м
Ғылым • 22 Мамыр, 2026
Қатерлі ісікті анықтауға бес сурет жеткілікті: Жас ғалым әзірлеген алгоритмнің ерекшелігі қандай?
АҚШ-тың Финикс қаласында өткен Regeneron ISEF 2026 дүниежүзілік ғылыми-инженерлік көрмесінде Қазақстан атынан жеті оқушы бес ғылыми жобаны ұсынып, ел намысын қорғады. Әлемнің 60-тан астам елінен 1700-ге жуық жас зерттеуші қатысқан байқауда Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Арнұр Артықбай Сауд Арабиясының Король Фахд атындағы Мұнай және пайдалы қазбалар университетіне (KFUPM) білім беру грантын иеленді. Жасанды интелект арқылы қатерлі ісікті анықтауға арналған жоба дайындап шығарған жас дарын жүйенің ерекшелігін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Мамыр, 2026
9 және 11 сынып түлектерінің қорытынды емтиханды қашан тапсыратыны белгілі болды
Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен 2025-2026 оқу жылындағы қорытынды аттестацияны өткізу тәртібі бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 22 Мамыр, 2026
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Сот отырысы 28 мамырда өтеді
Алматы полициясы әл-Фараби даңғылындағы резонанс тудырған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеуді аяқтады. Енді іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Мамыр, 2026
Гондурастағы екі қарулы шабуыл салдарынан 25 адам қаза тапты
Гондураста болған екі қарулы шабуыл салдарынан 25 адам, оның ішінде 6 полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Мамыр, 2026
АҚШ-қа виза уәде етіп, қазақстандықтарды 900 млн теңгеге алдаған турфирма басшысына үкім шығарылды
Сотталушы қазақстандықтарға АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Шенген аймағына кіретін мемлекеттерге ұзақ мерзімді визалар ресімдеуге, сондай-ақ тұрғын үй және азаматтық алуға жәрдемдесуге уәде берген, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 21 Мамыр, 2026
Абай облысында арнайы экономикалық аймақ құрылады
Абай облысының аумағында арнайы экономикалық аймақ құру мәселесі Үкімет тарапынан қолдау тапты, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 21 Мамыр, 2026
Допинг дауы: Қазақстандық балуан төрт жылға жарыстардан шеттетілді
Қазақстандық еркін күрес шебері Мадхия Усманова антидопингтік ережелерді бұзғаны үшін жарыстарға төрт жылға шеттетілді, деп хабарлайды, Egemen.kz
Әлем • 21 Мамыр, 2026
Илон Масктың SpaceX компаниясы IPO-ға қатысуға құжат тапсырды
Илон Маск компаниясы 12 маусымда биржаға шығуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 21 Мамыр, 2026
Жетісу облысында жарты тонна заңсыз ақбөкен мүйізі табылды
Панфилов ауданында полиция прокуратурамен және ҰҚК-мен бірлесіп жалпы салмағы 500 келіден асатын сирек кездесетін жануарлардың 1,6 мыңнан астам мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 21 Мамыр, 2026
Павлодар облысындағы зауыттан құны 10 млн теңге болатын металл ұрланды
Полиция өндірістік нысанның аумағынан түнде жүк көлігімен түсті металл ұрлап әкеткен үш күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 21 Мамыр, 2026
Алматы облысында 10 мың гектар жайылым жер егістікке айналды
Алматы облысының Ұйғыр ауданында жайылым жерлерін заманауи суармалы егістік алқаптарына айналдыру бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 21 Мамыр, 2026
Жезқазғанда кәріз коллекторын тазалау кезінде жұмысшы қаза тапты
Жазатайым оқиға Абай мен Чехов көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 21 Мамыр, 2026
Қазақстандық түлектер ҰБТ сертификатымен Малайзия университеттеріне түсе алады
Қазақстанның ҰБТ сертификаты Малайзияның Жоғары білім министрлігі тарапынан ресми түрде танылып, ел университеттерінің бакалавриат бағдарламаларына қабылдау кезінде ұсынылатын құжаттар тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Мәдениет • 21 Мамыр, 2026
Соңғы үш жылда мәдениет саласының 592 өкілі мемлекеттік наградалармен марапатталды
Астанада Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Кәсіби мерекеге орай мәдениет және өнер қызметкерлері Президент атынан марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 21 Мамыр, 2026
2027 жылы Астанада үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді
Астанада ITTF World Table Tennis Championships Finals Astana 2027 әлем чемпионатын ұйымдастыруға арналған халықаралық науқанның ресми таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 21 Мамыр, 2026
Мануэль Нойер бесінші рет әлем чемпионатына қатысады
«Бавария» клубының қақпашысы Мануэль Нойер биылғы әлем чемпионатына қатысатын Германия құрамасының тізіміне енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімін қабылдады
Президентке өңірдің былтырғы және 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғылым • 21 Мамыр, 2026
Алматыда түркі әлеміне арналған халықаралық симпозиум өз жұмысын бастады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «I Баку түркология құрылтайының мұрасы және XXI ғасырдағы түркі әлемі» тақырыбында халықаралық симпозиум басталды. Алқалы жиын түркі халықтарының ғылыми және зияткерлік дамуында айрықша орны бар, 1926 жылы өткен құрылтайдың 100 жылдығына арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 21 Мамыр, 2026
Вице-премьер Түркістан облысында 9 бала қаза тапқан өрттің себебін атады
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысының Алғабас ауылындағы адам өліміне әкелген өрттің себебін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 21 Мамыр, 2026
Депутат бірыңғай логистикалық экожүйе құруды ұсынды
Мәжілістің жалпы отырысында «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Әбутәліп Мүтәлі Қазақстанның халықаралық транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану және көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Мамыр, 2026
Дәрігерлер: Жабық формадағы туберкулез қоғамға қауіп төндірмейді
Қазақстанда туберкулезбен күрес жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соңғы жылдары елімізде аталған сырқат бойынша көрсеткіштердің біртіндеп төмендеуі байқалғанымен, дәрігерлер сақтықты бәсеңдетпеу керектігін айтады. Осы орайда Астанадағы №8 қалалық емхананың салауатты өмір салты дәрігері Аружан Ерболқызымен және осы емхананың физиатр дәрігері Азамат Асылбекұлымен туберкулез дертінің қазіргі ахуалы, алдын алу және емдеу жолдары туралы әңгімелескен едік, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Мамыр, 2026
Денсаулық сақтау министрлігі блогер Сәуле Базарханның өліміне қатысты тексеру жүргізеді
Қазақстандық блогер әрі кәсіпкер Сәуле Базархан қайтыс болғаннан кейін әлеуметтік желілерде пластикалық және косметологиялық клиникалардың жұмысына қатысты қызу талқылау басталды. Әсіресе, Алматыдағы Smart Beauty Clinic-те бұған дейін осындай жағдай болғаны, клиниканың атауын өзгертіп қайта жұмысын жалғастырғаны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Egemen.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне ресми сауал жолдады. Министрлік оқиғаны ерекше бақылауға алып, тексеруді бастағанын мәлімдеді.
Тағайындау • 21 Мамыр, 2026
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Әділ Миратұлы Құсманов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 21 Мамыр, 2026
Депутат былапыт сөз қолданылатын тренингтерге баға беруді талап етті
AMANAT фракциясының депутаттары Премьер-министр Олжас Бектеновке жаппай тренингтер мен іс-шараларда былапыт сөздерді ашық қолдану фактілеріне құқықтық әрі этикалық баға беру туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 21 Мамыр, 2026
Алматыда қоқысты электр энергиясына айналдыратын кәсіпорын бой көтереді
Премьер-министр Олжас Бектенов қалдықтарды энергияға айналдыру саласындағы ҚХР мен Орталық Азиядағы ірі жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі бар жетекші қытайлық компаниялардың бірі – Hunan Junxin Environmental Protection Co., Ltd компаниясының директорлар кеңесі төрағасы Дай Даогомен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 21 Мамыр, 2026
Президент әнші Мақпал Жүнісова мен домбырашы Татьяна Бурмистрованы марапаттады
Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде төл мәдениетіміздің өрісін кеңейтіп, халқымыздың рухани дүниетанымын байыту жолында жемісті еңбек етіп жүрген бір топ азаматты жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы шешім қабылдағанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 21 Мамыр, 2026
Германия Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокурорын экстрадициялаудан бас тартты
Германия билігі Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновті елге экстрадициялаудан бас тартты. Бұл ақпаратты Бас прокуратура растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Мамыр, 2026
Ыбықты сай шатқалындағы оқиға бойынша қатаң қорытынды шығару керек: Президент вандализм туралы
Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, қоғамдық сананы жаңғырту жөнінде пайымымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Мамыр, 2026
Президент: Жастарымызды қатаң, тіпті қатігез бәсекелес ортада табысқа жетуге даярлауымыз керек
Қасым-Жомарт Тоқаев кеше ғана Астанада Алтын Орда рөлін адамзат жылнамасының бірегей тарихи, мәдениет және өркениет жобасы ретінде ғылыми тұрғыдан объективті зерделеуге арналған халықаралық симпозиум өткенін еске салып, аталған шараның мән-маңызына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы: Өнерпаздарға берілетін мемлекеттік стипендия көлемі екі есе өседі
Мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген сөзінде Президент ұлт руханиятына адал қызмет етіп жүрген мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше мән беріп отыратынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.