Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Қоғам • 27 Қыркүйек, 2018

Электронды жүйе балабақшалардағы сыбайлас жемқорлықты жоюға септігін тигізеді

Қызылордада электрондық балабақша жүйесі іске асырылуда, бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген ғылыми-тәжірибелік конференцияда облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова мәлімдеді.

Президент • 27 Қыркүйек, 2018

Елбасы Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберту Азеведумен кездесті

Кездесуде тараптар әлемдегі қалыптасқан жағдайға байланысты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қатысты пікір алмасты, сондай-ақ 2020 жылы Астанада өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының ХІІ Министрлер конференциясына дайындық барысын талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Теннис • 27 Қыркүйек, 2018

Дэвис кубогында кімдер қарсылас болады

Халықаралық теннис федерациясының (ITF) Лондондағы штаб-пәтерінде 2019 жылы өтетін Дэвис кубогының іріктеу турнирінің жеребесі тартылды.  

Өнер • 27 Қыркүйек, 2018

Берлинде қазақстандық суретшілер көрмесі ашылды

«Астық және раушан гүлдер» — бұл 1945 жылдан бастап қазіргі таңға дейінгі қазақстандық әйел-суретшілердің төрт буынының жұмыстарына жасалған зерттеу нәтижелері. Кураторлардың айтуынша, көрме қазақ өнерінің және мәдениетінің жаңа көрінісін және әлемдік бейнелеу өнері тұрғысындағы олардың кең түсінігін ұсынады.

Футбол • 27 Қыркүйек, 2018

Ең нашар футболшылардың тізімі жарияланды

Испанияның әйгілі «Marca» басылымы 2018 жылдың қорытындысы бойынша ең нашар ойнаған футболшылардың шартты құрамын жариялады. 

Әлем • 27 Қыркүйек, 2018

Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесте: ядролық державалар ядролық қарусыз әлем үшін күрестегі алдыңғы қатарда болуы керек

  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде «Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау: жаппай қырып-жою қаруын таратпау» тақырыбында жоғары деңгейдегі отырыс өтті. Кездесу АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен және төрағалығымен өтті. Отырысқа Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің атынан Франция Президенті Эммануэль Макрон, Ұлыбританияның Премьер-министрі Тереза Мэй, Ресей мен Қытайдың сыртқы істер министрлері Сергей Лавров және Ван И қатысты, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Спорт • 27 Қыркүйек, 2018

Дзюдодан Қазақстан әлем чемпионатында 2 медаль жеңіп алды

Дзюдодан Қазақстан құрамасы 20-27  қыркүйек күндері Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өткен Әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды. 124 елдан 755 дзюдошы келген Әлем біріншілігінде Қазақстан сапынан 17 татами шебері қатысып бір күміс және бір қола медальмен жалпы медаль кестесінде 12-орынға жайғасты, деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.

27 Қыркүйек, 2018

Әріптесі жарақаттаған полиция қызметкері көз жұмды

Алматыда полиция қызметкері әріптесінің жарақатынан көз жұмды, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Парламент • 27 Қыркүйек, 2018

Сенатта бірқатар мәселелер талқыланды

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшылығымен кездесіп, еліміздің әскери өнеркәсіп кешені мен аэроғарыш саласын дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Парламент Сенатының Баспасөз қызметі.

Өнер • 27 Қыркүйек, 2018

Балқашта халықаралық мәденитанушылық іс-шаралар басталды

Кеше  Қарағанды облысындағы Балқаш қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы «Жібек жолы бойындағы сұхбаттар» Халықаралық мәденитанушылық жобасының іс-шаралары басталды.

Яндекс.Метрика