е
Президент • 24 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Республика күніне арналған салтанатты кешті тамашалады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған «Рухтың асқары – Қазақстан» мерекелік концертіне барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 24 Қазан, 2025
Атырау облысында қанша мемлекеттік қызметші жұмыс істейді?
Атырау облысында 253 мемлекеттік орган бар. Бұл салада 3002 штат болғанымен, жұмыс істейтіндердің саны – 2743 адам, деп жазады Egemen.kz.
Марапат • 24 Қазан, 2025
Аида Балаева сала қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Республика күніне орай Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева отандық мәдениет, өнер және медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан 62 қайраткерге мемлекеттік награда табыстады. Марапаттау рәсімі Астанада Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 24 Қазан, 2025
Археологиялық ғылымның даму бағытын талқылады
Есік мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Археология саласындағы халықаралық зерттеулер: тәжірибе, нәтижелері мен басым бағыттары» тақырыбында «Есік оқулары» VI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 24 Қазан, 2025
Автожолшылар күні алғаш рет аталып өтті
Көлік министрлігінде алғаш рет Жол саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтіп, жол саласы ардагерлері мен жас буын және қызмет етіп жүрген ұйым өкілдері бас қосты, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 24 Қазан, 2025
Астанада үстел теннисінен Президенттік кубок өтеді
Жарысты Nomad үстел теннисі академиясы Туризм және спорт министрлігі мен Қазақстанның үстел теннисі федерациясының қолдауымен ұйымдастырып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 24 Қазан, 2025
Жезқазған қаласында облыстық музейде және қолөнер шеберлерінің жеке қорында сақталған көне кимешектер көпшілік назарына ұсынылды. «Киелі кимешек» көрмесі Республика күніне орай ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 24 Қазан, 2025
Жеті тілге аударылған «Ұрпаққа ұлағат» кітабының тұсаукесері өтті
Ұлттық академиялық кітапханада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында жеті тілге аударылған «Ұрпаққа ұлағат» кітабының тұсаукесері өтті, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 24 Қазан, 2025
Су саласының 266 маманы марапатталды
Республика күні қарсаңында су шаруашылығы саласының қызметкерлері мен ардагерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградаларды ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов табыстады. 266 қызметкердің салаға сіңірген еңбегі ерекше атап өтілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қазан, 2025
Әлеуметтік-еңбек саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді
Премьер-министр Олжас Бектенов Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған халықаралық форумға қатысып, кәсіби мереке қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан әлеуметтік-еңбек саласының өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыс етті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзі
Еліміздің ең басты мерекесі – Республика күні құтты болсын! Ұлттық мейрам қарсаңында дәстүрге сай Ақорда төрінде мемлекетіміздің үздік азаматтарымен бірге жиналып отырмыз. Биыл еліміз азаттықтың мерейлі белесіне жетті. Осыдан 35 жыл бұрын Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Дәл осы күні сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүріміз қайта жаңғырды. Көп ұзамай жұртымыз Тәуелсіздік байрағын көтерді. Тарихи әділдік орнап, ұлттың рухы асқақтады. Сондықтан бұл күнді халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн деуге болады.
Президент • 24 Қазан, 2025
Тоқаев: Егемендік туралы декларация, бұл – мемлекеттігіміздің берік арқауы
Президенттің айтуынша, Мемлекетіміздің Егемендігі туралы декларацияның 35 жылдығы – еліміз үшін аса маңызды тарихи меже, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Қазан, 2025
Президент: Мемлекеттік маңызы бар кез келген мәселе бойынша шешуші сөзді азаматтарымыз айтуға тиіс
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Қазан, 2025
Қ.Тоқаев: Қазақстан күшті президенттік билікке арқа сүйеген мемлекет болып қалуға тиіс
Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында Қазақстан Республикасы күшті президенттік билікке арқа сүйеген мемлекет болып қалуға тиіс екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Қазан, 2025
Қазақстан алдағы уақытта да теңгерімді әрі сындарлы сыртқы саясат жүргізеді - Президент
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Қазан, 2025
Соңғы 5 жылда қылмыс саны, көшедегі бұзақылық едәуір азайды – Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның қауіпсіз әрі әділетті мемлекет болуы үшін «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының маңызын ерекше атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Қазан, 2025
2019 жылдан бері экономикамыз 16% өсті – Тоқаев
Бұл туралы Президент Республика күніне арналған салтанатты жиында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көрме • 24 Қазан, 2025
KazAgro/KazFarm-2025 халықаралық көрмелері өтіп жатыр
Астанада «EXPO» халықаралық көрме орталығында ExpoGroup халықаралық көрме компаниясы ұйымдастыруымен Орталық Азиядағы ең ірі ауыл шаруашылығы көрмелері – KazAgro/KazFarm-2025 өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Қазан, 2025
Президент Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн деуге болатынын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 24 Қазан, 2025
Аңсаған Балтабеков полицейлерді Республика күнімен құттықтады
Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков Ақмола облысының Полиция департаментіне барды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Қазан, 2025
Еліміздің су саласына Қытай корпорациясы инвестиция салады
Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров Energy China корпорациясының президенті Цяо Сюбинь бастап келген ҚХР делегациясымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 24 Қазан, 2025
Келешек мектептері үшін кадрлар қалай даярланып жатыр
«Келешек мектептері» – тұрғылықты жерінде, қолжетімді әр оқушыға сапалы білім беруді көздейтін білім ордалары. Олар гимназия немесе лицей емес, өзіндік оқу-тәрбие үдерісі бар баланың жан-жақты дамуына жағдай жасайтын мектептер. Ұлттық жоба аясында 460 мың орынға шақталған 217 мектеп ашылады деп жоспарланған. Қазір жоспардың 69 пайызы орындалды. Бұл дегеніміз – 151 білім мекемесі, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 24 Қазан, 2025
Мереке қарсаңында Каспий теңізіне жаңа кеме түсірілді
Республика күні мерекесіне орай Ақтаудағы 20-кемелер айлағында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне қарасты Жағалау күзеті бірінші дивизионының «Семей» кіші күзет кемесіне теңіз дәстүріне сай ту көтеру салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 24 Қазан, 2025
Жетісу облысында 8 жаңа медициналық нысан ашылды
Мемлекет басшысының ауылда медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Жетісу облысында алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ФАП, медициналық пункттер және дәрігерлік амбулатория ел игілігіне тапсырылды, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 24 Қазан, 2025
Қайта оралған ұлы күн – нағыз ұлттық мереке
1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды, биыл оған 35 жыл. Ақжолтай құжат – еліміздің Тәуелсіздік алуына жол ашты. Халқымыз егемендікке бастайтын жолды ұзақ жылдар бойы жүріп өтті. Зиялылар ұлт санасын сақтау үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасады. Бостандыққа ұмтылыс Желтоқсан оқиғасында айқын көрінді. Декларация – халқымыздың ұзақ жылғы күресінің нәтижесі. Бұл – қазақтың сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүрі жаңғырып, азаттық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн, сол себепті баға жетпес құбылыс іспетті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қазан, 2025
Жас ғалымдарға пәтер кілті табысталды
Республика күнінде 16 жас ғалымға пәтер сертификаттарын салтанатты түрде табыстады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Қазан, 2025
Бірқатар ғалым мемлекеттік сыйлыққа ие болды
Президент ҚР-ның әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 24 Қазан, 2025
Күзгі гид: кітаптар және музыка: жайлы кештерге арналған таңдаулар Яндекс Плюс жазылымында
Президент • 24 Қазан, 2025
Солтүстік Қазақстан облысының механизаторы «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Республика күні • 24 Қазан, 2025
ҚазҰУ-да Егемендік декларациясының 35 жылдығы аталып өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Республика күні мен еліміздің егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына арналған «Мемлекеттік егемендік туралы декларация және қазіргі Қазақстан: сын-қатерлер, жетістіктер, тұрақты дамудың ауқымы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.