аз
Қазақстан • 14 Мамыр, 2026
Қазақстанда жол битумына ішкі сұраныс толық қамтамасыз етілді
Елімізде автомобиль жолдарын салу мен жөндеуге қажетті жол битумына деген ішкі сұраныс толық қамтамасыз етілді. Бұған Caspi Bitum зауытының өндірістік қуатын кеңейту жобасы нәтижесінде қол жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 14 Мамыр, 2026
Қазақстан мен Түркия қандай жобаларды бірлесе жүзеге асырады?
Мемлекет басшысы Түркия Президентімен келіссөз кезінде энергетика кешеніне қатысты мәселелерге ерекше тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Мамыр, 2026
Түрік кәсіпкерлері ел экономикасына 6 миллиард доллар көлемінде қаражат салды
Мемлекет басшысы Түркия Президентімен кездесудің қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Түркия еліміздің ірі инвесторларының қатарына кіретінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2026
Қазақстан мен Түркия арасында жаңа стипендиялық бағдарлама іске қосылады. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, бұл келісім Режеп Тайип Ердоғанның Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Мамыр, 2026
Түрік компаниялары Қазақстанда 3 100-ден астам жаңа жұмыс орнын ашады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанға екі ел бірлесе іске асырып жатқан бірқатар инвестициялық жоба туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2026
Харрасмент жасағандар заңмен жазалана ма?
Қазақстан билігі жұмыс орнындағы харассмент үшін жауапкершілікті заң жүзінде бекітуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2026
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Министрлік үш жыл бойы кәсіпорын қызметінен кемшілік таппаған
2025 жылы «Қазцинк» компаниясының Өскемен қаласындағы зауытына заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 14 Мамыр, 2026
Қазақстанда мобильді байланыс неге қымбат?
Қазақстан ЕАЭО мен Орталық Азия елдері арасында мобильді байланыс құны бойынша ең қымбат мемлекеттердің қатарына кіріп отыр. Алайда интернет жылдамдығы соңғы айларда айтарлықтай төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2026
Елімізде әскерге бару жасы 50-ге дейін ұзартылуы мүмкін
Қазақстанда әскерге бармаған 50 жасқа дейінгі ер азаматтарды қайта даярлауға жіберу ұсынылды. Бастаманы Астана қаласының Қорғаныс істері департаментінің өкілі Ғани Артықов көтерді. Запастағы полковник бұл ұсынысты телеарнаға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2026
Ел тұрғындарының алкогольге жұмсайтын шығыны 15,2 пайызға азайды
Қазақстандықтар соңғы жылдары алғаш рет алкогольге жұмсайтын ақшасын қысқартты. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылы бір отбасының алкогольдік ішімдіктерге жұмсаған орташа шығыны шамамен 21 мың теңгені құраған. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 15,2 пайызға аз, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 14 Мамыр, 2026
Қазақстанда 32 градусқа дейін күн ысиды
Қазгидромет 13 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елдің оңтүстігінде аптап ыстық пен шаңды дауыл күтілсе, батыста ауа температурасы 32 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Мамыр, 2026
Заңсыз көлік тізгіндеген жасөспірім TikTok-тан анықталған
Түркістан облысында полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында кәмелетке толмаған жасөспірімнің автокөлік тізгіндеген бейнежазбасын анықтады. Жедел тексеру нәтижесінде оқиғаның Ордабасы ауданында болғаны белгілі болған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Мамыр, 2026
Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан
Қазақстанда ағзаны трансплантациялауға мұқтаж науқастар саны әлі де жоғары. Мыңдаған пациент үшін трансплантация жасау – өмірді сақтап қалудың және қалыпты тіршілікке қайта оралудың жалғыз жолы. Соңғы жылдары елімізде ағза алмастыру оталарының саны тұрақты өсіп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Инфляция • 13 Мамыр, 2026
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады
Қазақстандағы инфляция біртіндеп жоғары баға қысымы кезеңінен шыға бастады. Жылдық көрсеткіш төмендеп келеді. Сарапшылардың пікірінше, шығындардың сақталғанына қарамастан, экономика жаңа жағдайларға бейімделудің тұрақты моделін қалыптастыра бастаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 13 Мамыр, 2026
Айтарлықтай нәтиже байқалмайды: Олжас Бектенов Ұлттық парктердегі баяу жұмысты сынға алды
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысына мониторинг жүргізу жөніндегі орталықтың кезекті отырысын өткізді. Онда өңірлерде тиісті Тұжырымдаманы жүзеге асыру барысы, волонтерлік қозғалысты қолдау жөніндегі шаралар, сондай-ақ экологиялық туризмді дамыту жайы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 13 Мамыр, 2026
Ақтаудағы сарбаздың өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
Ақтау гарнизонындағы әскери бөлім сарбазы Р. Жайғалиевтің қаза болуына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, сотқа жолданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 13 Мамыр, 2026
Мектеп мұғалімі олимпиадаға дайындалудың құпиясын бөлісті
Пәндер олимпиадасы – білімді ғана емес, ой тереңін, табандылық пен талапты қажет ететін интеллектуалдар алаңы. Еліміздің әр өңіріндегі дарынды оқушылар үшін республикалық додада жеңіске жету оңай емес, жүйелі дайындық керек. Осы ретте Әбіш Кекілбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің әдістеме жетекшісі, пәндер олимпиада командасының жаттықтырушысы Назерке Сайлаумен білім додасының қыр-сыры туралы сұхбаттастық.
Ауа райы • 13 Мамыр, 2026
Еліміздің батысы мен оңтүстігінде 35 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі
Алдағы күндері Қазақстанның батыс және оңтүстік аумақтарында күндізгі ауа температурасы +27…+35 градусқа дейін жоғарылайды. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 13 Мамыр, 2026
Қатар Премьер-министрі Иранға үндеу жасады
Қатардың Премьер-министрі әрі Сыртқы істер министрі шейх Мухаммед бин Абдулрахман Аль-Тани Иранды Ормұз бұғазы арқылы көрші елдерге қысым көрсетпеуге шақырды. Бұл туралы ол Дохада Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен өткен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 13 Мамыр, 2026
Бұршақ жауып, күн күркірейді: 13 мамырға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» мамандары 13 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің солтүстік өңірлерінде құбылмалы ауа райы сақталса, оңтүстік пен батыста күн жылынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2026
Таразда полициядан қашқан жасөспірімнің кесірінен бір адам қаза тапты
Тараз қаласында 15 жастағы жасөспірім Audi көлігімен полициядан қашу барысында, жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға • 12 Мамыр, 2026
Құлсарыда сенбілікке шыққан «ҚазТрансОйл» қызметкері қайтыс болды
Атырау облысында сенбілікке шыққан «ҚазТрансОйл» қызметкері қаза тапты. Қайғылы оқиғаны компания өкілдері растады, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 12 Мамыр, 2026
Қазақстанда жазда құрғақшылық болуы мүмкін: Министрлік қауіпті аймақтарды атады
Жаз айларында еліміздің бірқатар өңірлерінде құрғақшылық болуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Мамыр, 2026
Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль еншіледі
Мысырдың Исмаилия қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 5 медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2026
Өскемендегі жарылыс: Тағы бір адам ауруханада көз жұмды
Өскемен қаласында орналасқан «Қазцинк» зауытында болған жарылыс пен өрттің салдарынан зардап шеккендердің тағы бірі ауруханада көз жұмды. Ол 12 мамырға қараған түні қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 12 Мамыр, 2026
Жел күшейіп, үсік жүреді: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы
12 мамыр күні Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы күрт құбылып, жел күшейеді. «Қазгидромет» мәліметінше, елдің батысында шаңды дауыл көтерілуі мүмкін. Ал солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда түнде үсік жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Мамыр, 2026
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Бразилияның Сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Қазақстанның Латын Америкасындағы басты серіктестерінің бірі екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 11 Мамыр, 2026
Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды
Түркияның Анталья провинциясындағы Серік ауданында Қазақстан азаматы жол-көлік оқиғасынан көз жұмды. Қайғылы оқиға туристік бағыттағы тасжолда түнгі уақытта болған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Мамыр, 2026
Түркия Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Алдағы апта Қазақстанның сыртқы саясаты үшін маңызды оқиғаларға толы болмақ. Астанаға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мемлекеттік сапармен келсе, Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 10 Мамыр, 2026
Футзал: Қазақстан әлемдегі ең мықты ондықтың қатарына енді
Қазақстан ұлттық құрамасы ФИФА-ның футзалдан жаңартылған әлемдік рейтингінде өз позициясын нығайтты. Енді біздің команда әлемдегі ең мықты ондықтың 8-сатысына жайғасты, деп хабарлайды Egemen.kz.