Фото: instagram.com/superwatchman
GOAT India Tour 2025 жарысының соңғы күнінде Месси аталған әулетке тиесілі антера жабайы табиғатты құтқару орталығына барды. Құрметті қонақты Анант Амбани қарсы алып, Richard Mille 003-V2 GMT Tourbillon Asia Edition сыйлады.
«Алтын доптың» сегіз дүркін иегеріне арналған тартудың құны 1,2 миллион долларға бағаланып отыр. Сондай-ақ аталған сағаттың 12 нұсқасы ғана бар екендігі де оның салмағын арттырып тұр.

Үндістан сапарынан кейін әйгілі аяқ доп шебері қонақжайлық танытқан елге арнайы алғыс айтып, желіде жазба жариялады.
«Намасте, Үндістан! Дели, Мумбай, Хайдарабад және Калькутаға сапарым керемет өтті. Жылы қарсы алып, тамаша қонақжайлық, сүйіспеншілік көрсеткендеріңізге рақмет! Үндістанда футболдың болашағы жарқын болатынына сенемін», деп жазды Месси.