Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Аймақтар • 22 Қаңтар, 2019

Шымкенттің орталық аудандарындағы балалар әлі күнге дейін үш ауысымды мектепте білім алып жүр

Әл-Фараби ауданында 4 мектепте балалар үш ауысымда білім алады. Бұл туралы аудан әкімі Ғабит Мәуленқұловтың есепті жиналысында айтылды. Рес­пубикалық маңызы бар қала мәртебесін алған мегаполисте білім беру мекемелеріне деген тапшылық азаяр емес. Тіпті, қатары жылдан-жылға көбейіп жатыр. Мемлекет бас­шы­сы әр жылдары халыққа арнаған Жол­дауында білім алудың қол­же­тім­ділігін арттыру мақсатымен оқу­шыларға орын жетіспейтіні, мек­теп­тердің үш ауысымда оқу және апат жағдайында болу проб­ле­ма­лары мейілінше сезіліп отырған аймақтарға көмек беру жөнінде айт­ып келеді. Ал Шым­кент қаласында бүгінде үш ауысымды мектептердің қатары 19-ға жеткен. Ондағы оқушылардың саны 54672 болып отыр. Тіпті, 1200 орын­ды мектепте 4400 оқушы білім алып жүр.

Аймақтар • 22 Қаңтар, 2019

«Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы лауазымына Абатов Жасұлан Уәлиұлы тағайындалды.

Аймақтар • 22 Қаңтар, 2019

«Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен «Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Абсұлтанов Қайрат Байғабылұлы тағайындалды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 22 Қаңтар, 2019

Астана әкімдігінің аппараттық жиыны бұдан былай ашық форматта өтеді

Қалалық әкімдікте апта сайынғы аппараттық кеңес өтті. Онда «Астана адалдық алаңы» жобасының іске асуы, кәріз құдықтарының ашық қалуы және үлестік құрылыс сұрақтары қаралды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Қазақстан • 22 Қаңтар, 2019

Бақытжан Сағынтаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру бойынша нақты тапсырма берді

Бүгін Үкімет отырысында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру мәселесін қарау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды. Аталған бастамалардың еліміздің барлық дерлік тұрғынының мүдделеріне әсері бар.

Аймақтар • 22 Қаңтар, 2019

Петропавлда алабай тұқымдас ит иелерін талап тастады

Партизан көшесі бойындағы жекеменшік үйлердің бірінде  алабай тұқымдас итті жедел шақыртылған полицейлер атып тастауға мәжбүр болды.

Қазақстан • 22 Қаңтар, 2019

Солтүстік Қазақстанда шетелдік мигранттар легі тыйылар емес

Жергілікті жерлерде өткізілген кезекті «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шаралары шекараны заңсыз асып келген шетел азаматтарының кезекті тобын әшкереледі.

Қазақстан • 22 Қаңтар, 2019

Қ. Бозымбаев «Сарыарқа» магистральді газ құбырын салу жобасын іске асыру барысы туралы баяндады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президенттің Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында «Сарыарқа» магистральді газ құбырын салу жобасының ағымдағы жағдайы туралы энергетика министрі Қ. Бозымбаев баяндады.

Аймақтар • 22 Қаңтар, 2019

Шағын несие алушылар қосымша 12,6 мыңнан астам жұмыс орнын ашты

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президенттің Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру барысы қаралды. «Шағын несие беруді көбейту» төртінші бағытын орындау бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова, ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А. Евниев және ұлттық экономика бірінші вице-министрі Р. Дәленов баяндады.

Аймақтар • 22 Қаңтар, 2019

Дәстүрлі өнер академиясы ашылады

Елімізге белгілі жырау Алмас Алматовтың ұсынысы негізінде Қызылорда облысында жыраулық өнерді дәріптейтін қазақтың дәстүрлі өнер академиясы ашылады.