Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90784 материал табылды

Қазақстан • 29 Мамыр, 2018

Елорданың келбеті Испанияда таныстырылды

Испанияның Валенсия қаласында ха­лық­аралық сәулет-құрылысы саммиті өтіп, «ENNOVA» атауын иеленген ал­қа­­лы жиында сәулет өнерінің озық үлгі­сі ретін­де елорданың бүгінгі келбеті та­нысты­рылды. Биыл елорда атанғанына 20 жыл тол­ған бас қаланың бұлайша насихатталуына Қазақстандағы Сараптама ұйымдарының палатасы мұрындық болды.

Аймақтар • 28 Мамыр, 2018

Жетібайда «Қолдайық ауыл мектебін» акциясы өтті

Мамырдың 28-і күні Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен мұғалімдері «Қолдайық ауыл мектебін» әлеуметтік акциясы аясында Жетібай ауылындағы №8 орта мектебіне 100 бөлме гүлін, 200 кітап, көрнекі стенд, 15 доп және Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары құрастырған 3D принтерді сыйға тартты. Шара «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Аймақтар • 28 Мамыр, 2018

Ақтауда «Әке, ана және мен – спорт сүйер жанұя» байқауы өтті

Еліміздің әр өңірінде дәстүрге айналған отбасылық сайыс 26 мамыр күні Ақтау қаласында өтті. Өңірдің мемлекеттік қызметшілері арасында Теннис орталығында ұйымдастырылған шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы мұрындық болды. 

Әдебиет • 28 Мамыр, 2018

«Менің атым Қожа» түрік тілінде сөйледі

Түркия астанасы Анкарада қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың түрік тілінде жарық көрген «Менің атым Қожа» кітабының тұсауы кесілді.  Бұған дейін әлемнің 67 тіліне тәржімаланған айтулы шығарма бауырлас түрік тіліне тұңғыш рет аударылып отыр.

Қазақстан • 28 Мамыр, 2018

СІМ Қытайда қос азаматтық үшін ұсталған этникалық қазақтарды босатуды сұрады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қытайдың сыртқы саяси ведомствосымен өткізген консулдық мәселелер туралы консультацияларында аспан асты елінде қос азаматтық үшін ұсталған  этникалық қазақтарды босатуды сұрады, - деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстан • 28 Мамыр, 2018

Мемқызметшілер Сингапурдың экономиканы әртараптандыру тәжірибесін зерделеуде

Бүгін Астанадағы Назарбаев Университетінде Астана мемлекеттік қызмет хабының қолдауымен мемлекеттік қызметкерлер үшін өзгерістерді басқару, экономиканы әртараптандыру және инвестицияларды ынталандыру бойынша екі күндік семинар басталды. Семинарды Сингапурдағы Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінің профессоры Лим Сионг Гуан мырза өткізуде. Ол бұрын Сингапурдың Мемлекеттік қызмет агенттігінің басшысы, Экономикалық даму жөніндегі Кеңестің төрағасы, Сингапурдың GIC Дербес әл-ауқат қоры тобының президенті қызметін атқарған.

Өнер • 28 Мамыр, 2018

«I`m a singer Kazakhstan» шоуының жүлде қоры 50 миллионға жетті

Жобаның бірінші маусымында көптің сүйіспеншілігіне бөленіп, әлемнің алты елінде таратылған, 200 миллионнан аса адам тамашалаған үлкен жоба жалғасын табады. Бүгін Алматыдағы Қазақстан Баспасөз клубында «31-арнадағы» «I`m a singer Kazakhstan» халықаралық талант-шоуының екінші маусымының іске қосылуына байланысты БАҚ өкілдерін жинады.

Білім • 28 Мамыр, 2018

Зияткерлік мектептер зейініне жоғары баға

Зияткерлік мектептердің сертификаты тағы бір халықаралық мойындауға, яғни Германия Федеративтік Республикасының жоғары бағалауына ие болды.

Парламент • 28 Мамыр, 2018

Сенат комитетінде коммерциялық емес ұйымдардың қызметі туралы заң  жобасы қаралды

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң  жобасы қаралды. 

Яндекс.Метрика