Соңғы жаңалықтар
Спорт • 16 Ақпан, 2026
Жапонияны мойындатқан Ерсін Балтағұл балуандарға әдіс-тәсілдерін көрсетті
Жапонияда ел намысын қорғап жүрген кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұл спортшылармен және жас балуандармен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 16 Ақпан, 2026
Жаңа Салық кодексі халыққа не береді?
Елімізде салық жүйесін жаңғырту басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында салық-бюджет саясатына баса назар аударды. Айтуынша, ол теңгерімді сипат алып, экономиканы орнықты дамытуға, халықтың әл-ауқатын арттыруы қажет, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шахмат • 16 Ақпан, 2026
Бибісара Асаубаева шахматтан әлем чемпионын жеңді
Шахматшы Бибісара Асаубаева фристайл-шахматтан өткен көрнекі ойында классикалық шахматтың әлем чемпионы Александра Костенюкті ұтты. Төрт партиядан тұрған кездесу Бибісараның пайдасына 2,5:1,5 есебімен аяқталды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Ақпан, 2026
Жекпе-жек федерациясының негізін қалаушы Сабыржан Махметов өмірден озды
Жекпе-жек әлеміндегі аса беделді мамандардың бірі, КСРО құрамасын басқарған жалғыз қазақ Сабыржан Ғалымжанұлы Махметов өмірден өтті. Қаралы хабарды Жекпе-жек федерациясы растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Ақпан, 2026
Жетісуда азық-түлік дүкенінде жарылыс болып, үш адам жараланды
Жетісу облысына қарасты Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылындағы азық-түлік дүкендерінің бірінде газ-ауа қоспасы жарылды. Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға кеше кешкілік уақытта болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Байланыс операторларына қайтарымсыз үлестік грант беріледі
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру» жобасы басталғанын хабарлады. Ведомство жобаны жүзеге асыру мақсатында байланыс операторлар үшін үлестік гранттар алуға ашық конкурс жарияланғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Майқайың кентіндегі үйлердің бірінен екі адамның мәйіті табылды
Қайтыс болған адамдар әкесі мен қызы екені анықталды. Олардың мәйіті үйде ұзақ жатып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 16 Ақпан, 2026
Алматыда ұлттық ою-өрнек дәстүріне арналған көрме ашылды
Алматыдағы Ұлттық орталық музейде «Өрнекпен өрілген өнер атты» айрықша көрме ашылды. Айшықты жоба халқымыздың сәндік-қолданбалы өнеріндегі ою-өрнек дәстүрінің терең мағынасы мен көркемдік құндылығын жан-жақты танытуды мақсат еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 16 Ақпан, 2026
Биыл 90 жаңа мектеп салынады: Қай өңірлерде үш ауысымды мектептер мәселесі шешіледі?
Биыл елімізде шамамен 47 мың оқушыға арналған 90 жаңа мектептің құрылысы жоспарланған. Жоспар Оқу-ағарту министрлігінің апатты және үш ауысымда оқытатын мектептердің мәселесін кезең-кезеңімен шешу бағытында атқарып жатқан жүйелі жұмыстары аясында жүзеге асады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 16 Ақпан, 2026
Қай тасжолдарда қозғалыс шектелді?
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы республикалық маңызы бар автожолдардағы ахуал туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Тараздағы тасқын қаупі: ТЖМ мен әкімдік шұғыл іске кірісті
Тараз қаласында қалың қар жауғаннан кейін су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында инженерлік тазарту жұмыстары ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Ақпан, 2026
Қорғаныс министрлігі: Әскери басқару органдарына жоспарлы тексеру жүргізіледі
Қарулы Күштердің әскери басқару органдарына және әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізіледі. Осыған орай осы айдың 16-18 күндері аралығында Алматы, Қонаев, Талдықорған қалаларында әскери техниканың қозғалысы жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 16 Ақпан, 2026
Қазақстанның бірқатар облыстарында дауылды ескерту жарияланды
Ел аумағында ауа райы күрт құбылып, синоптиктер республиканың барлық өңірінде қауіп деңгейі жоғары екенін ескертеді. «Қазгидромет» мамандарының болжамынша, 16 ақпан күні еліміздің түкпір-түкпірінде қар аралас жаңбыр жауып, боран соғып, көктайғақ пен тұман күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 16 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Бүгін отандастарымыз қай спорт түрлері бойынша сынға түседі?
Италияда өтіп жатқан ХХV қысқы Олимпиада ойындары жалғасып жатыр. Бүгін ел атлеттері 3 спорт түрі бойынша жарыс жолына шығады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 16 Ақпан, 2026
Алматы мен Астананың айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу мен сату бағамдары жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 15 Ақпан, 2026
Михаил Шайдоров қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс айтты
2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері Михаил Шайдоров әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне қолдау көрсеткен барша жанкүйерлеріне алғысын білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Ақпан, 2026
Астанада референдумды қолдауға бағытталған жастар концертіне 10 мыңнан астам адам қатысты
Елорда жастары Конституциялық реформаға қолдау көрсетіп, live-концертке қатысты. Іс-шара 10 мыңнан астам адамды біріктіріп, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы жұмысы аясындағы алғашқы ірі қоғамдық алаңдардың біріне айналды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 15 Ақпан, 2026
Михаил Шайдоров Олимпиададағы жеңісі үшін қанша сыйақы алады?
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы жекелей сында алтын медаль жеңіп алды. Бұл жеңісі үшін спортшы қанша сыйақы алатыны айтылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 15 Ақпан, 2026
2026 жылғы Олимпиададағы тау шаңғысы: Александра Скороходова слалом-гигантта бақ сынады
Қазақстандық спортшы Александра Скороходова Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында тау шаңғысынан сынға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 15 Ақпан, 2026
Aitu экожүйесі: Ауқымды кеңею және 1 миллион белсенді пайдаланушы межесіне жақындау
Aitu экожүйесі күнделікті қолдануға арналған отандық цифрлық сервистерді дамытуды жалғастыруда. Көлденең ауқымдау стратегиясын іске асырудың нәтижесінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша Aitu экожүйесінің ай сайынғы белсенді пайдаланушыларының саны 900 мыңнан асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 15 Ақпан, 2026
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
«Қазгидромет» синоптиктері 16 ақпанда қолайсыз ауа райына байланысты елдің бірнеше өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олимпиада • 15 Ақпан, 2026
Олимпиада-2026: Биатлоншы Владислав Киреев із кесу жарысында сынға түсті
Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасында із кесу жарысы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Ақпан, 2026
Михаил Шайдоров: Олимпиададағы жеңісіме Денис Теннің ықпалы зор
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алып, ел тарихында осы спорт түрінен тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 15 Ақпан, 2026
Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды
Колумбияның Медельин қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Ақпан, 2026
Ұлттық кітапханада Жолтай Әлмашұлының жаңа кітаптары таныстырылды
Ұлттық академиялық кіткпханада жазушы, драматург Жолтай Әлмашұлының «Олигарх қазақ», «Көктүрік сарыны» және «Клятва любви» атты жаңа кітаптарының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Олимпиада • 15 Ақпан, 2026
Фристайл-могул: Павел Колмаков Олимпиадада 1/8 финалға дейін жетті
Қазақстан ерлер құрамасының фристайл-могулдан көшбасшысы Павел Колмаков Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2026
Созақ ауданы табиғи газ желісіне қосылды
Түркістан облысының Созақтан басқа барлық аудан, қаласы газбен қамтылған, тек аталған ауданда бұл мәселе шешілмеген еді. Енді Созақтың тұрғындары да газдың игілігін көріп, тұрмыс сапасын жақсартады. Ауданда АГТС-ы бар магистральды газ құбыры, Шолаққорған ауылдық округінде табиғи газбен жабдықтау желілері іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2026
Өскеменде ауаның ластануына байланысты оқушылар қашықтан оқиды
Өскемен қаласында ауа сапасының нашарлауына байланысты ертең мектеп оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 15 Ақпан, 2026
Белгілі инженер – Дінмұхамед Қонаевтың туысы Алтай Қадыржанов дүниеден өтті
Энергетик, мемлекет қайраткері, ХХ ғасырдың көрнекті инженері және Дінмұхамед Қонаевтың туысы Алтай Қадыржанов 84 жасына қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Ақпан, 2026
Алматы облысында бес көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды
2026 жыл 14 ақпанда Алматы облысында республикалық маңызы бар «Үшарал – Достық – ҚХР шекарасы (Достық шекара өткелі)» автожолында боран салдарынан жол апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz.