Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 05 Қазан, 2024
Еліміздің демографиялық жағдайын ойлағанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың биыл Атырауда болған үшінші отырысында ортаға салған: «Бүгінде солтүстік аймақтарда жұмыс күші жетіспейді. Ол жақта тегін білім алуға, жақсы жұмыс істеуге барлық мүмкіндік бар. Мемлекет беріп отырған осы мүмкіндікті дұрыс пайдалану қажет. Біз мыңдаған шақырым жерде көшіп-қонып жүрген көшпенділердің ұрпағы екенімізді ұмытпайық. Қазіргі жастар заманауи көшпенділіктің жақсы жақтарын игере білуі керек», деген пайымы еске түседі. Жүрегі «Елім!» деп соққан жасты елең еткізіп, батыл шешім қабылдауға жігерлендіретін сөз бұл.
Саясат • 05 Қазан, 2024
Кеше Астанада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің (ҚОБК) 55-отырысы өтті.
Марапат • 05 Қазан, 2024
Нобель сыйлығы қай жазушыға бұйырады?
Әр жылы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы лауреатының есімі жарияланатын сәт таяған сайын дүние жүзіндегі көптеген оқырман жеңімпаз ретінде Муракамидің есімін көргісі келеді. Бірақ неге екені белгісіз, аты аталған жапон қаламгерінің бес жылдан бері бағы жанбай келеді. Сонымен, биылғы үміткердің аты аталатын сәт те таяды. Келесі аптада, яғни 10 қазан күні Нобель лауреаты аталған қаламгердің есімі жалпақ жұртқа жария болады. «Өлеңге әркімнің бар таласы» демекші, 6 жылдан бері осы салаға үңіліп жүргендіктен, биыл да ойымызды айтып көрелік.
Қоғам • 05 Қазан, 2024
Білім мен ғылым саласы жүйелілікті, нақтылықты жақсы көреді. Әу баста «Әліппеміз» аз уақытта, орнымен әлемде қайталанбас ана тіліміздің құбылысын ашудың кілтін ұстатса, университеттік әрбір классикалық пән үлкен дүниенің негізін, анықтамасын, мән-мағынасын, қағидатын, тұжырымын, өрістеу жолын көрсетіп берді.
Бизнес • 05 Қазан, 2024
Бизнестің бөлшектенуі кімге тиімді?
Жақында «Ашық НҚА» порталында 2025 жылдан бастап заңдастырады деп отырған Салық кодексінің жаңа, кезекті жобасы жарияланды. Осыған дейін бұл жобаның ескі нұсқасы тым қатаңдығы мен жетілмегені үшін сынға іліккен. Жаңа жобаны жұрт назарына ұсынып отырған жұмыс тобы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «бизнестің бөлшектеніп кетуіне жол бермеу қажет» деген тапсырмасын басшылыққа алғандай. Бұл міндетті шешкісі келген әзірлеушілер ресейлік үлгіні негізге алып, арнайы салық режімдерін енгізуге шешім қабылдаған көрінеді.
Ұстаз • 05 Қазан, 2024
Біртуар ақын Мағжан Жұмабайұлы «Алты Алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі» деп өсиет етті. Бағамдасақ, мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени қуатты, бай болмағы – сол елдің адам капиталына тікелей тәуелді. Ал адам капиталының мықты болуы – тәрбие мен білімнен. Көп мәселенің мәнісі алдынан ғалым да, шахтер де өтетін мұғалімнің мәртебесі мен кәсібилігіне келіп тіреледі. Сол себепті мектеп жүрегі саналатын мамандардың кадрлық әлеуеті мен мемлекеттің қолдау мүмкіндігіне шолу жасаған едік.
Өндіріс • 05 Қазан, 2024
Геосинтетикалық материал шығаратын зауыт
Мемлекеттік саясаттың басты ұстанымының бірі – отандық экономиканы әртараптандыру. Мұның астарында екі мақсат бар. Біріншіден, инвестиция тартып, бәсекеге қабілетті түрлі өнім шығару қажет. Екіншіден, сапалы өнімдер импортты тауарларды алмастыруға жол ашады.
Саясат • 05 Қазан, 2024
Кеше елордамызда Қазақстан судьяларының ІХ съезі өтті. Бұған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, еліміздің барлық аймағынан келген судьялар, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ шетелдік сарапшылар қатысты.
Өнім • 05 Қазан, 2024
Жуырда Сауда және интеграция министрлігі елдегі азық-түлік өнімдерін өндіретін компаниялар арасында бірқатар сауал туындатқан мәліметтерді жария етті. Аталған министрлік еліміздің шекаралас аймақтарындағы сауда орындары сөресінің 70-90%-ы отандық азық-түліктерден майысып тұр деп мәлімдеді. Ақиқатында солай ма? Мекеме жариялаған көрсеткіштер нақты жағдаймен сәйкесе ме?
Алматы • 05 Қазан, 2024
Қоғамды сыйлау қоқысты жинаудан көрінеді
Бүгінде тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратып, екінші шикізат ретінде пайдалануды жолға қойған елдер сапалы қоқыс үшін таласатынын бұған дейін де жазған едік. Шын мәнінде, өз қоқысы өзіне жетпей, өзге мемлекеттерден таситын мемлекеттер бар. Ал біздің Алматы қаласында Полиция департаменті қоқысты кез келген жерге тастаған тұрғындарға айыппұл салу жөнінде шешім қабылдап жатыр.
Ауыл • 05 Қазан, 2024
Ел ішіндегі мәдениет саласындағы мәнді шаруа «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы атқарылып, рухани әлем нұрлана түсті. Биыл аудандық мәдениет нысандарының инфрақұрылымын дамытуға 7,1 миллиард теңге бөлініп отыр.
Аймақтар • 05 Қазан, 2024
Нашақорлықты насихаттайтын граффити өшірілді
Батыс Қазақстан облысында полиция департаментінің бастамасымен «Орал – есірткісіз қала» атты бағдарлама басталғанын бұдан бұрын хабарлаған едік. Жақында тәртіп сақшылары еріктілермен бірге есірткі жарнамаларын жою акциясын өткізді.
Өнер • 05 Қазан, 2024
Күздің мизам шуағында арқасын күнге қыздырып, ауласында картина салып отырған Еркебұлан Жәкішев – суретшілердің ішіндегі серісі. Тарбағатай балалар өнер мектебінде ұстаздық ететін ол алғашқы қар жауса болды, тұлпарын ерттеп, тазысын ертіп, сән салтанатпен Арғанаты мен Толағайдың маңайына саят құрады.
Еңбек • 05 Қазан, 2024
Жыл басынан бері 89,1 мың азамат Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстан өткені туралы сертификат алған. Курс оқығандардың ішінде 44,5 мыңға жуық адам жұмыссыз.
Мәдениет • 05 Қазан, 2024
«Abish alemi» үздіктерді анықтады
Маңғыстауда заңғар жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығына арналған іс-шаралар жалғасын тауып жатыр. Ауқымды ғылыми-практикалық конференция аясында шымылдығы ашылған «Abish alemi» ІІІ халықаралық театр фестивалі өз мәресіне жетті.
Қоғам • 05 Қазан, 2024
Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық жасауға мемлекет ерекше көңіл бөлетіні белгілі. Елімізде «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заң 2005 жылғы 13 сәуірде қабылданды. Ал 2023 жылғы 20 сәуірде қабылданған Әлеуметтік кодекс жарымжан жандарды қолдау мен қорғау шараларын жетілдіре түсті. Кодекске сәйкес жалпы адамдарды, соның ішінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат қағидаты белгіленді.
Қоғам • 05 Қазан, 2024
Жошы ұлысынан қазақ мемлекеттігіне дейін
Бүгінде Шығыс дереккөздері мен Еуропа мұрағаттарын зерттеген шығыстанушы ғалымдар Алтын орда, Қазақ мемлекеттігінің қалыптасуына қатысты тың мағлұматтар тауып, талай томға арқау болар материал қорын жинастырды. Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты ұйымдастырған «Шығыс дереккөздеріндегі қазақ мемлекеттілігінің феномені» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция Жошы ұлысының 800 жылдығына арналды. Ғалымдар Жошы ұлысы мен жалпы қазақ тарихының түрлі кезеңдері туралы ой бөлісті.
Ең қысқа әңгіме • 05 Қазан, 2024
Қайдасың, қазақы «шагом марш!»
Пойызға отырдық. Бағытымыз – «Астана – Шымкент». Купе. Мен кіргенде іште қазақтың жасы жетпіске жақындаған қарапайым қариясы мен жас жігіт отыр. Сыпайы амандастық. Олар мен келгенге дейінгі өзара әңгімелерін жалғастырды.
Спорт • 05 Қазан, 2024
Биыл 6-9 қараша аралығында шайбалы хоккейден Азия чемпионаты Алматыдағы «Халық Аренада» өтеді. Аталған жарыста жерлестеріміз Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай құрамаларына қарсы ойнайды. Ал әйелдер арасындағы құрлық біріншілігін Қытайдың астанасы Бейжің қаласы қабылдайды. Аталған дода 31 қазан мен 3 қараша аралығында ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр. Қазақстанның хоккейшілері бұл бәсекелердің барлығын келесі жылдың ақпан айында Харбинде алауы тұтанатын қысқы Азия ойындарына даярлық ретінде қарастырып отыр.
Қоғам • 05 Қазан, 2024
Адамзаттық һәм ұлттық мұрат жолына ғұмырын арнаған кескекті ердің сойы қазақта аз емес. Солардың бірі – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасынов. Ерен тұлғаның тағдыр жолында өміршең өнеге ізі сайрап жатыр.
Медицина • 05 Қазан, 2024
Халық емі дәстүрлі медицинаға бет бұрмақ
Шымкентте Қазақстанның гирудотерапевтер қауымдастығы, Гирудомед клиникалар желісі мен Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының ұйымдастыруымен «Жалпы тәжірибелік дәрігерлердің емдеу ісіндегі халықтық медицина» атты тақырыбында гирудотерапевтердің ІХ халықаралық конференциясы өтті.
Аймақтар • 05 Қазан, 2024
Төрт түлікті өрісте өргізген шаруалар қыс пен көктем мезгілінің қабағын бағып, уақыты келген кезде мал азығын молынан жинап алуға ден қояды. Қиындыққа толы талай жылды бастан өткерген шаруалар биылғы ауа райының қарайласқанына шүкіршілік айтып отыр.
Футбол • 05 Қазан, 2024
Биылғы маусымдағы Еурокубокта еліміздің жалғыз командасы «Астана» ғана қалғаны белгілі. Елордалық клуб бейсенбінің кешінде УЕФА Конференциясы лигасының топтық турниріндегі тұсаукесер кездесуін Алматыдағы Орталық стадионда өткізді.
Кәсіпкер • 05 Қазан, 2024
«Даму» қоры биыл өңірде 790 жобаға субсидия беру туралы келісім жасады. Жалпы несие құны 31 млрд теңгені еңсерді. Облыста 2010 жылдан былтырға дейін мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлер 11,3 мың жаңа жұмыс орнын ашқан.
Таным • 05 Қазан, 2024
Сіз білесіз бе? Риясыз ұстаз Рафиқа
«Ол шын мәнінде ұстаздардың ұстазы болды» дейді Рафиқа Бекенқызын танитындардың бәрі. Бұлай деп айтуға себеп те жоқ емес.
Сұхбат • 05 Қазан, 2024
«Полифосфат – экологиялық таза тыңайтқыш»
Ғалым Хасый Жамантіков экологиялық тазалықты сақтау мәселесін бұрыннан айтып жүр. Ауыл шаруашылығы ғылымдары докторының бірегей ұсынысы – күріш егісіндегі топырақ экологиясын сауықтырып, «жасыл экономика» жүйесі арқылы органикалық егіншілікке көшу жайы. Жақында білікті маманмен сұхбаттасып, көкейдегі көп ойды нақтылаудың орайы келді.
Аңдатпа • 05 Қазан, 2024
8 қазан - «Войцек» «Biken» II халықаралық театр фестивалiнің аясында Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының Қазақ музыкалық-драма театры Г.Бюхнердің «Войцек» трагедиясын ұсынады. Режиссері – М.Хабибуллин.
Ауыл • 05 Қазан, 2024
Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округіне қарасты Битілеу ауылына Орал қаласынан көпбалалы екі отбасы көшіп келді. Бұл өңірде қолға алынған «Қаладан ауылға» бағдарламасы аясында жүзеге асты.
Отбасы • 05 Қазан, 2024
Атырау облысында 29 жастағы келіншек өмірге үш ұл (үшем) әкелді. Облыстық перинаталдық орталықта дүниеге келген үшемнің салмағы үш түрлі – 2 кило 249, 2 кило 533, үшіншісі – 2 кило 608 грамм.
Еңбек • 05 Қазан, 2024
Мемлекет басшысының пәрменімен жүзеге асып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасы қазір әр өңірде өз нәтижесін беріп жатыр. Аталған жоба аясында облыста мыңға жуық тұрғынға шағын несие берілген. Соның бірі әрі бірегейі Қарасай ауданы Еңбекші ауылының тұрғыны Аманкелді Көжебаев дер едік.