Соңғы жаңалықтар
Олимпиада • 07 Ақпан, 2026
Қазақ спортшылары Олимпиаданың алғашқы күнінде қалай өнер көрсетті?
Бүгін, 7 ақпан күні Италияның Милан қаласында XXV Қысқы Олимпиада ойындары басталды. Алғашқы жарыс күнінде алты отандасымыз екі спорт түрінен өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Ақпан, 2026
Астана қаласында пәтер ұрлығымен айналысқандар ұсталды
Жедел-іздестіру шаралары барысында 6 ақпан күні Астана қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 30 жастағы ер адам мен оның сыбайласы болуы мүмкін 46 жастағы тағы бір күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Ақпан, 2026
Ақ Олимпиада: Қазақстандық конькимен жүгірушілер үздік 10 спортшы қатарында
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден әйелдер арасында 3000 метр қашықтықта жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Ақпан, 2026
UAE SWAT Challenge: Қазақстан арнайы жасақтары турнирдің алғашқы күнінде топ жарды
Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімше командалары UAE SWAT Challenge (Дубай, БАӘ) халықаралық турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олимпиада • 07 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиаданың алғашқы алтын жүлдесі кімге бұйырды?
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғы жарыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жеңіл атлетика • 07 Ақпан, 2026
Азия чемпионаты: Қазақстан жеңіл атлетикадан екінші алтын жүлдені жеңіп алды
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатында екінші алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 07 Ақпан, 2026
Ертең еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 8 ақпанда Қазақстанның барлық 17 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 07 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция жобасы сарапшылардың қолдауына ие болды
2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық қоғамның жаңа мән-мағынасы мен құндылықтарын қалыптастыру» тақырыбында сарапшылық талқылау өтті. Бұл туралы Философия, саясаттану және дінтану институтының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 07 Ақпан, 2026
Ерқанат Көпжасарұлы: Жаңа Конституцияда еркіндік пен жауапкершілік бір арнаға тоғысады
Qazaqstan ұлттық арнасының тележүргізушісі, Конституциялық комиссия мүшесі Ерқанат Көпжасарұлы жаңа Конституция жобасындағы сөз еркіндігі туралы баптардың маңызы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 07 Ақпан, 2026
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа Ата Заң жобасын талқылау ашық және сындарлы түрде өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 07 Ақпан, 2026
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да бола алатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 07 Ақпан, 2026
Қаржы министрлігі ескертеді: Министр Такиевтің атын жамылған алаяқтар пайда болды
Қаржы министрлігі қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының назарына әлеуметтік желілерде таралып жатқан Қазақстанның Қаржы министрі Мәди Такиевтің «инвестициялық қызметті жүзеге берген лицензиясы» деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 07 Ақпан, 2026
Жапонияда жауған қалың қар салдарынан 40-тан астам адам қаза тапты
20 қаңтарда Жапонияда қалың қар жауды. Осы уақыт ішінде елде 45 адам қаза тауып, 500-ден астам адам жарақат алды. Ең көп құрбандар Ниигата, Акита, Хоккайдо, Ямагата және Аомори префектураларында тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Спорт • 07 Ақпан, 2026
«Көмбенің» көмескі ізі: Ұмытылып бара жатқан ұлттық ойын
Ата-бабамыздан мирас болып қалған қазақтың ұлттық ойындары – тұтас бір тәрбие мектебі. Әр ойынның өз ережесі, өз мәні, өз міндеті бар. Бірі баланы ойлануға, тапқырлыққа баулыса, бірі батылдық пен күш-қайратқа шыңдайды, енді бірі ептілікке, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа үйретеді. Сондықтан ұлттық ойындар ғасырлар бойы бала мен жастың мінезін қалыптастырып, денесін шынықтырып, ақыл-ойын жетілдірген рухани-мәдени құрал қызметін атқарды.
Ата заң • 07 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция мәтінін Брайль қарпімен жазу ұсынылды
Сенат жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы Ләззат Қалтаева жаңа Конституция жобасын қолдап, онда мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары мен мүдделері толық қамтамасыз етілгенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 07 Ақпан, 2026
Конституциялық комиссияда жаңа Ата Заңды бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынылды
Еліміздің Жаңа Конституциясы өкілетті билікті күшейтіп, азаматтардың сенімін арттыруға және жетілдірілген парламенттік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Осы тұрғыдан оны қабылдау мәселесін бүкілхалықтық референдумға шығару қажет. Мұндай пікірді Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина Конституциялық комиссияның отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 07 Ақпан, 2026
Аида Балаева: Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды
Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси реформаларының нәтижесінде Қазақстанда әділетті әрі ашық қоғам қалыптасты деуге толық негіз бар. Бұл туралы Конституция жобасын талқылау барысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2026
Сыр өңірінде шибөрі неге көбейді?
Биыл Сыр өңірінде шибөрі көбейіп тұр. Осыған байланысты облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мамандары тарапынан жыртқыштардың санын реттеу жұмыстары тұрақты жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 07 Ақпан, 2026
Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады
Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік мәнге ие. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты Максим Рожин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 07 Ақпан, 2026
«Волонтерлік» ұғымын Конституцияда бекіту ұсынылды
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ жетекшісі Вера Ким Қазақстанда Конституциялық деңгейде волонтерлікті ынталандыруды бекіту қажет деген бастама көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Ақпан, 2026
Бір апта ішінде 100-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды
ТЖМ қызметкерлері өткен жеті тәулік ішінде қар құрсауында қалып қойған 100-ге жуық адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 07 Ақпан, 2026
Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын жетілдіру барысы мен жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде енгізілген негізгі өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның солтүстік өңірінде жауған қалың қар салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Премьер-министр Санаэ Такаичиге көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 07 Ақпан, 2026
Нұрлыбек Нәлібаев: Экологиялық нормалар өңірлер үшін басты басымдық
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев маңызды бастама көтерді. Аймақ басшысы экология саласындағы жауапкершілікті күшейтіп, қоршаған ортаны қорғау нормаларын Ата Заң деңгейінде бекіту қажеттігіне тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 07 Ақпан, 2026
Бүгін Конституциялық комиссияның кезекті тоғызыншы отырысы өтіп жатыр
Бүгін, 7 ақпанда Қазақстанда Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Несие • 07 Ақпан, 2026
Елдегі несие көлемі 25 трлн теңгеге жуықтады
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда халыққа берілген несие көлемі 19,8%-ға өсіп, 24,8 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Ақпан, 2026
Семейде қоқыстан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды
Құқық қорғау органдары тергеу барысында күдікті тұлғалардың анықталып, ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 07 Ақпан, 2026
Виктор Теміров бүгін Германияда шаршы алаңға шығады
«Қасапшы» деген бүркеншік есіммен танылған Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Виктор Теміров бүгін Германияның Бад-Херфельдінде өзінің кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2026
Алматыда инклюзивті спорт орталығы бой көтереді
Алматыда инклюзивті спортты дамытуды көздейтін жаңа спорт орталығының құрылысы басталды. Жоба параспортшыларды қолдауға және спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыруға арналған. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2026
Ұлытауда «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп халықты тақырға отырғызғандар ұсталды
Ұлытау облысында жұмыс іздеген азаматтардың сеніміне кіріп, қалтасын қаққан алаяқтардың әрекеті әшкере болды. Өңірдің өндірістік алыбы – «Қазақмыс» корпорациясына жұмысқа орналастырамын деген жалған уәдеге сенген тұрғындар миллиондаған теңгесінен айырылып, бармақ тістеп қалды, деп жазады Egemen.kz.