Оқиға • 17 Қараша, 2025

Яна Легкодимова ісі: Айыпталушылар өмір бойына бас бостандығынан айырылды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда көпшіліктің назарын аударған Яна Легкодимованың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланды. Сот екі күдіктіні аса ауыр қылмыс жасағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яна Легкодимова ісі: Айыпталушылар өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Фото: Ашық дереккөз

Айыпталушылар Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Катимов Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 7 және 8-тармақтарына сәйкес аса ауыр қылмыс жасады деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Жаза мерзімі айыпталушылардың ұсталған күні 2024 жылдың 22 қазанынан бастап есептеледі.

«ҚР ҚК-нің 62-бабы 3-бөлігінің 1-тармағына сәйкес, Қайыржанов пен Катимовтың үкім заңды күшіне енгенге дейін қамауда болған уақыты жазаның бір күніне бір күн есебімен толықтай қосылады», деді сот.

Сот отырысында қаралған азаматтық талап бойынша марқұмның анасы Галина Легкодимованың шағымы ішінара қанағаттандырылған. Айыпталушылардан 1 955 070 теңге көлемінде материалдық шығын өндірілетін болды.

Бұдан бөлек, Қайыржанов пен Катимов жәбірленушінің пайдасына моральдық өтемақы ретінде әрқайсысы 15 миллион теңгеден төлеуге міндеттелді. Сонымен қатар мемлекет кірісіне 21 517 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріледі.

Айыпталушыларға сот үкімінің талаптарын орындау үшін екі ай мерзім берілген. 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50