е
Үкімет • 29 Қазан, 2025
Олжас Бектенов Серджио Гор және Кристофер Ландаумен ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Премьер-министр Олжас Бектенов АҚШ Президентінің арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесу өткізді. Онда екі ел арасындағы сауда, инвестиция және технология салаларындағы әріптестікті дамыту мәселелерін талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қазан, 2025
Депутаттар ЛГБТ насихатына заңды түрде тыйым салуды көздеп отыр
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу қажет екенін, мұндай ұйымдар ұлттық құндылықтарымызды таптап, ұрпақ тәрбиесіне қауіп төндіретінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Қазан, 2025
Қараша айының 10-13 күндері аралығында Семейде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында ҚР Чемпионаты өтеді. Жарыс Дзюдо федерациясының YouTube арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб Ұлттық музейге барды
Ұлттық музейде Қазақстан мен Финляндия президенттеріне ежелгі заманнан бастап қазіргі дәуірге дейінгі кезеңді қамтитын бірегей тарихи-мәдени құндылықтар таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 29 Қазан, 2025
Полицейлер Бурабайда үш адамды құтқарды
Бурабай ауданының патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Бауыржан Ғалымов пен Аян Қанғожин жедел әрі кәсіби әрекеттерімен Щучинск-Бурабай тасжолында болуы мүмкін қайғылы жағдайдың алдын алып, жүргізуші мен екі жолаушының өмірін сақтап қалған. Оқиға 24 қазанда болған, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 29 Қазан, 2025
«Келешек мектептерінің» педагогтері біліктілікті арттыру курстарынан өтті
Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуды жалғастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Қазан, 2025
Абдулла Батырбек жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалына шықты
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында джиу-джитсу жарыстары тартысты басталды. Қазақстандық балуан Абдулла Батырбек ел намысын абыроймен қорғап, финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қазан, 2025
Биыл 11 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
2025 жылдың басынан бері 11 012 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 159,1 мың этникалық қазақ оралған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қазан, 2025
Атырау облысында баланы түйе таптап кеткен
Көпқабатты үй ауласында ойнап жүрген баланы түйе таптап, зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қазан, 2025
LRT Қосшы қаласына дейін кеңейтіледі
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, LRT-ның келесі желісі Косшы бағытына қарай салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 29 Қазан, 2025
Берік Бейсенғалиев: Еліміздегі жылу желулерінің басым бөлігі тозған
Жамбыл облысының Шу қаласында жылу желілерінің тозуы - 70%-ға жеткен. Орал қаласында ЖЭО 86%-ға дейін тозса, Қарағанды қаласында бұл көрсеткіш - 81%-ға, Павлодарда 79%-ға жеткен және Қостанай облысының Арқалық қаласында 70%-ға дейін тозған, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 29 Қазан, 2025
Түркияның Коджаэли провинциясында жеті қабатты тұрғын үй құлады
Түркияның Коджаэли провинциясындағы Гебзе қаласында жеті қабатты тұрғын үй опырылып түсті. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, үйдің астында адамдар қалуы мүмкін. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары қарқынды жүргізіл3п жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтем жасап.
Елорда • 29 Қазан, 2025
Астанада 36 мыңнан астам тұрғын жаңа жұмыс кестесіне ауысты
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Нұра ауданы тұрғындарымен кездесу барысында жаңа жұмыс уақытының режиміне негізінен мемлекеттік органдардың, ұлттық және коммуналдық компаниялардың қызметкерлері көшкенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Серджио Гор және Кристофер Ландаумен кездесті
Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Қазан, 2025
Депутат цифрлық контенттің шынайылығын тексеру жүйесін енгізуді ұсынды
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Сергей Пономарев Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы Жаслан Мәдиевке дипфейктердің кең таралуына қатысты депутаттық сауал жолдап, бұл құбылыстың ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретінін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Қазан, 2025
Қысқы Олимпиадаға 100 күн қалды
XXV қысқы Олимпиада 2026 жылы ақпан айының 6-22 күндері аралығында Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццода және басқа да қалаларында өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қазан, 2025
Қазақстанда археологиялық жұмыстардың бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылады
Бүгін Мәжілісте тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау және пайдалану мәселелерін қамтитын заң жобасы қаралып, бірінші оқылымда мақұлданды. Құжат Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайда берген археологиялық қызметті реттеу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында депутаттардың бастамасымен дайындалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Қазан, 2025
АҚШ Президентінің арнайы өкілі мен Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Ақордаға келді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Қазан, 2025
Ауыр атлет Азия додасында екі жүлде еншіледі
Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында отандасымыз қоржынға екі медаль салды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 29 Қазан, 2025
Медициналық қызметтердің сапасы төмендеп кеткен - депутат
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Фракциясының мүшесі Нұрлан Әуесбаев азаматтардың ай сайынғы тұрақты жарналарына қарамастан, медициналық қызметтердің сапасы мен оған қолжетімділік 47%-ға дейін төмендеп кеткенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қазан, 2025
Осакаров ауданында полицияның жедел басқару орталығы ашылды
Орталық жүйесіне қоғамдық орындарда және аудан орталығының көшелерінде орнатылған 109 бейнебақылау камерасы қосылған, сондай-ақ мектептер мен балабақшаларда 900-ден астам камера біріктірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қазан, 2025
Елімізде археологиялық материалдардың мемлекеттік қоры құрылады
Мәжілістің жалпы отырысында тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғауға арналған заң жобасы қаралды. Құжатты таныстырған депутат Асхат Аймағамбетов елімізде алғаш рет археологиялық материалдардың мемлекеттік қоры құрылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Қазан, 2025
Еліміздің 8 боксшысы жасөспірімдер Азиадасының алтын жүлдесіне таласады
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектері аяқталды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Қазан, 2025
Қазақ күресінен Азия чемпионаты өтіп жатыр
Түркістан қаласында қазақ күресінен ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қазан, 2025
Қазақстанға жұмыс істеуге қай елдің азаматтары жиі келеді
Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 666 шетел азаматы еңбек етіп жүр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 29 Қазан, 2025
Кенияда ұшақ апатынан 11 адам қаза тапты
Кенияда шетелдік туристерді тасымалдаған Mombasa Air Safari компаниясына тиесілі шағын ұшақ апатқа ұшырады. Агенттік мәліметінше, әуе апаты салдарынан ұшақ бортында болған барлық 11 адам қаза тапқан. Олардың ішінде бір кениялық ұшқыш, сегіз Венгрия және екі Германия азаматы болған, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Энергетика • 29 Қазан, 2025
Энергетикадағы жаңа дәуір басталды
Энергетика саласы жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар есебінен түбегейлі жаңғырып келеді. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, электр энергиясын өндіру, бөлу мен тұтыну процестерін автоматтандыру тиімділікті арттырудың әрі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі тетігіне айналған.
Экономика • 29 Қазан, 2025
Қазақстан 2029 жылға қарай еліміз жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) деңгейін $450 млрд-қа дейін екі есе өсіруді және кемінде $150 млрд көлемінде инвестиция тартуды мақсат етіп отыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 29 Қазан, 2025
Биыл бизнеске жүргізілетін тексерулер саны 1,9%-ға азайды
2024 жылғы қабылданған бизнес жүргізу мәселелері жөніндегі заңның арқасында бизнесті тексеру азайып келеді. Жаңа тәсіл бойынша қадағалау жүйесі тексеруден профилактикалық шараларға көшу тұрғысында қайта қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.