Бүгінде Моңғолияда 126 мыңнан астам қазақ тұрады. Оның 4 мыңға жуығы Эрдэнэт қаласында қоныстанған. Баян-Өлгей аймағынан басқа өңірлерде қазақ тілінің жағдайы көңіл қуантарлық емес. Осы орайда "Отандастар қоры" КеАҚ Эрдэнэт қаласындағы қазақ мәдени орталығына онлайн сынып ашуға қажетті интерактивті құрылғылар топтамасын жіберген болатын. Сондай-ақ, Моңғолияның Хобда аймағына екінші топтама жіберу жоспарланған.
Қазақ балалары тікелей эфирде өтетін сабақтарға қатысып, ана тілін жетілдіру үстінде. Сабақ Microsoft Teams платформасы арқылы өтеді. Сабақтарға қатысу үшін, "OQ-BILIM" телеграм каналына жазылып, арнайы сілтемелер арқылы өту қажет.