әлеуметтік көмек
Қоғам • 16 Қазан, 2024
11,8 мыңнан астам азаматқа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
2024 жылғы 14 қазандағы жағдай бойынша 11 814 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 15 Қазан, 2024
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі өзгереді
Мәжілісте өткен брифинг барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі өзгеретінін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2024
Шымкенттің 94 тұрғыны жалған анықтамамен әлеуметтік көмек алып отырған
Шымкентте 94 адам жалған анықтама жасап, атаулы әлеуметтік көмек қаражатын алып отырған, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.
Елорда • 12 Шілде, 2024
Астаналықтарға үйлеріне газ кіргізу үшін 479 мың теңге беріледі
Астанадағы жеке үй тұрғындарына үйлеріне газ жабдықтарын орнату үшін әлеуметтік көмек беріледі, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 10 Шілде, 2024
Астана әкімдігі түлектердің оқу ақысын төлеп береді
Астана қаласының әкімдігі биыл мектеп бітірген түлектердің ЖОО оқу ақысын төлеу үшін құжат қабылдап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2024
Жылыой ауданында 650 отбасы бір реттік әлеуметтік төлем алды
Атырау облысында тасқын судан зардап шеккен отбасыларға бір жолғы әлуеметтік төлем беріле бастады.
Экономика • 02 Сәуір, 2024
Қазақстандықтарға 208 мыңнан 519 мың теңгеге дейін ақша беріле ме?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықаралық еңбек ұйымының шартына сәйкес елімізде зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін адамдарға жаңа төлем берілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 13 Ақпан, 2024
Атаулы әлеуметтік көмек беру тәртібі өзгереді
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жүйесі өзгереді. Көмек енді шын мұқтаж отбасыларға ғана беріледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл бағытта жемқорлық тәуекелдері болмауы үшін қаржылай көмек тағайындау процесі цифрландырылатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Қаңтар, 2024
Астана тұрғындары жаңа әлеуметтік көмек ала бастайды
2024 жылдан бастап елорданың кейбір тұрғындары жаңа әлеуметтік көмек ала бастайды. Бұл туралы Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Тамыз, 2023
Астанадан СҚО-ға қоныс аударғандарға қандай көмек көрсетіледі?
Астана қаласының еңбек мобильділігі орталығында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында 2023 жылғы 7-9 тамыз күндері Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданына қоныс аудару бойынша кеңес өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Мамыр, 2023
Қазақстанда қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алады?
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға қосымша 2,6 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Бұл 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау арқылы көмектің заттай түрін ақшалай түрге ауыстыру арқылы қол жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Мамыр, 2023
Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?
Оқырмандардың атаулы әлеуметтік көмекке қатысты жиі қойылатын сұрақтарына Байқоңыр аудандық әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы Әлия Сәрсенбайқызы «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісіне жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Наурыз, 2023
Астанада аналарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетіледі?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ана мен баланы қолдауға баса назар аударды. Елордада аталған бағытта бірқатар нақты шара қабылданды. Осы туралы онлайн-брифингте Астана қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Дәмежан Сәдуақасова айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Наурыз, 2023
Атаулы әлеуметтік көмекті онлайн рәсімдеуге болады
Енді атаулы әлеуметтік көмекті ХҚКО-ларға құжат тапсырмай-ақ ала беруге болады. АӘК алушыларға eGov.kz сайтынан SMS хабарлама жіберіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 29 Наурыз, 2023
Биыл 84,7 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды
1 наурыздағы жағдай бойынша 84,7 мың отбасындағы 444,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады Egemen.kz.
Елорда • 16 Ақпан, 2023
Зейнеткерлерге қандай әлеуметтік көмек көрсетіледі?
Елордада қарт кісілердің әл-ауқаты мен қолдауына ерекше назар аударылып отыр. Онлайн-брифингте қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Таласова бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайын тарқатты, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2022
Биыл 724 мыңнан астам адам АӘК алды
2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 140,6 мың отбасындағы 724,1 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 59,4 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Egemen.kz Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғам • 19 Қазан, 2022
500 мыңға жуық көпбалалы отбасы әлеуметтік төлем алды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша, жыл басынан бері 496,9 мың отбасы мемлекеттік жәрдемақы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 22 Тамыз, 2022
Оқушыларға берілетін қаржылай көмек ата-аналардың шотына аударылады
300 мыңнан астам оқушы мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алу үшін «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан қаржылай көмек алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Тамыз, 2022
Елімізде 622 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Осы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 121,1 мың отбасындағы 622,6 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 83,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Тамыз, 2022
Мұқтаж отбасындағы баланы мектепке дайындауға 43 мың теңгеден берілді
Алматыда әлеуметтік осал топтан шыққан әр оқушы балаға мектеп формасы мен кеңсе заттарын сатып алуға 43 мың теңгеден берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 16 Тамыз, 2022
Елордада мұқтаж азаматтар үйіне газ қосу үшін әлеуметтік көмек ала алады
Астанадағы тұрмысы төмен отбасылардың үйіне газ тартуға бөлінетін сома 2 есе ұлғайды, есептегіштер тегін беріледі. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 02 Тамыз, 2022
Елордада әлеуметтік осал топтағы талапкерлерге оқу ақысы төленеді
Нұр-Сұлтанда халықтың әлеуметтік осал санатындағы талапкерлерге оқу ақысы төленеді. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Шілде, 2022
Былтыр қазақстандықтар 339 млрд теңге жәрдемақы алған
Биыл жыл басталғалы қорға 204 млрд теңге түскен. Оның ішінде 199 млрд теңгесі әлеуметтік төлем ретінде өтелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Шілде, 2022
Биыл 592 мыңнан астам адамға әлеуметтік көмек берілді
2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 115,3 мың отбасындағы 592,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 83,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Маусым, 2022
Елімізде жарты миллионнан астам адам әлеуметтік көмек алды
Қазақстан Үкіметі жарты миллионнан астам қазақстандыққа әлеуметтік көмек берді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Маусым, 2022
Яндекс, Uber, Wolt және Glovo жұмысшыларына әлеуметтік кепілдік беріледі
Енді Яндекс, Uber тәрізді онлайн-платформа арқылы жұмыс істейтіндер әлеуметтік қамсыздандырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 20 Желтоқсан, 2021
Биыл 988,8 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 198,1 мың отбасындағы 988,8 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 68,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Желтоқсан, 2021
Қазақстандықтарға 357 миллиард теңгеден астам жәрдемақы төленді
Жыл басынан бері қазақстандықтарға мүгедектік пен асыраушысынан айырылу бойынша 357 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2021
87 мың алматылыққа әлеуметтік көмек көрсетілді
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде 87 мың алматылыққа әлеуметтік көмек көрсетілгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.