Бокс • Кеше

Майк Тайсон Флойд Мейвезермен жұдырықтасады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыр салмақ дәрежесінің даңқты өкілі Майк Тайсон ұзақ уақыт бойы талқыланған Флойд Мейвезермен жек-жекті келесі жылдың наурыз айында Африкада өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Майк Тайсон Флойд Мейвезермен жұдырықтасады

Фото: BBC.com

Осыған дейін жекпе-жектің болашағына қатысты түрлі болжамдар айтылған. Әсіресе Мейвезердің мансабындағы басқа жобаларды қарастыруы кездесудің тағдырын бұлыңғыр еткен еді. Соған қарамастан, Тайсон дайындық тоқтамағанын, тек ұйымдастырушылар нақты орын мен күнді бекітіп жатқанын хабарлады.

Екі боксшының физикалық айырмашылығы айтарлықтай болғандықтан, жекпе-жек ресми мәртебеге ие болмайды. Тайсон соңғы кездесуінде 100 келіден асқан салмақпен шыққан, ал Мейвезердің кәсіби рингтегі соңғы салмағы 70 келіге жуық болған. 

Спорт сарапшыларының пікірінше, бұл кездесуді ұйымдастыруға қаржылық ұсыныстардың әсері айрықша болған. БАҚ-та Мейвезер келісімге қол қойғаннан кейін алғашқы сыйақысын алып үлгергені туралы ақпарат та тараған.