м
Денсаулық • 19 Қараша, 2025
Дәрігер: Антибиотикті орынсыз қолданудан адам ағзасы әлсірейді
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова антибиотиктерді орынсыз қолдануға болмайтынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 19 Қараша, 2025
ҚХА басшылығы мен Сенат депутаттары Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды
2025 жылғы 18 қарашада Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов пен Парламент Сенатындағы ҚХА депутаттары Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы ҚХА баспасөз қызметі хабарлады.
Денсаулық • 19 Қараша, 2025
Ресми деректерді басшылыққа алсақ, жыл сайын елімізде жедел респираторлық вирустық инфекциямен (ЖРВИ) 3-4 млн адам, тұмаумен 2 мың адам ауырады екен. Биыл эпидемиологиялық маусым басталғалы елде ЖРВИ-дің 1,5 млн жағдайы тіркелген. Жалпы, еліміздің кейбір аймақтарында вирустық инфекциялар күшейді дегенмен, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 20%-ға төмен деседі.
Экономика • 19 Қараша, 2025
Шетелдік бизнесмендер салық заңнамасындағы өзгерістерді талқылады
Қазақстандағы герман экономикасы одағының (VDW) «Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер» тақырыбында конференциясы өтті. Іс-шараға жүзге жуық бизнес өкілдері, консультанттар мен заңгерлер жиналды.
Тұлға • 19 Қараша, 2025
Биыл балалар жазушысы Сапарғали Бегалиннің туғанына – 130 жыл
Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, фольклортанушы Сапарғали Бегалин 1895 жылы 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында туған. Қаламгердің «Қазақ боз-балаларына» атты алғашқы өлеңі «Айқап» журналының 1914 жылғы санында жарық көргені қалың оқырманға аян.
Балалар • 19 Қараша, 2025
Ауыл балаларынан құралған ансамбль халықаралық байқауда жеңіске жетті
Ұлытау облысы, Жаңарқа ауданы, Ш. Ералиев ауылдық округінің Оспан Әлібаев атындағы жалпы білім беретін мектептің «Еркем-ай» би ансамблі Алматы қаласында өткен халықаралық «Бала Шабыт» байқауынан бірінші және екінші орын алып, жүлделі оралды. «Еркем-ай» би ансамблі 5-7-8-сынып оқушыларынан құралған.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Қостанай облысында мал ұрлығы жиілеп барады
Қостанай облысында өтіп жатқан жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Қамысты, Әулиекөл аудандарында жасалған бірнеше мал ұрлығын ашты. Аталған қылмысқа қатысы бар адамдар анықталып, ұсталды. Ұрланған малдың бір бөлігі иелеріне қайтарылды.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу: Дрондар иесіз жайылған малды анықтайды
Қараусыз жануарлар жол-көлік оқиғаларына жиі себеп болатыны мәлім. Абай облысында дрондар малдың бақылаусыз жайылуына байланысты жол-көлік оқиғаларын азайтуға көмектесіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Елімізде тұмау өршіді: 7 өңірдің оқушылары қашықтан оқитын болды
7 облыста балалар арасында ЖРВИ мен тұмау өршіп, кейбір мектептер уақытша қашықтан оқыту форматына көшті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Депутаттар қандастарға грант беру мерзімін 5 жылға созуды ұсынды
Елімізде көшіп келген қандастар мен көшіп келушілер үшін грант беру мерзімін кемінде 5 жыл тұру шартымен 5 жылға созу, сондай-ақ солтүстік-Шығыс аймақтарына көшіп келген күндізгі бөлімде оқитын отбасы бар студенттерге «шартты жұмыссыз» мәртебесін беру мәселесі қарастырылуы мүмкін. Мұндай ұсынысты «Аманат» партиясының депутаттары Үкімет басшысының атына жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 19 Қараша, 2025
Мәскеудегі «Голос. Дети» байқауының финалында «Жас сарбаз» солисі ел намысын қорғайды
Таланты мен табанды жігерінің арқасында «Жас сарбаз» шығармашылық студиясының солисі Жасмина Түзелова ресейлік «Голос. Дети» шоуының 12-маусымының финалына өтті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 19 Қараша, 2025
Экономиканы тұрақтандыруға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасы қабылданды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы бекітілді. Құжат Президенттің тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, инфляцияны төмендету, импортқа тәуелділікті азайту және азаматтардың табысын арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жасанды интеллект • 19 Қараша, 2025
Елімізде алғаш рет IT-архитектор академиясы құрылды
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне қарасты Цифрлық үкіметті қолдау орталығы IT-архитекторлар академиясының ашылғанын мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы қымбаттай ма?
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин азық-түлік бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, жаппай өсу болмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Қараша, 2025
Президент Ауыл шаруашылығы министрін қабылдады
Мемлекет басшысына аграрлық саланың биылғы он ай ішіндегі даму қорытындысы туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Гонконг тұмауы таралып жатыр: Министрлік тарапынан ұсыныстар айтылды
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ЖРВИ мен тұмаудың маусымдық өсуіне байланысты азаматтарға адамдар көп шоғырланатын орындарға, әсіресе жабық кеңістіктерге баруды шектеуді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қараша, 2025
Түркістандағы өрттен зардап шеккендер Шымкентте немесе Астанада ем қабылдайды
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, 18 жастағы қыз, бір әйел және ер адам ауыр күйде ауруханаға жеткізілген. Барлығы жансақтау бөлімінде қажетті медициналық көмекті алып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Елімізде жұмыс уақытын бір сағатқа қысқарту ұсынылды
Мәжілісте кішкентай баласы бар ата-аналарға жұмыс күнін бір сағатқа қысқартуды енгізу туралы ұсыныс айтылды. Бастаманы Мәжілістің пленарлық отырысында Еңбек кодексіне өзгерістер талқыланған кезде депутат Қарақат Әбден көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 19 Қараша, 2025
Экономиканы өсіру мен жалақыны жоғарылату: Үкімет сенім үдесінен шыға ала ма?
Үкімет экономиканың өсуі мен жалақы арасындағы алшақтықты жоюға ниетті. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 19 Қараша, 2025
Ел экономикасы қаншалықты өсті?
Қазақстан экономикасы 6,4%-ға өсті: көлік, құрылыс және автоөнеркәсіп саласы негізгі қозғаушы күш болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 19 Қараша, 2025
«Бәйтерекке» 1 трлн теңге берілетін болды
2026 жылы «Бәйтерек» Холдингіне республикалық бюджеттен 1 трлн теңгеге дейін қаржы бөлініп, ұлттық экономика үшін стратегиялық жобаларды қаржыландыру күшейеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тәрбие • 19 Қараша, 2025
Астанада балабақша бүлдіршіндері түймеден Абай Құнанбайұлының портретін дайындап шықты
Аталған еңбекті – «Абай аманаты» жобасы аясында №86 «Зияткер» балабақшасының бүлдіршіндері жасады. Портретті әзірлеуге 560 түйме жұмсалған, деп жазады Egemen.kz.
Инфляция • 19 Қараша, 2025
Үкімет инфляцияны тежеуге бағытталған шараларды күшейтеді
Бұл туралы макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасын таныстырған Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
2026-2028 жылдары халықтың табысы инфляциядан жоғары қарқынмен жыл сайын 2-3%-ға өседі
Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2027-2028 жылдары ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қарастырылғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Ақтөбеде кәсіпкерлер 15 саябақ салып бермек
Ақтөбе қаласында демеушілердің қолдауымен биыл 15 саябақ пен скверді абаттандыру жобалары жүзеге асырылып, олардың көбі бұрын бос жатқан аумақтарда салынып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Көп балалы анаға үш бөлмелі пәтер сыйға тартылды
Ақмола аумағындағы Егіндікөл ауданында бес балалы ана Махаббат Төлеубековаға салтанатты түрде үш бөлмелі пәтердің кілттері табысталды және жиһаз сатып алуға сертификат та берілді. деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 19 Қараша, 2025
Кәрім Бензема «Реалға» оралуы туралы мәлімдеме жасады
Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» клубының капитаны, 37 жастағы француз шабуылшысы Кәрім Бензема мадридтік «Реалға» қайта оралуы мүмкін екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Қазақстанда «Гонконг тұмауы» тарап жатыр
Үкімет отырысында министр Ақмарал Әлназарова ЖРВИ мен тұмау бойынша елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қараша, 2025
Қызылордада бір күнде 3 мал ұрлығы дерегі тіркелді
Қызылорда облысы аумағында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, облыс көлемінде мал тасымалдаушы автокөліктерді, одан бөлек мал және ет сату орындарының заң талаптарына сәйкестігін тексеріп жатыр.
Әлем • 19 Қараша, 2025
Себастьян Бахтың бұған дейін жарық көрмеген екі шығармасы табылды
Лейпциг (Германия) қаласында соңғы жиырма жылда алғаш рет Иоганн Себастьян Бахтың бұрын беймәлім екі шығармасы табылып, «музыкалық сенсация» ретінде аталып жатыр, деп жазады Egemen.kz.