е
Қоғам • 13 Қараша, 2025
Бас прокуратура Легкодимованың өліміне қатысты пікір білдірді
Сотта алдын ала сөз байласу арқылы Яна Легкодимованы өлтірді деп айыпталған сотталушыларға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Университет • 13 Қараша, 2025
Шетелдік үшем мен егіз қыздар қазақ тілін үйреніп жүр
Түркістан қаласындағы қазақ-түрік университетінде 30 жылдан астам уақыттан бері түркі елдерінен келген жастар білім алып, «Дайындық орталығында» оқу орданың ішкі гранты негізінде түрік, ағылшын тілдерімен қатар қазақ тілін де меңгеретіні мәлім, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 13 Қараша, 2025
«Бұрынғыдан да ақылды»: OpenAI GPT-5.1 моделін таныстырды
OpenAI компаниясы жасанды интеллекттің жаңа үлгілерін – GPT-5.1 Instant және GPT-5.1 Thinking модельдерін іске қосқанын жариялады. Бұл жаңартулар ChatGPT чат-ботының өнімділігі мен өзара әрекет сапасын айтарлықтай жақсартады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 13 Қараша, 2025
Биыл колледждердің қанша қызметкері курстардан өтті?
«Talap» КЕАҚ ұйымдастырған заманауи педагогикалық құралдарды енгізу, білім беру процесін цифрландыру және тәжірибеге бағытталған оқытуды күшейту бағытында біліктілікті арттыру курстарынан биыл 5000-ға жуық колледж қызметкері өтті. Оның ішінде 4500 педагог пен 580 колледж директоры қамтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 13 Қараша, 2025
Абай университетіндегі агробиостанция немен айналысады?
Абай университеті Алматының іргесінде Агробиостанция кешенін ресми іске қосты. Ашылуына университет басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрам және студенттер қатысып, заманауи агробиостанцияның лентасы салтанатты түрде қиылды. Бұл жаратылыстану және география факультетінің білім алушыларына зерттеу жұмыстарымен айналысып, тәжірибе жасауға жасалған үлкен мүмкіндік.
Оқиға • 13 Қараша, 2025
2026 жылы ел тұрғындары қанша күн демалады?
2026 жылы Қазақстандағы мереке күндері бірнеше демалыс күніне сәйкес келіп тұр, сондықтан демалыс пен жұмыс күндерінің реті өзгереді. Яғни, ел тұрғындары бес күндік жұмыс аптасы бойынша 119 күн демалса, аптасына алты күн жұмыс істейтіндерде бұл көрсеткіш 67 күнге тең, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Қараша, 2025
Қазақстанның халықаралық резерві 124,1 млрд долларға жетті
Өсім алтын-валюта активтері мен банктердің Ұлттық банктегі депозиттерінің ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қараша, 2025
Депозитке ақша салу керек пе, әлде өмірді сақтандыруға қаржы құйған тиімді ме?
Банктік салымдар – сенімді қаржы құралы. Оларды ақшаны сақтау, пассивті табыс алу, қымбат затқа ақша жинау мақсатында ашады. Алайда олардың да белгілі бір тәуекелдері бар. 2025 жылы салымдардың неге қауіпті болуы мүмкін екенін және ақшаны қандай валютада пайызбен банкке салуға болатынын деректерге сүйеніп тарқатып көрейік, деп жазады Egemen.kz.
Салық • 13 Қараша, 2025
Жаңа Салық кодексі такси жүргізушілеріне қалай әсер етеді?
2026 жылдан бастап күшіне енетін салық реформасы Taxi Forum Kazakhstan 2025 пленарлық алаңында талқыланды. Енді жаңа ережелер такси тарифтерін бірнеше есе өсірмейді, алайда инфляция мен салық талаптарының өзгеруі жол жүру құнының біршама қымбаттауына ықпал етуі мүмкін. «Атамекен» ҰКП форумда бизнес үшін оңтайлы шешім табудың маңызын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қараша, 2025
Алаяқтар алдаудың жаңа тәсілін тапты: Зейнетақы қоры нені ескеру керектігін мәлімдеді
Цифрлық технологиялардың белсенді дамуы жағдайында Интернет желісі арқылы мемлекеттік, қаржылық және өзге де электрондық қызметтерге азаматтардың қол жеткізу ауқымы күннен күнге кеңейіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентке мемлекеттік сапармен барады
Ақорда Мемлекет басшысының алдағы күндерге арналған жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 13 Қараша, 2025
Алматыда кәсіпкерлерге салынатын салық азая ма?
Жаңа Салық кодексі (2026 жылы күшіне енеді) шеңберінде елімізде жеңілдетілген және бөлшек салық режимдері 4% мөлшерлемемен біріктіріледі. Сол орайда Алматы қаласы әкімдігі кәсіпкерлерге қосымша қолдау көрсетіп, бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау бастамасын көтеріп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қараша, 2025
1 жарым млн теңге: Шымкентте жүздеген тұрғын қайтарымсыз грантқа ие болды
Шымкент қаласында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қолдау мақсатында 99 тұрғынға 400 АЕК-ке дейінгі (1 572 800 теңге) қайтарымсыз грант берілді. Мемлекеттік қолдаудың ІІІ легінде жалпы 398 өтінім қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz қаланың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 13 Қараша, 2025
«Бір ауыл - бір өнім»: Жетісулық тұрғын саумалдан балмұздақ өндіре бастады
Жетісу облысында үш баланың анасы, 25 жылдан бері үй жағдайында сүт өнімдерін өңдеумен айналысатын жас кәсіпкер саумалдан балмұздақ өндіре бастады. Ол өз тауарын «Бір ауыл – бір өнім» көрмесінде таныстырған, енді кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың біріне қатысу арқылы өндіріс процесін автоматтандыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 13 Қараша, 2025
Сергей Кан «Қызылжар» футбол клубын дамытуға миллиардтаған қаржы құяды
Мемлекет басшысының кәсіби футбол клубтарын басқару тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында «Qyzyljar» ФК дамудың жеке моделіне көшуде. Қазақстандық кәсіпкер Сергей Кан клубтың жаңа инвесторы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 13 Қараша, 2025
Канада азаматы мойын омыртқасына операция жасату үшін Қазақстанға келді
Канада азаматы алғаш рет Қазақстанға мойын омыртқасына көпфункционалды жасанды диск орнату бойынша жоғары технологиялық операция жасау үшін келді, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 13 Қараша, 2025
Маңғыстауда түйе сүтін өндіретін жаңа цех іске қосылды
Аталған өңірде «Қарағантүбек» серіктестігі жалпы құны – 600 млн теңгені құрайтын, түйе сүтін сауып әрі өңдейтін жаңа цехты іске қосып отыр. Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 400 тонна түйе сүтін өңдеуге мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Логистика • 13 Қараша, 2025
Биыл 80 вокзал пайдалануға беріледі
Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров теміржол вокзалдарын жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарының барысы туралы бірер күн бұрын Үкімет отырысында айтқан еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 13 Қараша, 2025
Астанада қызметтік ит автокөліктен есірткі тауып алды
«Қарасора – 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері есірткі қылмысын әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 13 Қараша, 2025
Бәсекелестікті қорғау агенттігі 276 млн теңге табыс тапқан әуе компаниясының үстінен шағым түсірді
Кассациялық сот «Жезқазған-Эйр» акционерлік қоғамына қатысты антимонополиялық тергеу қорытындысы мен заң бұзушылық белгілері туралы хабарламалардың заңды екенін мәлімдеп, төменгі инстанцияларда өткен дауға соңғы нүкте қойды, деп жазады Egemen.kz.
Тағзым • 13 Қараша, 2025
Павлодарда полицейлер Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды
12 қарашада Павлодар облысында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерді еске алу барысында полицейлер Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды. Салтанатты іс-шараға департамент басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері және полиция қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қараша, 2025
Жеке кәсіпкер Қызылорда облысындағы агроөнеркәсіптік жобаға 51 млрд теңге жұмсады
Жалағаш ауданында Harvest Kazakhstan агроөнеркәсіптік кластерінің жобасы жүзеге асырылмақ. Жоба өңірде жоғары технологиялы суармалы егіншілікті дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 13 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аяқталды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Табиғат • 13 Қараша, 2025
Қазақстанға амур жолбарыстары әкелінетін болды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары шеңберінде Қазақстанға амур жолбарыстарын әкелу және бейімдеу жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына екі елдің экология және табиғи ресурстар министрлері - Ерлан Нысанбаев пен Александр Козлов қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 13 Қараша, 2025
Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеуінде сенсациялық жеңіске жетті
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U19) Еуро-2026 чемпионатының іріктеу кезеңін жарқын жеңіспен бастады. Алғашқы ойында Кекер шәкірттері Ирландия құрамасын 1:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Қараша, 2025
Қазақстан мен Ресей президенттер гала-концертті тамашалады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Владимир Путин Қазақстан өнерпаздарының гала-концертіне барды, деп жазады Egemen.kz.
Ипотека • 12 Қараша, 2025
Елімізде жеңілдетілген ипотека басталады
Қазақстанда тұрғын үй төлемдерін алатын күш құрылымдары қызметкерлерінен өтінім қабылдау басталады. Олар үшін бірден екі бағдарлама іске қосылады: «Наурыз Әскери» – жаңа тұрғын үй сатып алуға, «Әскери баспана» – екінші деңгейлі нарықтан үй алуға арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қараша, 2025
Әлеуметтік қолдау критерийлері жаңарды: қандай отбасыларға көмек көрсетілмейді?
Қазақстанда әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа тәртібі енгізіледі. Бірыңғай әлеуметтік қолдау шаралары стандартына сәйкес, отбасылардың мұқтаждық деңгейі енді цифрлық отбасы картасындағы деректер негізінде автоматты түрде және жаңартылған критерийлер бойынша айқындалатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 12 Қараша, 2025
Владимир Путин: Қазақстан – Ресейдің одақтасы, стратегиялық серіктесі және тату көршісі
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапарының құрметіне Кремльде мемлекеттік қабылдау өткізген Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстанды Ресейдің одақтасы, стратегиялық серіктесі және тату көршісі деп атады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлем • 12 Қараша, 2025
Мәскеу көшелерінің біріне Шоқан Уәлихановтың есімі берілді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ықпалдастықтың кең көлемді мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды Ақорда.