Соңғы жаңалықтар
Оқиға • 23 Наурыз, 2026
Шахтинскіде көпқабатты үйде газ жарылды: 8 адам зардап шекті
Шахтинск қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде тұрмыстық газ баллоны жарылды. Бұл туралы Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 23 Наурыз, 2026
Еліміздің бірнеше өңірін су басуы мүмкін: Синоптиктер ескерту жасады
«Қазгидромет» бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсетінін болжап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 23 Наурыз, 2026
Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Наурыз, 2026
Қазақстанда құжаттарды үйге жеткізу қызметі кеңінен қолданыла бастады
Құжаттарды үйге жеткізу қызметі дайын құжаттарды ХҚКО-ға қайта бармай-ақ алуға мүмкіндік береді және бүгінде Қазақстанның барлық өңірінде қолжетімді. 2026 жылы бұл қызметке сұраныс артып келеді - алғашқы үш айда 426 жеткізу рәсімделгенін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады.
Digital • 22 Наурыз, 2026
Көкшетауда Digital Наурыз өтті
22 наурыз күні Көкшетау қаласындағы жаңа жағалау аумағында Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы ұлттық мерекенің жаңа мазмұнын айқындайтын ауқымды Digital Наурыз жобасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 22 Наурыз, 2026
Жаңа Конституция азаматтардың дербес деректерін қалай қорғайды?
Қазақстанда 15 наурызда қабылданған жаңа Конституциялық өзгерістер аясында дербес деректерді қорғау нормасының енгізілуі – цифрлық дәуірдің басты талаптарына берілген нақты жауап. Соңғы жылдары ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы, онлайн сервистердің көбеюі және киберқауіптің артуы азаматтардың жеке мәліметтерінің қауіпсіздігін мемлекеттік деңгейде қайта қарауды қажет етті. Осыған байланысты жаңа норма тек құқықтық кепілдікті күшейтіп қана қоймай, әрбір азаматтың жеке өміріне қол сұғылмауын қамтамасыз етуді көздейді. Сарапшылардың пікірінше, бұл қадам – қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді арттыруға бағытталған маңызды институционалдық шешім, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Наурыз, 2026
Блогер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты
Қаржы пирамидасын құрғаны үшін сотталған актер-комик, вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты. Бұл туралы актер өзінің инстаграм парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Наурыз, 2026
Қазақстан мен Иран Президенттері бір-біріне құттықтау хат жолдады
Иран Ислам Республикасының Президенті Ораза айт пен Наурыз мейрамдарына орай Қазақстан Президентінің атына құттықтау жеделхаттарын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мереке • 22 Наурыз, 2026
Наурыз мерекесіне орай ұлттық нақышта безендірілген пойыздар жолға шықты
Наурыз мейрамы күні «Нұрлы жол» вокзалының перронынан ұлттық нақышта безендірілген №85/86 «Астана – Шымкент» пойызы сапарға аттанды. Жолаушыларды перронда ұлттық киім киген жолсеріктер қарсы алып, ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Әрбір жолаушыға ұлттық тағамдар – наурыз көже мен бауырсақ ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Наурыз, 2026
Құтқарушылар көктемгі мұздың қаупі жайлы ескерту жасады
Төтенше жағдайлар министрлігі көктемгі мұздың еруі кезінде азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Маусым басталғалы бері құтқарушылар 34 адамды, оның ішінде 13 баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Наурызнама • 22 Наурыз, 2026
«Тазару күні»: Ертең елімізде аумақтарды тазарту бойынша эко-акция өтеді
2026 жылдың 23 наурызында «Таза Қазақстан» жалпы республикалық акциясы аясында, еліміздің барлық аймақтарында Наурызнама шеңберінде «Тазару күніне» орайластырылған аумақтарды тазарту бойынша эко-акция өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Наурыз, 2026
Қосшыда жол жиегінен нәрестенің мәйіті табылды
Қосшы қаласында жекеменшік үйлер орналасқан ауданның бірінде жол жиегінен ішінде шала туған нәрестенің мәйіті бар пакет табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 22 Наурыз, 2026
Астанада Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасы өтеді
Биыл тамыз айында Астана қаласында жасанды интеллект бойынша алғашқы Халықаралық олимпиада өтеді. Бұл туралы әлеуметтік желіде Спорттық бағдарламалау федерациясының басшысы Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Наурыз, 2026
Шымкентте өткен «DamDastour» халықаралық фестивалі Наурыздың жарқын оқиғасына айналды
Шымкент қаласында Наурыз мерекесі аясында ұйымдастырылған «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өз мәресіне жетіп, мегаполистің мәдени өміріндегі айтулы оқиғалардың біріне айналды. Қала орталығындағы Әл-Фараби алаңы бірнеше күн бойы әлемнің түрлі елдерінің асханасы тоғысқан бірегей халықаралық гастрономиялық кеңістік қызметін атқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Наурыз, 2026
Суданда медициналық мекемеге жасалған шабуылдан 64 адам қаза тапты
Суданда медициналық мекемеге жасалған соққы салдарынан 64 адам қаза тауып, тағы 89 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 22 Наурыз, 2026
Үкімет басшысы ел азаматтарын Наурыз мейрамымен құттықтады
Олжас Бектенов қазақстандықтарды жаңару мен көктемнің, жаңа бастамалардың мерекесі – Наурыз мейрамымен құттықтады. Құттықтауында Үкімет басшысы конституциялық реформаның ел дамуы мен бірлігінің символына айналғанын атап өтіп, көктем мерекесі әр шаңыраққа бейбітшілік, береке және молшылық әкелсін деген тілегін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Наурыз, 2026
Аида Балаева журналист Ботагөз Омарованың ұсталуына қатысты пікір білдірді
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналист Ботагөз Омарованың ұсталуына байланысты жағдайға түсініктеме беріп, бұл мәселе ведомствоның бақылауында екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Ауа райы • 22 Наурыз, 2026
Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды
Синоптиктер 22 наурызда Астана мен еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 22 Наурыз, 2026
Жыл басы: Ұлыстың ұлы күнін қазақстандықтар қалай тойлайды?
Мейрамға орай республикалық мәдениет ұйымдары бірқатар іс-шаралар ұйымдастырмақ. Ұлттық орталық музейде жасанды интеллект қолданылатын «Ақылды Наурыз» атты интерактивті көрме өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 22 Наурыз, 2026
22 наурызда Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы тасжолдардағы жағдай туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 22 Наурыз, 2026
Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орныдарында доллар, еуро және рубльдің орташа өлшенген сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 21 Наурыз, 2026
Астанада Наурыз мейрамына орай ауқымды дрон-шоу өтті
Елордадағы «Қазақ елі» алаңында өткен ауқымды дрон-шоу түнгі аспанды жарқырата түсті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Наурыз, 2026
Актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамауға алынды
Алматыда актер Асқар Жұмабек ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 21 Наурыз, 2026
Қазақстанда Наурыз мерекесінде ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» 2026 жылғы 22 наурызға Қазақстан бойынша дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалалары мен 13 облыста қауіпті ауа райы құбылыстарын болжайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Наурыз, 2026
Президенттің атына Наурыз мерекесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары түсіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2026
Шымкентте Наурыз мерекесі аясында «DAMDASTOUR» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр
Қала орталығындағы Әл-Фараби алаңы мерекелік гастрономиялық кеңістікке айналып, тұрғындар мен қонақтарға ерекше мәдени әрі дәмдік атмосфера сыйлауда, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 21 Наурыз, 2026
Президент Ұлыстың ұлы күніне арналған концертті тамашалады
«Керуен сарай» кешенінің аумағында жұртшылыққа көктем мен жаңарудың сипатын сездіретін концерттік бағдарлама ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 21 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Наурыз мерекесіне қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамы өтіп жатқан «Керуен сарай» кешеніне барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Наурыз, 2026
Президент Түркістан облысында бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табыс етті
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда дерегіне сілтеме жасап.
Экономика • 21 Наурыз, 2026
Мерекелік демалыстар экономикаға қалай әсер етеді?
Наурыз – мемлекеттік мерекесі көп ай. Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы ел азаматтарын мерекелік көңіл күймен қатар демалыс күндерімен де қуантады. Келесі жылдан бастап күнтізбедегі «қызыл күнге» 15 наурыз қосылмақ, бүл күні еліміз Конституция күнін атап өтеді. Әрине, бір сәт дамылдап, мерекені атап өтіп, көңілді демдеп қойғанның сөкеттігі жоқ. Десе де «демалыстың көп болғаны еңбек өнімділігіне, жалпы ел экономикасына қалай әсер етуі мүмкін?» деген сауалға жауап іздеп көрдік.