Соңғы жаңалықтар
Мирас • 04 Қазан, 2024
Қазақтың бүркітші қыздары: Шетелдіктер үшеуін киноға түсірген
Құсбегілік қазақтың қанына сіңген ерекше қасиет екенін әлем 13 жастағы бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайып арқылы таныды. Көшпелілер өмірі режиссер Отто Беллдің «The Eagle Huntress» атты фильмі негізінде өркениет сахнасында қайта бір жаңғырды. Фильм 2015 жылы «Оскар» сыйлығына ұсынылса, ал 2018 жылы Айшолпан Нью-Йорк қаласында Азияның ең таңдаулы тұлғаларына табысталатын «Asia Game Changer» сыйлығын иеленді. Осылайша, көшпелілер өмірінің құндылығын Моңғолияда тұратын қазақтар қайта жандандырып, «бүркітші қыз» деген тіркесті жиі қолданатын күнге жеттік. Айшолпанға деген құрмет те артты.
Әлем • 04 Қазан, 2024
Конвенция аз этностарға қамқор бола ала ма?
Әр мемлекеттегі азшылық этностар сол елдің заңына бағынатыны сөзсіз. Десе де, Еуропа кеңесінің Ұлттық азшылықтарды қорғау туралы негіздемелік конвенциясы қабылданып, құрамына әлемдегі жетекші елдер енді. Бұл конвенцияға қосылып, кейін шығып кеткен мемлекеттер де бар. Ал бұдан соң ондағы этностық халықтың жағдайы қалай болмақ? Жалпы, аталған құжат азшылық этносты қалай қорғайды?
Білім • 04 Қазан, 2024
Мен Атырауда тусам да, Алматыда анам – ақын Фариза Оңғарсынованың қолында өстім. Ең алғаш анам мені сол кездегі Алматыдағы жалғыз қазақ мектебі – №12 қазақ орта мектебіне ертіп барғаны әлі күнге дейін көз алдымда. Мектеп табалдырығын аттаған сәтте ойын баласы ретінде ненің не екенін түсінбесем де, кейін ер жете осынау өзімнің тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан алтын ұя мектебімнің қандай болғанын, ұрпақ үшін ғана емес, қазіргі тәуелсіз еліміз үшін қаншалықты орны биік, тарихы терең екенін ұғынған сайын, өзімді басқалардан бақыттырақ сезінемін... Оның өзіндік себебі де жоқ емес.
Әлем • 04 Қазан, 2024
Демографияны жақсартатын бастамалар
Оңтүстік Кореяда отбасын енді құрған ерлі-зайыптылар үшін төрт күндік жұмыс аптасы енгізіледі. Бастама елдегі демографиялық ахуалды жақсартуға бағытталған. Әзірге бұл жоба тәжірибе ретінде қолға алынған.
Пікір • 04 Қазан, 2024
Қай дәуірде болсын ұстаздың қоғамдағы рөлі, мәртебесі жоғары. Адам жанының нәзік иірімдерін түсініп, шәкірт болмысын дөп басып танып, болашақтың бақшасына жеміс егетін де, мәуелі бақтың бағбаны да – осы ұстаздың ұлағаты, шыдамдылығы мен шеберлігі, парасаты мен даналығы. Жас буынның болмысына, жүрегіне тәрбие, білім, жалпыадамзаттық аксиологиялық ізгілік игіліктерін дарыту барысында ұстаздың ішкі жан дүниесіне тән және сыртқы келбетінен көрінетін асыл қасиеттері тоғысқанда ғана жеке тұлғаға ықпал ететіні туралы пайымды тұжырымдар әрбір заманда өзектілігін, құндылығын жоғалтпайтынын білеміз.
Басылым • 04 Қазан, 2024
Елдің ядролық энергетика бағытын айқындайтын референдум
Қазір әлемнің 30 елінде 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істейді. Бұл тізімге жақын арада Қазақстан қосылуы мүмкін. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Жолдауында 6 қазанда референдум өтетінін мәлімдеп, онда атом электр стансасының құрылысын жалғастыру-жалғастырмау мәселесі шешілетінін айтқан еді. Негізі елде осы мәселе біраз уақыттан бері талқыланып келеді. Қ.Тоқаев осы идеяны алғаш рет 2019 жылы елдің энергетикалық қажеттіліктеріне орай, қазба отынына тәуелділікті және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған стратегиясын таныстырған кезде жариялады. Қазақстанда уранның орасан зор қоры өндіріледі, АЭС салудың бір себебі де – осы.
Таным • 04 Қазан, 2024
Ғасыр бұрынғы дала өмірі (АҚШ ғалымының көзімен)
«Мың өліп, мың тірілген» қазақтың тағдыры-талайы туралы әркім өз шамасынша толғады, жазды, айтты. Ал алпауыт елдерде туып-өсіп, өзін ғылымға арнаған тұлғалардың қазақ хақында қалам тербеуі, ізденіс жасап, оны ғылыми айналымға енгізуі, әрине, құптарлық, қуанарлық жайт. Біздің қолымызға түскен Гарвард университетінің мұрағатында сақталған қазақ туралы топтама суреттер сайын даланың төсінде жүрген халқымыздың кей сәттерін еміс-еміс еске салады. Осыдан 97 жыл бұрын, яғни 1927 жылы түсірілген бұл суреттер өткен ғасырдағы қазақтың қаз-қалпындағы бейнесін көрсетіп тұр.
Өнер • 04 Қазан, 2024
Керекуде Халық суретшісі Нағымбек Нұрмұхаммедовтің 100 жылдығына арналған халықаралық пленэр өтті. Кәсіби суретшілер мен өнертанушыларды, шығармашыл жастарды біріктірген мәдени іс-шара классикалық және заманауи өнер үдерістерін қолдаудың бірегей платформасы ретінде танылды.
Тұлға • 04 Қазан, 2024
Биыл отандық тарих ғылымына сүбелі үлес қосқан, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі марқұм Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбектің туғанына – 95 жыл. Р.Сүлейменов, М.Қозыбаев, Х.Арғынбаев, К.Нүрпейіс, З.Қинаятұлы, Б.Төлепбаев, сондай-ақ У.Шәлекенов, А.Оразбаев, Ә.Тәкенов, М.Ақынжанов, С.Жақыпбеков, Д.Дулатова, М.Даришев сынды өнегелі тұлғалар қатарында тарихшы-ғалымдардың тұтас буынының қамқоры болған, шәкірттерінің құрметіне, халықтың ілтипатына бөленген ұстазымыздың мұрасы ұлтпен бірге жасай береді.
Айбын • 04 Қазан, 2024
Қырағылық өнегесі: оңтүстіктегі шекара қызметі
15 128 шақырымға созылып жатқан еліміздің мемлекеттік шекарасы өзен, көл, теңіз, шөлейт, орман сияқты түрлі географиялық аумақтан өтеді. Шекарамыздың 13 398 шақырымы құрлыққа тән болса, су шекарасы 1 730 шақырымға жетеді. Ал Ресеймен арадағы шекара әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасы саналады, бұл шамамен 7 548 шақырымды құрайды.
Қоғам • 04 Қазан, 2024
Асқаралы тауды, құзар шыңдарды аңсау адамзат баласының биікке деген ғашықтығынан туындаған. Адам аяғы баспаған құзар шыңға табан тіреу – алынбас қамалды бағындырғанмен бірдей. Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Дмитрий Казанцев те жастайынан тауға құмар болып өскен. Ол бір кездері еліміздің ең биік нүктесі Хан Тәңірі шыңына өрмелеп шығып, өзінің бала кезгі арманына жеткен.
Таным • 04 Қазан, 2024
Құстар, құстар… Тізбектеліп ұшқан құстар
Әнеугүні әріптестерімізбен әңгімелесіп тұрғанда, төбемізден әуелеп құстар ұшты. Жай ұшпады, үшбұрыш жасап немесе V тәсілімен ұшты. Соған таңырқай қараған әрқайсымыздың ішімізде «Неге?» деген сұрақ қалып кетті.
Әскер • 04 Қазан, 2024
Әскерилер жауынгерлік машығын шыңдады
Қазақстан жауынгерлері Үндістандағы дәстүрлі оқу-жаттығуын бастады. Тау дайындығы және терроризмге қарсы бірлескен жұмысқа «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері мен Десанттық-шабуылдау әскерлері барды.
Аңдатпа • 04 Қазан, 2024
7 қазан - «Дауыл» «Biken» II халықаралық театр фестивалi аясында Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында В.Гуния атындағы Поти мемлекеттік драма театры У.Шекспирдің «Дауылы» қойылады.
Сұхбат • 04 Қазан, 2024
Өркениет игілігінен бас тартуға болмайды
АЭС-ке қатысты әртүрлі пікір айтылуы заңды. Дегенмен эмоцияға, тұспалға емес, ғылыми тұжырымға сүйенген абзал. Жуырда академик Мұхтарбай Өтелбай ақсақал редакцияға өзі хабарласып, АЭС туралы елдік пікір айтып, біздің бірқатар сұрағымызға жауап берді.
Оқиға • 04 Қазан, 2024
Құзар жартасқа өрмелей ұмтылған қолдың саласындай ақ қайыңдар жалқын сары бояу жағып алыпты. Бажайлап қарасаңыз, мың түрлі бояу кенепке салған мінсіз суреттей жайнап тұр. Бурабайдың баурайы күзгі шапанын айқара жамылыпты. Демалыс күні болғандықтан ба екен, Абылайхан алаңында демалып жүрген жұрт жыртылып-айырылады. Хан тағының қарсы алаңында шоғырланған адамдар. Әлденені қызықтап тұр. Біз де жеттік. Қолына зілдей алдаспан, аумағы әжептәуір қалқан ұстаған жас жігіт пониға мінбек. Таңғы тымық ауаны қақ айырып елеурей үн қатады.
Аймақтар • 04 Қазан, 2024
Қостанай қаласының батыс шетінен бой көтерген «Әуежай» шағын ауданында қазір шамамен 12 мың адам тұрады. Бұған дейін дәрігерге көрінуге қаланың алыс түкпірінен орталыққа баруға мәжбүр болып келген тұрғындар енді жақын жерден медициналық қызмет алу мүмкіндігіне ие болып отыр.
Қоғам • 04 Қазан, 2024
«Бұрымды қыз» челленджі – қазақ мәдениетіндегі қыздардың ұзын шашын дәріптейтін, сұлулық пен дәстүрді насихаттайтын ерекше бастама.
Аймақтар • 04 Қазан, 2024
Облыстық ардагерлер кеңесі Қарттар күніне орай ардагерлерге арнап әдеттегіден тыс ерекше сый-сияпат жасады. Еліміздегі, соның ішінде облыстағы ардагерлер қозғалысының дамуына айрықша үлес қосқан, бастауыш ұйымдарда немесе жергілікті кеңестерде кемі 5 жыл еңбек еткен ардагерлердің бір тобына «Ұлытау облысының құрметті ардагері» төсбелгісі табысталды.
Қоғам • 04 Қазан, 2024
«Қарты бар үйдің қазынасы бар» дегендей, кеудесінен көріктей қайнатып ғибрат төккен қарттарымыз қашанда тәрбие өзегі. Қариялар еліміздің тарихына, өсіп-өркендеуіне, болашағына мол үлес қосқаны анық.
Табиғат • 04 Қазан, 2024
Қауырсындары - сұп-сұр: Ақтауға қоқиқаздар ұшып келді
Қаракөл көліне ұшқан алғашқы қоқиқаздарды жергілікті тұрғын Азамат Сәрсенбаев видеоға түсірген. Блогер неліктен кадрларда қоқиқаз қауырсындары қызғылт емес, сұр екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Қазан, 2024
Түркістан облысында жаңадан салынған асфальт жарамсыз болып қалған
Түркістан облысында жаңадан салынған асфальт опырылып қалды. Сарыағаш аумағында кеше ғана төселген жолдың бүгінгі күйі осындай деп күйінген көлік жүргізушілері әлеуметтік желіге жол сапасының жағдайы көрсетілген видеоларды жариялап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қазан, 2024
Қазақстанда 400-ден астам адам құжатсыз жүр
Құжатсыз жүргендердің 200-і Қазақстанның азаматтары, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қазан, 2024
80-дегі қарт тізгіндеген көлік аударылып қалған
Жол апаты бүгін болған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қазан, 2024
Өрт: Қостанайда 25 адам эвакуацияланды
Құтқарушылар өрт кезінде 25 адамды эвакуациялаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 03 Қазан, 2024
Сенат Спикері Түркі әлемінің ұлы тұлғасына арналған халықаралық конференцияға қатысты
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған Парламенттің бір топ депутаты түркі әлемінің ұлы тұлғасы Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференцияға қатысты, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 03 Қазан, 2024
Жетісудың Қызылтас аумағында экоакция өтті
Бүгін Жетісу облысында бірқатар атаулы іс-шара ұйымдастырылды. Қызылтастың бірегей петроглифтері мемлекет қорғауына алынды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың қоғамдық даму басқармасының ақпаратына сілтеме жасап.
Президент • 03 Қазан, 2024
Президент жол қауіпсіздігін цифрландыруға бағытталған заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Қазан, 2024
Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің атқарып жатқан қызметі туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 03 Қазан, 2024
Түркі елдері ынтымақтастығына - 15 жыл
Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия Түркі елдерінің ынтымақтастығы күнін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.