Мемлекет басшысы оқу кабинеттері мен спорт залын аралап көрді.
Президентке мекемеде 180 бала білім алып, интернатта тұратыны жөнінде баяндалды.
Мектеп жас өскіндерге білім беріп, тегін тамақтандырады әрі тұрғынжаймен қамтамасыз етеді.
Оқу бағдарламасы 7-11 сыныптарға арналған.
Білім ошағының негізгі мақсаты — келешектегі Отан қорғаушыларды даярлау, оларға әскери-патриоттық тәрбие беру.