Фото: Planespotters.net
Министр бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға артық екенін атап өтті. Жүктерді әуе көлігімен тасымалдау кезіндегі негізгі цифрлық құрал – e-Freight жүйесі. Бүгінгі таңда жүйені елдің барлық әуежайлары мен авиакомпаниялары пайдаланып отыр. Бұл IATA халықаралық стандартына сәйкес келеді.
«Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар импорттық және экспорттық кедендік декларация, фитосанитариялық және ветеринариялық бақылау бойынша интеграциялық жұмыстарды пысықтап жатыр. Бұл бизнес-процестерді толық автоматтандыруға мүмкіндік береді», деді Нұрлан Сауранбаев.Ал теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі осы жылдың 10 айында 380,3 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7,9%-ға артық. Digital Trade Coridor сияқты саланы цифрландыру бастамалары транзиттік жүк ағынын арттыруға бағытталған. Электрондық декларациялау және бірыңғай терезе арқылы қызмет көрсету кедергілерді жоюға және халықаралық тасымалдаушылардың сенімін арттыруға ықпал етеді.
«Қазіргі уақытта теміржол саласында 250-ден астам ақпараттық жүйе бар. Саладағы маңызды аспект – цифрлық трансформацияны жүргізу және халықаралық тәжірибені ескере отырып, осы мақсаттағы IT-архитектураны қалыптастыру», деп атап өтті Н.Сауранбаев.