• 16 Мамыр, 2017
Әлемдік қоғамдастық: орын мен бедел
Әлемдік қоғамдастық абстрактілі ұғым емес, оның көшбасшысы – Біріккен Ұлттар Ұйымы. БҰҰ аясында мемлекеттер мен халықтар жаһандық мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында әлемдік қоғамдастық құрып отыр. «Әлемдік қоғамдастық» ұғымын алғаш рет ресми түрде 1969 жылы БҰҰ Бас Ассамлеясында сөйлеген сөзінде АҚШ президенті Ричард Никсон қолданған. Ол: «Бүкіл тарихи ғұмырымызда біз бірінші рет әлемдік қоғамдастық болып отырмыз», – деп көрсеткен еді.
• 07 Сәуір, 2017
Қазақстан Президентінің 1992 жылдың 15 сәуіріндегі Жарлығымен еліміздің БҰҰ жанындағы бірінші тұрақты өкілі болып қазақтың көрнекті дипломат қызы, Қазақстан тарихындағы тұңғыш елші әйел Ақмарал Арыстанбекова тағайындалды. 1992 жылдың 5 маусымында Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі өзінің толыққанды қызметін бастап кетті. Осы жылдың 5 қазанында БҰҰ мінберінен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет сөз сөйледі.