Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 26 Наурыз, 2026
164 млн теңге шығын: Алматыда жүк көліктерін заңсыз тіркеген ХҚКО-ның қызметкерлері сотталды
Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс аяқталып, сот үкімі шықты. Алматы қаласы прокуратурасының мәлімдеуінше, олар жүк көліктерін жалған құжаттар арқылы заңсыз тіркеп, мемлекетке ірі көлемде шығын келтірген, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 26 Наурыз, 2026
Енді қандастар жұмысқа орналасуға міндетті болады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ерікті қоныс аудару қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін жаңа жоба әзірледі. Бұл бастама өңірлердегі еңбек ресурстарының мобильдігін арттыруға және олардың тиімділігін күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2026
Олжас Бектенов Түркістанда салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді
Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан жоба Ұлттық электр желісінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2026
Батыс Қазақстанда Ұлттық спорт лигасы ашылды
Батыс Қазақстан облысында Ұлттық спорт күніне арналған мерекелік шара мен «Бабалар ізімен» ұлттық спорт лигасының ашылуына арналған салтанатты кеш өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрімен не туралы сөйлесті?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Банк • 26 Наурыз, 2026
Қазақстанда жаңа шетелдік банк пайда болады
Қазақстанда «Abu Dhabi Commercial Bank (Kazakhstan)» еншілес банкі ашылады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Abu Dhabi Commercial Bank PJSC-ке елімізде еншілес банк құруға рұқсат берді. Бұл қадам Мемлекет басшысының банк секторында бәсекелестікті арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Наурыз, 2026
Жұмыссыз жүрген жастар қалай жұмысқа орналаса алады?
2026 жылдың басынан бері «Жастар практикасы» жобасы шеңберінде елімізде жастарды жұмыспен қамту белсенді жүргізіліп жатыр. Жоба шеңберінде биыл 25 мың жас азаматты жұмыспен қамту шаралары жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Наурыз, 2026
Алматыда жолдан өтпек болған әйелді көлік қағып кетті
Алматы қаласында тағы бір қайғылы жол апаты болды. Әл-Фараби даңғылында жолдан өтпек болған әйел көліктің астына түсіп, оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 26 Наурыз, 2026
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA Series турнирінің алғашқы кездесуінде Намибияны жеңді. «Астана Арена» стадионында өткен ойын 2:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Наурыз, 2026
Президент: Мемлекет паралимпиада қозғалысын қолдауға айрықша мән береді
Қасым-Жомарт Тоқаев баршаға тең мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстан құрылып жатқаны туралы ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Наурыз, 2026
30 градус ыстық: Алдағы үш күнде елімізде күн күрт жылынады
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы ауқымды антициклонның ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз, тұрақты климат күтіледі. Тек республика аумағының батыс өңірінде кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Айрықша назар аударылатын өңір – Маңғыстау облысы, мұнда 28 наурызда қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Бұл туралы Қазгидромет мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марапат • 26 Наурыз, 2026
Ербол Хамитовқа III дәрежелі «Барыс» ордені табысталды
Мемлекет басшысы ХIV Қысқы Паралимпиада ойындарындағы (Италия) жоғары спорттық жетістіктері үшін Ербол Хамитовты III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитовты марапаттады
Ақордада ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Таза Қазақстан» • 26 Наурыз, 2026
«Таза Қазақстан»: Астанада 483 жүк көлігінің жүргізушісіне айыппұл салынды
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде полицейлер қоршаған ортаны қорғауға бағытталған рейдтік іс-шараларды күшейтіп, ондаған мың құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 26 Наурыз, 2026
Шекарадан заңсыз өтпек болған 18 шетелдік ұсталды
Биыл наурыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мемлекеттік шекара арқылы заңсыз көші-қон, контрабанда және есірткі заттарының таралуына қарсы бірқатар шаралар өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 26 Наурыз, 2026
Әділдік бар жерде жемқорлыққа орын жоқ
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Әлем бойынша әрбір мемлекет өзіндік экономикалық, территориалды, әлеуметтік ерекшелігіне байланысты сыбайлас жемқорлықпен күреседі. Себебі жемқорлықтың зардабы мемлекеттің тұтастығына, бірлігіне үлкен зиянын келтіреді.
Қысқы спорт • 26 Наурыз, 2026
Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатын қайдан көруге болады?
Чехияның Прага қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты басталды. Жаһан біріншілігінде ел намысын Софья Самоделкина мен Диас Жиренбаев қорғайды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Наурыз, 2026
Ақтөбе облысында бір жылда 100-ге жуық жасөспірім қыз жүкті болып қалған
2025 жылы Актөбе облысында 99 жасөспірім қыз жүкті болды (2024 жылы бұл көрсеткіш 107 болған). Олардың көбі 17-18 жастағы колледж студенттері және кейбір мектеп оқушылары, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 26 Наурыз, 2026
Иран Сыртқы істер министрі: Достас елдер үшін теңіз жолы ашық
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи жаһандық және аймақтық жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2026
Елімізде 3 жаңа су электр станциясы салынады
Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты «Қазсушар» мекемесі Қарағанды облысындағы Самарқанд су қоймасы, Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасы мен Абай облысындағы Қаракөл су қоймасында шағын су электр станцияларын (СЭС) салу бойынша жобалау-сметалық құжат әзірлеп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Наурыз, 2026
Степногорскте 1500 гектардан астам жер мемлекет меншігіне өтті
Степногорск қаласының прокуратурасы 1 500 гектардан астам жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды. Прокурорлық тексеру нәтижесінде жалпы кадастрлық құны 52 млн теңге болатын бұл жерлер заңсыз пайдаланылып келгені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 26 Наурыз, 2026
Енді шетелдегі отандастар төлқұжатты 40 күнде ала алады
Қазір құжаттарды ресімдеу 90 күнге дейін созылса, жаңа ереже қабылданса, бұл мерзім 40 жұмыс күніне дейін қысқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Наурыз, 2026
Алматы көшелерінде түнгі автожарыстар жиіледі: Полиция бақылауды күшейтті
Алматыда түнгі заңсыз жарыстар мен қауіпті көлік жүргізу фактілерінің жолы кесілді. Қалада жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларының көбеюіне байланысты полиция күшейтілген рейдтік шаралар өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Наурыз, 2026
Астанада LRT пойыздары сынақтан сәтті өтті
Астанада LRT жылжымалы құрамы сынақтық пайдалану кезінде 80 км/сағ ең жоғары жылдамдықпен қатынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Бангладеш Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мохаммад Шахабуддин Чуппу мен оның барша отандастарын Бангладеш Халық Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 26 Наурыз, 2026
Батыс Қазақстан облысында тағы бір дрон құлады
Әлеуметтік желілерде Батыс Қазақстан облысы аумағында ұшқышсыз ұшу аппараты құлағаны туралы суреттер тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 26 Наурыз, 2026
Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 50 жас футболшысының қатарына енді
Беделді Goal спорт басылымы жыл сайынғы NXGN 2026 рейтингін жариялады. Аталған тізімге әлемдегі ең талантты 50 жас футболшы енген, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Наурыз, 2026
Бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болады
Қазақстанда 26 наурыз күні ауа райы күрт құбылып, кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 26 Наурыз, 2026
Елена Рыбакина Miami Open турнирінің жартылай финалына шықты
Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды. Жартылай финалда ол тағы да Арина Соболенкомен кездесуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 26 Наурыз, 2026
Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?
30 наурыз-10 сәуір аралығында Моңғолия астанасы Ұланбатырда World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен ересектер арасындағы алғашқы Азия чемпионаты өтеді. Қазақстан бокс федерациясы дүбірлі додада ел намысын қорғайтын былғары қолғап шеберлерінің тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.