Egemen Qazaqstan
60999 материал табылды

Үкімет • 23 Қазан, 2019

Асқар Мамин Қазақстанда жасалған тракторды сынап көрді

Үкімет басшысы Асқар Мамин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысының өнеркәсіптік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуына бақылау орнату аясында өңірге жұмыс сапарымен барды. 

Руханият • 18 Қазан, 2019

Тылсым өнердің тәлімгері

Өмірбек Тілеулиев салған суреттерге үңіле қараған кез келген адам ең бірінші кезекте дала қазағының өмірін көрер еді. Табиғатпен үйлесімде ғұмыр кешкен көшпендінің дүниетанымын айқын аңғарып, ескі өмірді жаңаша тәсілдермен бей­нелеудің ерекшелігіне назар аударар еді. Біздің көзімізге де ең алдымен осы нәрселер шалынды.

Руханият • 18 Қазан, 2019

Жақсым

Қазақ баласында бір жақсы сөз бар. Жақсым деген. Сақилар мен атымтай жомарттарға қаратылып айтылады. Пірадарларға қаратылып айтылады. Иманы кемел адамға қаратылып айтылады. Абайша айтсақ «толық адамға» қаратылып айтылады. Атауында тұрғандай жақсы адамдардың жақсысына қаратылып айтылады.

Руханият • 18 Қазан, 2019

Мұхамеджан ұстаз тұтқан Барлыбек

Алаш арыстарын тану – сол заманның өзінен басталған екен. Аймүйіз қайраткерлердің бір-біріне жазған хаттары, бір-біріне деген құрметі мен лебізі, тіпті қайтыс болғанда қайғырып жазған мұнаһибтары да ерекше. Өмірде бірін-бірі құрметтеп, аға мен іні, ұстаз бен шәкірт болып өткен жандар – Барлыбек Сырттанұлы мен Мұхамеджан Тынышбайұлы еді.

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Жол үстінде босанды

Біздің кейіпкеріміздің аты-жөні – Индира Қалқабаева. Ол Алматы қаласындағы №12 емхананың дәрігері, Nur Otan партиясының мүшесі. Бұл оқиға «Жезқазған – Алматы» пойызында болған еді. Түс мезгілінде купеге жолсерік жүгіріп кіріп «жолаушылардың ішінде медбике немесе дәрігер бар ма?» деп сасқалақтап сұрады. Көрші вагондағы аяғы ауыр әйелдің хәлі нашарлап, шұғыл дәрігерлік көмек керек болып тұр екен. Оның өтініші Индираны бейжай қалдырмай, көмек қолын созды. Аяғы ауыр әйелдің жанына келіп, аты-жөні мен жүктілік мерзімін, бір сөзбен айтқанда, дәрігер-гинекологтар білуге тиіс мәліметтердің бәрін тәптіштеп сұрап алды.

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Ақтөбеде жыл басталғалы кинологтардың көмегімен 270 қылмыс ашылған

Қазақ халқы жеті қазынаның біріне балаған иттің адамның ежелден досы екені, әсіресе аталған жануарды адамдар түрлі мақсатта пайдаланатыны баршаға белгілі. Еуропа елдерінде жан күйзелісіне ұшырағандарды емдейтін арнаулы орталықтардың негізгі «жұмысшылары» да — осы төрт аяқтылар. Біздің мемлекетте бұл соншалықты дами қоймағанымен, есесіне, кинологтық қызмет орталығының жұмысы жыл өткен сайын жанданып келеді. Біз полицейлердің қолғанатына айналған неміс овчаркасының бір күндік тіршілігімен танысып, оның иесін әңгімеге тартқан едік. Әңгіме барысында қоғамдық тәртіпті сақтауға айрықша үлес қосатын төбеттерді күтіп-баптау жайына да қанық болдық.

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Игерілмеген резервтер көп

Жұртшылықты бүгінде әлеуметтік мәселелер алабөтен толғандырып отыр. Жағалай қымбатшылық, оның зардабын қарапайым халық, көп балалы отбасылар, аз қамтылған жандар алдымен тартады. Былай қарасаң, бұл бағыттағы күрмеуі тарқатылмаған проблемалар белгілі, шешілу жолдары жан-жақты қарастырылған сияқты көрінгенімен, әлі де істен гөрі сөздің басым екенін аңғару қиын емес. 

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Елі қолдаған құнды құжат

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркен­деуінің негізі» тақырыбымен жария­ланған Жолдауында негізінен елдің ішкі мәселелеріне басымдық берілген.

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Дамудың сапалы кезеңі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты   халыққа Жолдауы ел өркендеуінің бағыт-бағдарын көрсетті. 

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Халық үніне құлақ асатын мемлекет

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр.