллажды жасаған – Алмас МАНАП, «EQ»

Ауқымды жоба таланттарды тарту, оқу және ресурстар секілді үш бағытты қамтиды. Бірінші бағыт аясында жасанды интеллект саласындағы біліміңізді тексеріп, бағалы сыйлық­тар ұтып алуға мүмкіндік беретін «Astana Hub» мобиль­ді қосымшасындағы «AI Quest» ойыны мен өңірлерде ЖИ технология­сын насихаттауды мақсат еткен «Roadshow» ұйым­­дастыратын ірі мульти­ло­кациялық хакатон – «Decentrathon 2.0.» жобаларын жүзеге асырады.

Екіншісі жасанды интеллект саласындағы маман­дар­дың білім деңгейін көте­руге арналған. Бұған «AI People Bootcamp» (4 ап­та­лық онлайн интенсив) және «ЖИ негіздері: ChatGPT» онлайн курсы секілді оқу бағдарлама­лары кіреді. Сондай-ақ «Tomorrow School» жасанды интеллект мектебін ашу мен «Tech Orda» бағдарламасы аясында мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орны оқытушыларының білік­тілігін арттыру да көз­деліп отыр. Мұның бәрі – жасанды интеллект сала­сындағы жаңа буын мамандарын даярламақ.

Сонымен қатар «Astana Hub» ашық түрде ЖИ стар­табы мен моделін мең­­геруге арналған ашық дерек жинақтары жайында ақпарат ұсынады. ЖИ стартаптарының дамуына қаржылық қолдау көрсететін «AI’preneurs» атты акселератор жұмыс істейді.

Жобада қа­­­ты­­су­шы­лар­дың ынтасы мен оқуға қы­зы­ғушылығын есе­­лейтін ойын­дарды қол­да­нуға ерекше ден қо­йылған. Бұл жасанды ин­тел­лектіні мең­геретін жаңа дең­гей­дегі мамандарды қалып­­тастыруға ықпал етеді.

Қысқасы, «AI Movement» елі­м­іздегі жасанды интел­лек­­тіні дамыта отырып, ке­ле­сі жылы ашылатын Ұлт­тық жасанды интеллект ор­та­­лығын құруға негіз қаламақ.