и
Оқиға • 26 Қыркүйек, 2025
Түркияның Анталия қаласында ресейлік әйел көз жұмды
Қайғылы жағдай Кемер курорттық қаласында Камюва жағажайы аймағында болған. 42 жастағы Ресей азаматшасы Линария Музипованы қайық басып қалып, қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 26 Қыркүйек, 2025
Түркістанда халықаралық қазақ-корей IT университеті ашылды
Түркістан қаласында «Woosong University Kazakhstan» университетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа жоғары оқу орнының ашылуы – Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы білім және ғылым саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты тереңдету жолындағы маңызды қадам, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2025
Орталық Азияның көшбасшы әйелдері Алматыда бас қосты
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған «BeWoman Asia» форумына 20 елден жүзден астам қатысушы жиналды, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 26 Қыркүйек, 2025
«Болмысымның бөлекше, тіпті біртүрлі қасиеті бар: бейтаныс адамдар мені жаңа ғана бір жерде көргендей әсерде жүреді». Бұл неміс барлауында жүрген Сергей Исаевтың яки Штирлицтің Юлиан Семенов жазған «Көктемнің он жеті сәті» романындағы лепесі. Расында қылмыс айналасында жүрген адамның қашанда келбеті күңгірт, әрекеті үстірт. Ал ол көркем шығарма кеңістігіне түскен кезде болмысы тіптен күрделеніп, дамыған драматизм арқылы оқырманды оқиға желісіне тартып отырады. Жазушы Алпамыс Бектұрғановтың «Шеф» атты романы да қазақ детектив жанрына қосылған жаңа туынды.
Туризм • 26 Қыркүйек, 2025
Елімізде халықаралық деңгейдегі 24 қонақ үй бой көтереді
Елімізде әлемге танымал қонақ үй желілерінің саны артады. Алдағы жылдары Қазақстанның 11 өңірі мен қаласында халықаралық деңгейдегі 24 жаңа қонақ үй ашу жоспарланған. Жобалар жеке инвесторлардың қаржысы есебінен жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2025
Ұлытау облысында қайтарылған қаражатқа 7 медициналық нысан салынады
Ұлытау облысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Өңірде тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған бірқатар әлеуметтік жоба жүзеге асады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 25 Қыркүйек, 2025
Алматыда озық эндоскопиялық оқу орталығы ашылды
Елімізде кіндік Азияның да эндоскопист-дәрігерлері біліктілігін арттыратын орталық ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 25 Қыркүйек, 2025
ХОК-тың стипендиясына иелік еткен спортшылар белгілі болды
2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында алауы тұтанатын жазғы Олимпия ойындарына тыңғылықты дайындалу мақсатында Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) тарапынан Қазақстанның қанша спортшысына стипендия берілетіні белгілі бодды, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 25 Қыркүйек, 2025
Биомедицина саласындағы халықаралық конференция өтті
«Nazarbayev University»-де «Life Science Today 2025 – Frontiers in Biomedicine: Infer, Innovate, Impact» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Ауқымды форум «National Laboratory Astana» зертханасының 10 жылдығы мен Өмір туралы ғылымдар орталығының 15 жылдығына арналды. Конференцияның негізгі мақсаты – Қазақстанның ғылыми әлеуетін арттырып, халықаралық ынтымақтастықты нығайту, деп жазады Egemen.kz.
Digital • 25 Қыркүйек, 2025
Мемлекеттік күзет қызметінің ұйымдастыруымен 2025 жылғы 25–26 қыркүйекте Астана қаласында күштік құрылымдардың FPV-дрон операторлары арасында «Military Drone Race 2.0» турнирі өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қыркүйек, 2025
Жасанды интеллект министрлігінің жаңа логотипі таныстырылды
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі өзінің логотипін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Қыркүйек, 2025
Күнсұлу Закария лауазымынан босатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 25 Қыркүйек, 2025
Әлихан Жамсатов жаңа қызметке тағайындалды
Әлихан Жамсатов Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 25 Қыркүйек, 2025
Бақытжан Сапиев Президенттің кеңесшісі болды
Бақытжан Шаймұхаметұлы Сапиев бұрынғы атқарған қызметінен босатылып, жаңа лауазымға тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 25 Қыркүйек, 2025
Теннисші Александр Бублик әлемдік рейтингте жоғарылады
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартқан әлемдік рейтингте отандасымыз Александр Бублик өз рекордын жаңартты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 25 Қыркүйек, 2025
Қазақстандық спортшыларға стипендия тағайындалды
Бір топ ел спортшыларына 2028 жылы өтетін Лос-Анджелес Олимпиадасына жүйелі дайындалуы үшін Халықаралық Олимпиада комитеті жекелей стипендия тағайындады, деп жазады Egemen.kz Ұлттық Олимпадалық комитетке сілтеме жасап.
Мәдениет • 25 Қыркүйек, 2025
Франция мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыс беки түсті
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Француз Республикасының Мәдениет министрі Рашида Датимен кездесті. Кездесу қазақстандық делегацияның Францияға жұмыс сапары аясында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 25 Қыркүйек, 2025
«Қайрат» клубының бапкері дайындық барысымен бөлісті
Алматының «Қайрат» футбол клубы ең үлкен матч — Чемпиондар лигасы аясында мадридтік «Реалмен» кездесуге жан-жақты даярлық жасап жатыр. Қарсыластың атағына қарамастан, алматылық команда өзіне өте сенімді, алдағы ойынға да олар барын салғалы отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин осылай деді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 25 Қыркүйек, 2025
Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан қазақстандық клубтар
Қазақстанның футбол клубтары 2002 жылдан бері UEFA мүшелігіне енген. Мұндай мүшелік футбол ұжымдарына Чемпиондар лигасының негізгі кезеңдерінде бақ сынау үшін іріктеу турнирлеріне қатысуға мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 25 Қыркүйек, 2025
Kazakhstan Growth Forum K25: бизнес пен билік экономикалық өсім көздерін талқылады
Бүгін Алматыда 500-ден астам кәсіпкердің, топ-менеджерлердің және Қазақстанның ірі компанияларының басшыларының басын қосқан Kazakhstan Growth Forum K25 өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2025
Өзбекстанда шығарылған цемент өніміне жалған сәйкестік сертификаты берілген
Түркістан облысында белгіленген талаптарға сай келмейтін өнімдер импортының тұрақты өсу тенденциясы елеулі алаңдаушылық туғызады. Өңірде тек тамақ өнімдері ғана емес, сонымен қатар азық-түлік емес тауарлар да бақылауға алынған. Олардың қатарында жиі өрт тудыратын кабельдік өнімдер, электр аспаптары, құрылыс материалдары және басқа да өнімдер бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Қыркүйек, 2025
Ұлыбританиядағы өнеркәсіп аймағындағы қоймада жарылыс болды
Ұлыбританияның Уилтшир графтығында төтенше жағдай орын алды. Суиндон қаласының өнеркәсіптік аймағында орналасқан қоймада күшті жарылыс болып, артынша алапат өрт тұтанған. Қазір оқиға орнында шұғыл қызметтердің күшейтілген тобы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Sky News-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2025
Риддер қаласына 30 қыркүйекте жылу беріледі
Риддер қаласында жылыту маусымы басталады. Алдымен әлеуметтік нысандарға жылу беріліп, содан кейін тұрғын үйлер мен басқа да мекемелер қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 25 Қыркүйек, 2025
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі артқан
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,3 % өсіп, 11 543,1 млрд теңгені құраған, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 25 Қыркүйек, 2025
«Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбековтың жағдайы белгілі болды
«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин 14 қыркүйек күні «Ақтөбеге» қарсы ойында ауыр жарақат алған қақпашы Темірлан Анарбековтың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 25 Қыркүйек, 2025
Елімізге ем іздеп келетін шетелдіктер көбейген
Ел экономикасының әлеуетін әлдендіру үшін туризмнің тетігі көп. Соның бірі – медициналық туризм. Қазақстан ем алу үшін елімізді таңдайтындар есебінен Орталық Азиядағы негізгі денсаулық сақтау пункті болуға қауқарлы. Себебі еліміздегі 9 медициналық ұйым саланың «Оскарына» баланған халықаралық Joint Commission International аккредиттеуін алған. Жоғары талап үддесінен табылатын медициналық мекеменің жетеуі Астанада, екеуі Алматы қаласында орналасқан. 24 қыркүйек күні Мәжілістің жалпы отырысында Respublica партиясы фракциясының мүшесі Нұргүл Тау отандық медицинаның осы бір артықшылықтарын алға тарта отырып, Медициналық туризм саласындағы Бірыңғай операторды құру ұсынысын ортаға салды. Депутаттың айтуынша, жоғарыда аталған Joint Commission International аккредитіне Қырғызстан қол жеткізбеген болса, Өзбекстанның 2 медициналық орталығы иемденген. Бұл көрсеткіш Қазақстанның салада көш бастауына зор мүмкіндік көзі болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 25 Қыркүйек, 2025
Парижде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы аталып өтті
Париж қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде қазақтың көрнекті күйші-композиторы, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Ғасыр әуендері: Тілендиевке тағзым» атты мерекелік концерт өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 25 Қыркүйек, 2025
Енді электронды сауда тауарлары декларацияланады
Сенат Қазақстан Республикасының «2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Қыркүйек, 2025
Палестинаны мойындаған мемлекеттер саны артты
Әлемдік аренада Палестинаны мемлекет ретінде тану қарқыны күшейді. Соңғы аптада Еуропаның бірқатар елдері – Франция, Люксембург, Мальта, Монако, Андорра, Сан-Марино және Бельгия ресми түрде Палестинаны мойындады. Бұған дейін Канада, Австралия, Португалия және Ұлыбритания да осындай қадам жасаған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 25 Қыркүйек, 2025
Қазақстанның астық нарығы: жаңа мүмкіндіктер, ескі мәселелер
2025 жылы Қазақстан бидай мен ұн экспортын 34%-ға арттырды. Бұл тарихтағы ең жоғары көрсеткіш болып, еліміздің өңірлік және жаңа сыртқы нарықтардағы ұстанымдарын нығайтуды қамтамасыз етті. Алайда, оң динамикаға қарамастан, елдің агроөнеркәсіптік саласы жүйелі проблемаларға тап болып отыр.