Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 28 Ақпан, 2026
«Абайға құрмет»: Семейде Рәміздер алаңының құрылысы басталды
Былтыр облысымызда Абайдың 180 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен «Абайға құрмет» акциясы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 28 Ақпан, 2026
«Елімай» футбол клубына демеуші табылды
Қазақстанда футболды дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында облыс әкімі Берік Уәли KAZ Minerals Тобының басшылығы және «Елімай» футбол клубының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Ақпан, 2026
Алматыда IV Орталық Азия Неврологиялық форумы аяқталып келеді
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2025 жылдың басында шамамен 600 мыңға жуық отандасымызға түрлі сипаттағы неврологиялық диагноздар қойылғаны тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Ақпан, 2026
«Созылмалы пәтерлер»: Жамбылда 16 мың адам тіркелген пәтерінде ешқашан тұрмаған
Жамбыл облысында 16 мыңнан астам азамат өздері тіркелген «созылмалы пәтерлерде» ешқашан тұрмаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 28 Ақпан, 2026
«Тобыл» Суперкубок иегері атанды
28 ақпанда «Астана Арена» стадионында футболдан маусымашар дода Қазақстан Суперкубогының финалдық кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 28 Ақпан, 2026
Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев Алматы жастарымен кездесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады. Диалог ашық әрі мазмұнды өтті. Студенттер, белсенділер мен қоғам өкілдері тарапынан көптеген сұрақ қойылды. Әсіресе, жиналған қауымды жаңа Ата Заңдағы жастарға арналған мүмкіндіктер ерекше қызықтырды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 28 Ақпан, 2026
Таяу Шығыс елдеріндегі қазіргі ахуал қандай?
28 ақпан күні таңертең АҚШ пен Израиль Иран аумағына ауқымды әуе соққыларын жасап, Тегеран мен бірқатар стратегиялық нысандарды нысанаға алды. Операцияның басталғанын АҚШ президенті Дональд Трамп ресми түрде жариялап, оны «Иран тарапынан төнген қауіптің алдын алу» деп атады. Бұған жауап ретінде Иран Израильге және Таяу Шығыстағы америкалық әскери базаларға зымырандар атқылады. Аймақтағы жағдай күрт шиеленісіп, бірнеше елде төтенше қауіпсіздік шаралары енгізілді. Сарапшылар бұл текетірес кең ауқымды әскери қақтығысқа ұласуы мүмкін екенін жоққа шығармады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Ақпан, 2026
Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдеріндегі жедел байланыс желілерінің нөмірлерін жариялады
Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің жедел байланыс және «жедел желі» нөмірлерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Ақпан, 2026
40 адам қаза тапты: Израиль Ирандағы мектепке соққы жасады
Иранда Израиль шабуылынан шамамен 40 оқушы қаза тапты, тағы да ондаған оқушы жараланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 28 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция – партияаралық диалогтың басты тақырыбы
28 ақпанда Астанада жаңа Конституция жобасына арналған Партияаралық диалог өтті. Пікірталас «Qazaqstan» телеарнасының әлеуметтік желідегі платформаларында және «Хабар» телеарнасының YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Ақпан, 2026
Президент Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты еліміздегі қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке Иран төңірегіндегі жағдайдың ушығуын және еліміздің тұрақтылығына төнуі мүмкін қауіп белгілерін ескере отырып, шұғыл шаралар қабылдау жоспарын ұсынуды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 28 Ақпан, 2026
Бүгін Жаңа Конституция жобасын талдауға арналған партияаралық диалог өтті
Бүгін Астанада жаңа Конституция жобасын талдауға арналған «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты партияаралық диалог өтті. Онда «AMANAT», «Ауыл», Respublica, Қазақстан Халық партиясы, «Байтақ», «Ақжол» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиялары атынан 14 спикер қатысып, жобаның маңызды тұсына қатысты пікір айтып, халықтан түскен сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Ақпан, 2026
Қазір Иранда қанша отандасымыз жүр?
Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдеріндегі күрделі саяси жағдайға байланысты қазақстандықтар жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Ақпан, 2026
Иран жауап ретінде Израильге ондаған зымыран ұшырды
Иран АҚШ пен Израильдің шабуылына жауап ретінде Израиль аумағына қарай ондаған баллистикалық зымыран бағыттады. Бұл туралы ирандық NourNews агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 28 Ақпан, 2026
Дональд Трамп Иранға шабуыл жасаудың себептерін атады
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операцияның себептерін түсіндірді. Оның айтуынша, Иранның әрекеттері Америкаға, шетелдегі америкалық әскерилерге және одақтастарға қауіп төндірген. Трамп Иран ядролық қаруға ие болмауы тиіс екенін айтып, АҚШ бұл мақсатқа жету үшін қатаң шаралар қабылдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 28 Ақпан, 2026
Александр Вучич қазақстандық арнайы жасақ сарбаздарының жетістіктеріне тәнті болды
UAE SWAT Challenge-2026 жарысында қазақстандық арнайы жасақ сарбаздарының көрсеткен нәтижелеріне тәнті болған Александр Вучич Қасым-Жомарт Тоқаевқа қауіпсіздік саласында тәжірибе алмасуды ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Ақпан, 2026
Air Astana Таяу Шығысқа бағытталған рейстерді тоқтатты
Air Astana әуе компаниясы 28 ақпаннан бастап Таяу Шығыс бағытындағы барлық рейстердің тоқтатылғанын мәлімдеді. Ұшып кеткен кейбір рейстер кері қайтарылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 28 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция жобасына қатысты қандай жалған ақпараттар тарады?
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы төңірегіндегі ең көп таралған фейктер мен манипуляцияларға шолу дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Ақпан, 2026
«Тегеран енді бұрынғыдай болмайды»: Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады
Израиль 28 ақпан, сенбі күні таңертең Иранға алдын ала соққы жасады. Шабуылды елдің қорғаныс министрі Исраэль Кац растады. Тегеран қаласында кемінде үш жарылыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыстар Иран астанасының орталық бөлігінде орын алған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 28 Ақпан, 2026
Алматылықтар Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
28 ақпанға қараған түні Алматы халықаралық әуежайында Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Ұшақ рейсі кешіксе де, жанкүйерлер тарамай, өз чемпионын күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 28 Ақпан, 2026
Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 28 Ақпан, 2026
Елімізде қай жолдар жабық тұр?
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы еліміздегі республикалық маңызы бар тас жолдардағы жағдай туралы жедел ақпарат жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Ақпан, 2026
Адал адам тақырыбына қалам тартып жүргендер баршылық. Шынтуайтқа келгенде адам-қоғам мәселесі терең философия оған атүсті қарауға болмайтын, қалай болса солай қалам тартуды көтермейтін тақырып. Күн тәртібінде Жаңа Конституцияға енетін өзгерістер. Жаңа жобаның 1-ші бабында Мемлекеттің ең жоғары құндылығы - адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары десе, 3-ші бапта Қазақстан Республикасы адам капиталын, білімді, ғылымды,инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп таниды деп айқындалған. Демек, бәрі Адам үшін, Конституцияның өзі адам мен мемлекет арасындағы құқықтық мәмле, адамдардың қоғамдағы іс-әрекетіне берілген құқықтық заңнамалық кепілдік. Конституцияның басты маңыздылығы да адамның мүддесі үшін құқықтық қызмет етуінде жатыр.
Қоғам • 28 Ақпан, 2026
Алексей Лодочников – Ертіс бойындағы қалың қазақтың арасында өскен жігіт. Бала кезінен жүрегі қазағым деп соғады. Домбырамен халқымыздың ән-күйін құйқылжытып ойнауы бір бөлек, ол – бүгінде мемлекеттік тіл мен ұлт мәдениетіне олжа салып, көсегесін көгертсем дейтін санасы сергек азаматтың бірі.
Қоғам • 28 Ақпан, 2026
Бірлік пен келісім жолындағы миссия
Қазақ жеріне табан тіреген талай этнос ризашылығын білдіретін Алғыс айту күні ел бірлігінің рәмізіне айналған Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған тарихи датамен тікелей байланысты. Үш онжылдықты еңсерген ұйым бүгінде қоғамдық келісімнің темірқазығына айналып, сан алуан мәдениетті ортақ мүдде аясына ұйыстырды. Уақыт сынынан өткен іргелі институт құрылымы елдегі саяси жаңғыру кезеңінде қалай өзгереді?
Қоғам • 28 Ақпан, 2026
Бата-тілектің ең қысқа нұсқасы
Біз «алғыс», «рахмет» сөздерін өте жиі қолданамыз. Бұл, бір жағынан, ортамыздағы адами қатынастың жақсы деңгейін білдірсе, екіншіден, өзара сыйластықтың өлшемі секілді көрінеді. Осы екі сөздің шығу төркіні мен табиғатына аз-кем үңілсек, артықтық етпес.
Құтқарушы • 28 Ақпан, 2026
Халық құрметтеген құтқарушылар
Халықтың қошеметіне бөленіп, алғысына кенелгені көп насихаттала бермейтін сала қызметкерлері – төтеншеліктер. Төтенше жағдайлар министрлігіне бағынысты мекеменің жүрек жұтқан, қандай қауіп-қатерге де қасқайып қарсы тұратын жауынгерлерінің жарқын істері әрдайым құрметке лайық. Күн мен түн алмасқан тәуліктің әр мезетінде қалтқысыз қызмет атқаратын құтқарушылар – нағыз от пен су кешетін жандар.
Қоғам • 28 Ақпан, 2026
Күні бүгінге дейін 5 мыңға жуық операция жасаған білікті травматолог дәрігер Ербол Шыршықбай алғыс арқалап жүрген абзал жан. Гиппократ антына адалдық танытып жүрген оған үлкендердің ақ батасын, кішілердің ризашылығын алу күнделікті дағды.
Ауа райы • 28 Ақпан, 2026
Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 28 ақпанда Астана мен еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлауы ықтимал екенін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Ақпан, 2026
Бүгінде Қостанай облысында 85 мыңнан аса украин ұлтының өкілі тұрып жатыр. Олардың ішінде ел қатарлы адал еңбек етіп жүрген қарапайым жандар, ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген кәсіпкерлер, түрлі салада жоғары жетістікке жеткен үлгілі азаматтар көп.