Соңғы жаңалықтар
Ата заң • 25 Ақпан, 2026
Жалпыұлттық коалиция белсенділері ақпараттық науқанды аудандарда жалғастырып жатыр
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалиция белсенділері аудан орталықтары мен шалғай елді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Ақпан, 2026
Рамазан айы азаматтардың тұтыну шығындарына қандай өзгеріс әкеледі?
Рамазан – ислам күнтізбесінің тоғызыншы айы. 2026 жылы ол 19 ақпанда басталып, 29 күнге созылып, 19 наурызда аяқталады. Бұл кезеңде мұсылмандар таң атқаннан күн батқанға дейін ауыз бекітіп, тамақ пен сусыннан тыйылады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Ақпан, 2026
Айзат Жұманованың ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Жетісу облыстық сотында Айзат Жұманованы өлтіру ісі бойынша апелляциялық шағымды қарау аяқталды. Сот алқасы бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 25 Ақпан, 2026
Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері «Петропавл электротехникалық зауытының» еңбек ұжымымен жаңартылған Ата заң жобасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 25 Ақпан, 2026
«Зеленый Север» ұжымымен кездесуде Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды
Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Аида Балаеваның жетекшілігімен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің «Зеленый Север» жылыжай кешенінің еңбек ұжымымен кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 25 Ақпан, 2026
Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Бүгін Алматы қаласында «Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі» тақырыбында сарапшылар форумы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 25 Ақпан, 2026
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Астанада 28 ақпан мен 1 наурыз күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ауа райы • 25 Ақпан, 2026
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
«Қазгидромет» РМк 26-28 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды.
Қоғам • 25 Ақпан, 2026
«Boran – Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Астана қаласында OzgeEpic креативхабының бастамасымен суретші және сәулетші Әсел Есжанованың «Boran − Буран» деп аталатын тұңғыш жеке көрмесі ашылды. Жоба қоғамның мәдени жадын, автор өмірбаянын, ғарыш және метафизикалық кеңістік тақырыптарын тоғыстырып, көрерменді визуалды және дыбыстық саяхатқа жетелейтін көркемдік оқиға ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 25 Ақпан, 2026
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Жылдық инфляция сәл баяулағанымен, оның тұрақты түрде төмендеуіне қатысты нақты әрі сенімді белгілер байқалмай отыр. 2026 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция мардымсыз ғана төмендеп, әлі де жоғары деңгейде сақталды. Ал базалық және маусымдық факторлардан тазартылған инфляция көрсеткіштерінің динамикасы бұдан да баяу, бұл инфляциялық қысымның әлі де күшті екенін аңғартады. Сонымен қатар соңғы төрт айда айлық инфляцияның үдеуі байқалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Ақпан, 2026
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтардың қаржылық ақпаратқа қол жеткізу арнасы ретінде азаматтардың мобильді құрылғыларын жиі пайдалана бастағанын ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Ақпан, 2026
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Елімізде әйелдер мен жас қыздардың ерлердің қолынан қаза табуы жиіледі. Бұрын жеке отбасының ғана мәселесі деп қаралған тұрмыстық жанжал қазір терең әлеуметтік, психологиялық және құқықтық себептері бар жүйелі проблемаға айналды. Дәстүрді сылтауратып қыздарды еркінен тыс алып қашу да тыйылар емес. Жігіттер неге агрессорға айналып барады? Нәзік жандыларды қандай заңдар қорғай алады? Egemen.kz тілшісі осы сұрақтарға жауап іздеп көрді.
Білім • 25 Ақпан, 2026
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 2018 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер байқауының кезекті кезеңі басталды. Байқауға еліміздің барлық өңіріндегі мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Ақпан, 2026
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Елімізде мемлекеттік қызметтерді жүйелі түрде жаңғырту және сұранысқа ие сервистерді онлайн форматқа көшіру жұмыстары жалғасып жатыр. Ел азаматтары осы жылдың сәуір айынан бастап, жарамдылық мерзімі аяқталған жүргізуші куәлігін eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ауыстыра алады. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Ақпан, 2026
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Алматыдағы Ұлттық орталық музейде Қазақ КСР-нің Халық әртісі, актер, опера әншісі Кәукен Кенжетаевтың 110 жылдығына және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, киноактер Меңтай Өтепбергеновтің 80 жылдығына арналған «Ұлы мұра – ұрпаққа өсиет» атты тағылымды көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 25 Ақпан, 2026
Мәулен Әшімбаев: Жаңа Конституциядағы экологиялық ережелердің Шығыс Қазақстан үшін маңызы зор
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында мәслихат депутаттарымен, жергілікті жұртшылықпен, этномәдени бірлестіктер өкілдерімен, белсенді жастармен және еңбек ұжымдарымен кездесті. Барлық іс-шара «Жаңа Конституция – ұзақ мерзімді дамудың берік негізі» тақырыбына арналды. Сондай-ақ кездесулерде Мемлекет басшысы айқындап берген реформалардың басым бағыттары, Ата Заңның негізгі жаңа нормалары және Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясындағы бірлескен жұмыс тетіктері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Ақпан, 2026
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Алматыда кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 25 Ақпан, 2026
Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ма?
Білім беру саласына жасанды интеллектіні (ЖИ) енгізу – заманауи оқу процесінің ажырамас бөлігіне айналды. ЖИ оқытуды дербестендіру, әкімшілік міндеттерді автоматтандыру және білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту үшін жаңа көкжиектер ашады. Алматыдағы Freedom Talk EdTech алаңында білім беру және технология саласының сарапшылары жасанды интеллектінің оқыту жүйесін қалай өзгертетінін, қандай міндеттерді шеше алатынын және технология мен мектептегі адамның рөлі арасындағы шекара қайда өтетінін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 25 Ақпан, 2026
Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Енді Қазақстанның Кениядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Барлыбай Садықов Қазақстанның Руанда Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарады. Тиісті жарлықты Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 25 Ақпан, 2026
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Қасым-Жомарт Тоқаев чемпионның бапкері, әйгілі спортшы, 1994 жылғы Олимпиада жеңімпазы, әлем чемпионы Алексей Урмановқа ыстық ықыласын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 25 Ақпан, 2026
Оқушыларды жалған тіркеу: 2 966 мектепте заңбұзушылық анықталды
Мемлекет басшысының білім және ғылым саласында ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аталған саланың, соның ішінде оның қаржыландыру аспектілерінің сыртқы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 25 Ақпан, 2026
Михаил Шайдоров: Мен Олимпиада алтынымен шектелмеймін
Ақорда резиденциясында өткен марапаттау рәсімінде Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров көрсеткен қолдауы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және барша отандасымызға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 25 Ақпан, 2026
Вице-премьер Қарағанды облысындағы бөгеттер мен су қоймаларын тексерді
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапары аясында Қарағанды облысының су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді. Вице-премьер су басу қаупі жоғары Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет және Абай аудандарындағы негізгі гидротехникалық нысандар мен елді мекендердің жағдайын бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2026
Қызылордада қала маңына қатынайтын автобустар уақытша тоқтады
Қызылордада ауа райының күрт бұзылуы көлік қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіріп отыр. Көктайғаққа байланысты қала маңындағы елді мекендер мен әуежай бағытындағы автобустардың қатынауы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Ақпан, 2026
Президент Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Ақорда резиденциясында ХХV Қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушыларын марапаттау рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Ақпан, 2026
Сауалнама: Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды
Қоғамдық саясат институты жүргізген сауалнама Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы жөнінде халықтың хабардарлық деңгейі жоғары екенін көрсетеді. «Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы туралы естідіңіз бе?» деген сауалнама сұрағына респонденттердің 87,5%-ы құжатпен белгілі бір деңгейде таныс екенін білдірген: олардың 34,2%-ы мазмұнын жақсы білетінін айтса, тағы 53,3%-ы жоба туралы естігенін, бірақ егжей-тегжейімен таныс емес екенін жеткізген. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқандардың 12,5%-ы бұл туралы ештеңе естімегенін мәлімдеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 25 Ақпан, 2026
Асхат Аймағамбетов қоғамда кең талқыланып жатқан жекелеген баптарға қатысты пікір білдірді
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Аймағамбетов жаңа Конституция жобасындағы қоғамда кең талқыланып жатқан жекелеген баптарға қатысты ойын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 25 Ақпан, 2026
Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі бүгін Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу кезінде Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2026
Жамбылдық полицейлер құстарға ұя салып берді
Жамбыл облысында полиция қызметкерлері көктем мезгілі қарсаңында жыл құстарына арнап ұялар салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Ақпан, 2026
Батыс Қазақстанда жол жөндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған
Қаржылық мониторинг агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Құқық қорғау органдары жол құрылысы саласындағы қаржы бұзушылықтарын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.