Қоғам • 08 Қаңтар, 2026

Қазақстанда доллар арзандады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 қаңтарда Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 508,91 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 3,19 теңгеге төмен. Айта кетейік, Ұлттық банктің 8 қаңтарға белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 512,83 теңге, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда доллар арзандады

Фото: depositphotos.com

Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Астана, Алматы қалаларындағы айырбастау орындарындағы доллардың орташа бағамы төмендегідей:

Алматы

- сатып алу – 512,39 теңге;

- сату – 515,60 теңге.

Астана 

- сатып алу – орта есеппен 509,00 теңге;

- сату – 516,00 теңге.

Еске салайық, 2025 жылғы 28 қарашада Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдап, оны 18 % деңгейінде сақтаған болатын. Осы шешімнен кейін сауда-саттық барысында доллар бағамы айтарлықтай төмендеді.

Өз кезегінде Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңгенің не себепті нығайып жатқанын түсіндірді. Оның айтуынша, бұл ішкі нарықтағы белсенділік пен базалық мөлшерлеме 18 пайызға көтерілгеннен кейін ірі портфельдік инвестициялардың келуімен байланысты.

Доллардың құнсыздануы нарықтағы бағаға қалай әсер етті?

Бұған дейін теңге бағамына қатысты Ұлттық банктің мәлімдемеcіне сәйкес, 2025 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1,3 пайызға нығайып, 1 доллар үшін 505,73 теңгені құрады.

Теңге күн санап күшейіп келеді: Себебі неде?

Жалпы 2025 жылдың қорытындысы бойынша теңге 3,7 пайызға нығайып, доллар бағамы 525,10 теңгеден 505,73 теңгеге дейін төмендеген.

Соңғы жаңалықтар