Жол
Туризм • 30 Қаңтар, 2024
«Зиярат туризмі»: Қазақстан-Өзбекстан арнайы жол картасын әзірледі
Еліміздің туризм және спорт министрлігі мен Өзбекстанның туризм комитеті аталған мақсатта арнайы «Жол картасын» жасады. Құжатқа сәйкес, екі мемлекет арасында саяхатшылар ағынын ұлғайтуға бағытталған бағдарлама әзірленеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қаңтар, 2024
Жол ережесін бұзу дерегін хабарлағанда сыйақы беріле ме?
Кейінгі кезде көлік жүргізушілерінің жол ережесін бұзғаны жөніндегі деректі тек жол-патрульдік полиция өкілі не «Сергек» камералары ғана емес «үшінші тұлғалар да» жиі назарға іліп жүр. Елдегі көлік тізгіндеген азаматтар айыппұл арқалағаны туралы ақпаратты полицияға ұсынған үшінші тұлға екені анықталғанда пікірі қақ бөлініп жатады. Кейбірі жол ережесін сақтауға қоғам мүдделі болу керек деген ойды қуаттаса, келесі топ құзырлы мекеме қызметі болмаса өзге біреудің негізді-негізсіз ақпарат жіберуі алауыздыққа алып келеді деген ұстанымға арқа сүйейді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қаңтар, 2024
Алматыда жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты
Алматыда жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты. Оқыс оқиға салдарынан бір адам қаза тапты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2024
Көктайғақ, боран. Республикалық маңызы бар екі тас жол жабылды
Қолайсыз ауа райы салдарынан Қазақстанның екі облысында республикалық маңызы бар автожолдардың екі учаскесінде көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Спорт • 24 Қаңтар, 2024
Жүлде түгіл, жолдама жоқ – министр
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев триатлон федерациясының басшылары және жаттықтырушылар штабымен кездесті. Жиын барысында федерация өкілдері триатлоннан ұлттық құраманың 2023 жылғы нәтижелерін қорытындылап, алдағы бәсекелерге дайындық жоспары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2024
«Сыр медиа» холдингінің бұрынғы басшысы Арал ауданының әкімі болып тағайындалды
Қызылорда облысы, Арал ауданына жаңа әкім тағайындалды. Енді бұл қызметті Оңғарбаев Аманжол Сақыпұлы атқарады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2024
Автожолдардан 4 учаске жабық тұр
Бүгінгі сағат 12.00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райы қолайсыздығына байланысты 2 облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көліктердің барлық түрлері бойынша қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» телеграм парақшасына сілтеме жасап.
Оқиға • 22 Қаңтар, 2024
Екі теміржолшыны пойыз басып кетті
Жамбыл облысындағы Жиделі-Бірлік учаскесінде пойыз екі теміржолшыны басып кетті, деп жазады Egemen.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2024
«Қар аралас жаңбыр, жел, тұман»: Бірнеше жол учаскелері жабық
Бүгінгі сағат 10.00-дегі ахуал бойынша қар аралас жаңбыр, жел, тұманға байланысты бірнеше жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2024
«Жақсылар жақсымын деп айта алмайды, Жамандар жақсымын деп айқайлайды. Жүрген соң бауырында күнде көріп, Таулардың биіктігі байқалмайды», дегендей қызмет барысында жүрген офицерлердің биік болмысын көрмейсің. Тек, құрметті демалысқа шыққан сәтте ғана ондай азаматтардың қадірін түсінеміз. Тау тұлғалы тәлімгерлердің бірі – әскер ардагері запастағы полковник Сабыржан Сүлейменов. Кейіпкеріміз оқырмандарға бұрыннан таныс. Солай десек те, көзі қарақты оқырмандарды оның өмірімен тағы бір мәрте таныстырып өтуді жөн көрдік.
Қоғам • 18 Қаңтар, 2024
Көлік жүргізушілері жол апаты кезінде не істеу керек?
2023 жылы Қазақстан аумағында 15 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Көлік апаты кезінде 5 мың азамат қаза тауып, 19 мыңнан астам адам жарақат алған. Ішкі істер министрлігі ел бойынша Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қарағанды облыстарында ең көп жол-көлік оқиғасы тіркелетінін мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 18 Қаңтар, 2024
Азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған
2022 жылғы 16 наурызда Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қ. Қ. Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы» атты халыққа Жолдауында ауқымды конституциялық реформа жүргізуге бастамашылық жасай отырып, елдің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын жариялады. Конституциялық реформаның мәні − «Суперпрезиденттік» басқару формасынан «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты бойынша құрылған мемлекетке ауысу, сондай-ақ Парламент пен мәслихаттардың ықпалын күшейту.
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2024
БҚО-да көлік қозғалысына шектеу қойылды
Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді. Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2024
Мас жүрген 300 жолаушы анықталды – полиция
Елімізде республикалық «Тасымалдаушы» жедел алдын алу іс-шарасы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 16 Қаңтар, 2024
Бокстан ұлттық құрама мүшелері оқу-жаттығу жиынын жүргізіп жатыр. Жүктелген міндет орасан. Париж жазғы Олимпиадасының алты жолдамасын еншілеу басты мұрат. Одан кейінгі аманат та зілмауыр. Төрт жылда айналып соғатын дүние додасынан алтын медальсіз қайтпау. Мұндай жүктің артылуы да бекер емес. 1996 жылдан бері жазғы Олимпиада ойындарында алтынсыз қайтпаған осы боксшыларымыз еді. Тек 2021 жылы Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарында тоқырауға ұрынып, қола жүлденің өзін толайым табысқа теңедік.
Президент • 14 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы Дания Королін құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Данияның жаңадан таққа отырған Королі X Фредерикті құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2024
«Екпінді жел, қар бұрқасыны»: Автожолдардан 15 учаске жабық
Облыстар аумақтарындағы республикалық маңызы бар автожолдардың бірнеше учаскелерінде екпінді жел, қар бұрқасыны секілді ауа райы қолайсыздығынан көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 14 Қаңтар, 2024
Ақмола облысы полицейлері тасжолда қалған шетелдіктерді құтқарды
Polisia.kz баспасөз қызметінің мәліметінше Астана-Петропавловск республикалық автожолында Ресейдің Сургут қаласынан келе жатқан рейстік автобус істен шыққан: ауа құбыры жарылған. Оқиға 14 қаңтарға қараған түні орын алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қаңтар, 2024
Бір отбасы жол-көлік оқиғасынан қаза тапты
Ақтөбе облысы аумағындағы Ақтөбе-Астрахань автожолының 205 шақырымы тұсында қаңтардың 13-і күні төрт көлік соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Қаңтар, 2024
Нысана көздеуден 5-18 қаңтар аралығында Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында отандастарымыз 2 жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 11 Қаңтар, 2024
Париж – 2024: Қаңтар айында өтетін лицензиялық турнирлер
Париж Олимпиадасына осы ай мерзімінде қандай спорт түрлерінен жолдамалар сарапқа салынатыны анықталған. Сол жарыстар Қазақстан спортшыларының қатысуымен өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2024
13 учаскеде көлік қозғалысы шектелді
Бүгін қолайсыз ауа-райына байланысты 7 облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 13 учаскесінде көліктің барлық түрлері бойынша шектеу енгізілді, 580 бірлік техника және 1012 жолшы жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» телеграм парақшасына сілтеме жасап.
Спорт • 11 Қаңтар, 2024
Волейбол спорты құлдырап тұр – министр
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев волейбол федерациясының басшыларымен және жаттықтырушылар штабымен кездесті. Жиын барысында федерация өкілдері волейболдан ұлттық құрамалардың 2023 жылғы нәтижелерін қорытындылап, алдағы жарыстарға дайындық жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 11 Қаңтар, 2024
Полиция машинасын соққан. Жүргізуші бопсалаушылардан ерекше амалмен құтылды
Қостанай облысында жүргізуші өзін бопсалаушылардан құтқару үшін полиция машинасын әдейі қағып кеткен. Өңірдегі полиция департаменті оқиғаның мән-жайын баяндап берді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2024
«Астана - Шымкент» пойызы жарты жолда бұзылып қалды
«Жолаушыларды тасымалдау» қызметі «Астана - Шымкент» бағытындағы пойыз бұзылып қалғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 10 Қаңтар, 2024
Жантүршігерлік жол апатынан 25 адам бақилық болды
Жексенбіде сағат 22:30-да туристік автобус пен жүк көлігі соқтығысуынан 25 адам жантәсілім етіп, 5 адам жарақат алған. Нақты айтқанда, автобустағы 22 адам және жүк көлігіндегі 3 адам тілге келмей бақилық болған. Бұл туралы Tengritravel.kz хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 10 Қаңтар, 2024
Жолдамаға кімдер таласатыны белгілі болды
12-22 қаңтар аралығында стенд атудан Азия чемпионаты өтеді. Кувейт мемлекеті ұйымдастыратын құрлық чемпионатында Париж жазғы Олимпиадасының жолдамасы бөліске түседі.
Оқиға • 10 Қаңтар, 2024
Павлодар облысы әкімінің орынбасары жол апатына ұшырады
Әлеуметтік желіде Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожиновтың Майқайыңнан Павлодарға бара жатқан жолда апатқа ұшырағаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2024
Республикалық маңызы бар автожолдардың учаскелері жабылды
Ауа райының қолайсыздығы салдарынан қазіргі уақытта бірнеше облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдардың учаскелері жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қаңтар, 2024
Батыс Қазақстан облысындағы жол апаты бес адамның өмірін қиды
Батыс Қазақстан облысында жол апатынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.