е
Парламент • 28 Қазан, 2025
Мәулен Әшімбаев: Парламенттік реформа – демократиялық даму жолындағы маңызды қадам
ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев 24KZ телеарнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасында Мемлекет басшысы ұсынған парламенттік реформаның мақсаты мен маңызына түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 28 Қазан, 2025
Еліміздің балеттегі белесі биіктеді
Қытайда Би білімінің дүниежүзілік альянсы (World Dance Education Alliance) аясында IX Бейжің балет байқауы және Бейжің би академиясының форумы өтті. Байқауда ел намысын Қазақ ұлттық хореография академиясының студенті Әбілмансұр Сырманов қорғады. Финалда ол А. Аданның «Жизель» балетіндегі Альберттің вариациясын және заманауи би нөмірін орындап, алтын медаль иегері атанды, деп жазады Egemen.kz
Саясат • 28 Қазан, 2025
Александр Стуббтың елімізге ресми сапары аясында 15 құжатқа қол қойылды
Финляндия Президенті Александр Стуббтың елімізге ресми сапары аясында 15 құжатқа қол қойылды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 28 Қазан, 2025
Қазақстан мен Финляндия Президенттері Бірлескен мәлімдеме қабылдады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Финляндия Республикасының Президенті Александер Стубб 2025 жылғы 28 – 29 қазанда Қазақстанға ресми сапармен келді. Екі ел Президенттері келіссөз қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Республика күні • 28 Қазан, 2025
Осал санаттағы отбасылар баспаналы болды
Таяуда Көкшетаудың сексеннен астам тұрғыны баспаналы болды. Жайлы пәтерлер реновация бағдарламасы аясында және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға берілді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 28 Қазан, 2025
Астанада Қонаев көшесі бойындағы көлік қозғалысы қайта жанданады
Астана әкімдігінің хабарлауынша, 28 қазаннан бастап Д.Қонаев көшесімен көлік қозғалысы қайта ашылды. Қозғалыс Тұран даңғылы мен Қабанбай батыр даңғылының арасындағы учаскеде қалпына келтірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 28 Қазан, 2025
Александр Стубб: «Астана» велокомандасының жейдесі үйімнің төрінде әлі күнге сақтаулы тұр»
Елімізге Финляндия Президенті Александр Стубб ресми сапармен келді. Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев пен Финляндия Президенті Александр Стубб екі ел делегацияларының қатысуымен келіссөз өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 28 Қазан, 2025
Тарихта теннистің небір ұмытылмас сәттері болғанымен, 2010 жылғы Уимблдон турниріндегі Джон Изнер мен Николя Маю арасындағы матч ерекше есте қалды. Бұл кездесу әлемдік спорт тарихындағы ең ұзақ матч ретінде рекорд орнатқан, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 28 Қазан, 2025
Өтпелі кезеңнің энергетикасы: Қазақстан болашақтың тұрақты энергия жүйесін қалай құрып жатыр
Алматыда өтіп жатқан Powerexpo Almaty 2025 сарапшыларының айтуынша, энергетикадағы «тұрақтылық» ұғымы тұрақтылықтың синонимі болудан қалды. Бұл жүйенің сұраныс ауытқуларына, технологиялық іркілістерге және климаттық тәуекелдерге бейімделу қабілеті ретінде жиі түсіндіріледі, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 28 Қазан, 2025
Тәжен ауылында медициналық пункт ашылды
Бейнеу ауданына қарасты Тәжен ауылында 25 қазан – республика күні қарсаңында жаңа медициналық пункт ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Президент • 28 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Финляндия Президентімен келіссөз жүргізді
Кездесуде Қ.Тоқаев Финляндия Президентінің сапары екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 28 Қазан, 2025
Түркияның батыс бөлігінде түн ортасында тіркелген қуатты жер сілкінісі Ыстамбұл мен Измир тұрғындарын дүр сілкіндірді. Алғашқы деректерге қарағанда, дүмпу Балыкесир провинциясының Сындыры ауданынан бастау алған, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолыға сілтеме жасап.
Digital • 28 Қазан, 2025
Үй жинайтын, тамақ пісіретін, көңіл серпілтер әңгіме айтып, қарияларды баптап күтетін роботтар даярланып жатыр. Бірақ адам баласы оларға сенім арта ала ма? Әлеуметтік күтім саласында жаңа дәуірдің басталды. Бұл технология туралы BBC агенттігінің тілшісі Паллаб Гхоштың материалын қазақ оқырманына ұсынуды жөн көрдік, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 28 Қазан, 2025
Маңғыстауда заманауи демалыс кешені және балалар лагері ашылды
23 қазанда Республика күні қарсаңында Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында орналасқан жаңа «Aqqu Resort & Camp» демалыс және қонақ үй кешені ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Қазан, 2025
Ақордада Финляндия Президентін қарсы алу рәсімі өтті
«Ақорда» резиденциясында Финляндия Президенті Александр Стуббты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 28 Қазан, 2025
Теннисші Александр Бублик бір маусымда 34 рет жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші Александр Бублик 2025 жылғы маусымда өзінің кәсіби мансабындағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Әлемнің 16-ракеткасы Парижде өтіп жатқан «Мастерс» сериясындағы алғашқы айналымда аустралиялық Алексей Попыринді 6:4, 6:3 есебімен ұтып, ATP турнирлеріндегі биылғы маусымдағы 34-ші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республика күні • 28 Қазан, 2025
Республика күнінде еліміздің бірқатар өңірлерінде жаңа білім беру нысандары ашылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 28 Қазан, 2025
Бектенов Салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығын іске қосуды тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Энергетика, Жасанды интеллект және Қаржы министрліктеріне 2026 жылдың соңына дейін энергетика салаларында Салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығын іске қосуды тапсырды. Бұл бастама Мемлекет басшысының цифрландыру саласындағы тапсырмалары аясында жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 28 Қазан, 2025
Қазақстанда 2029 жылға қарай электр тапшылығы жойылады
Еліміз алдағы төрт жылда энергетика саласын айтарлықтай күшейтіп, 2029 жылға қарай электр энергиясы бойынша толық қамтамасыз етілген әрі экспортқа әлеуеті бар мемлекетке айналуды көздеп отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 28 Қазан, 2025
Алматы бюджетінің кірісі биыл 1,6 трлн теңгеге жетті
2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Алматының жергілікті бюджетінің кірісі 1,6 трлн теңгеге жетті. Қала әкімдігі бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға артық екенін мәлімдеді. Болжам бойынша, жыл соңына дейін қала бюджетіне түсімдердің жалпы көлемі 2,3 трлн теңгеден асуы мүмкін, бұл мегаполис тарихындағы рекордтық көрсеткіш болуы ықтимал, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Қазан, 2025
Ризабек Айтмұқан әлемдік аренада тағы бір жүлдеге қол жеткізді
Еркін күрестен 2023 жылғы әлем чемпионы, Азия чемпионатының 3 дүркін күміс жүлдегері Ризабек Айтмұқан Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қазан, 2025
Химия пәнінен халықаралық олимпиада басталды
Жезқазған қаласындағы С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының қазақ музыкалық-драма театрында Қаныш Сәтбаев атындағы 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша халықаралық олимпиаданың ашылу салтанаты болды. Халықаралық олимпиада 27 қазан - 1 қараша аралығында өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 28 Қазан, 2025
Транзиттік тасымал көлемі 25,8 млн тоннаға дейін жетті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында елдің көлік және логистика саласында кең көлемді жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бастамалар өңірлердің өзара байланысын жақсартып, ұлттық экономиканың тұрақты дамуына негіз болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 28 Қазан, 2025
Отын-энергетика кешенін бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесі құрылады
Бүгін Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов еліміздің энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту, саланы цифрландыру жұмыстарының барысы туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Қазан, 2025
Қ.Тоқаев Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Digital • 27 Қазан, 2025
Алатауда 5G желісі іске қосылды
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Алатау қаласында байланыс сапасын жақсарту және интернет қолжетімділігін арттыру мақсатында жұмыс сапарын өткізді. Сапар барысында 5G желісінің алғашқы базалық станциясы іске қосылып, өңірдің телекоммуникациялық инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған жол картасына қол қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 27 Қазан, 2025
Футболшы Андрей Морев дүние салды
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Морев 52 жасында қайтыс болды. Қаралы хабарды Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 27 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселесі талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 27 Қазан, 2025
Абзал Нүкенов қызметінен босатылды
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Абзал Нүкенов Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 27 Қазан, 2025
Марихуана тасымалғандар ұсталды
«Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің және Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз тасымалдаған күдіктілер тобын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.