Ар
Әскер • 06 Қаңтар, 2026
Қатардағы жауынгер 5 тілде еркін сөйлейді
Ұлттық қорғаныс университеті әскери-ғылыми взводының инженерлік-техникалық бөлімшесінің қатардағы жауынгері Мәди Қайсарұлы түрік, славян, роман, герман, яғни 4 түрлі тілдік топқа жататын 5 тілде сөйлейді екен, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 06 Қаңтар, 2026
Қостанай облысындағы шахтада жарылыс болып, жұмысшы жарақат алды
Қостанай облысындағы «Соколов» шахтасында болған жарылыс салдарынан скреперлік шығыр машинасы істен шығып, жұмысшы зардап шекті. Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Қаңтар, 2026
1 апта бұрын жоғалған жасөспірім Алматыдан табылды
30 желтоқсан күні Алматыдағы Есенов көшесіндегі үйінен орталыққа ұялы телефонын жөндетуге шыққан жасөспірім үйіне оралмаған. Қалалық полиция 2011 жылы туған тұрғынның жоғалып кетуіне байланысты іздеу жариялаған, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 06 Қаңтар, 2026
Отандық оқу орны алғаш рет Horizon Europe жеңімпазы атанды
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Horizon Europe бағдарламасының конкурстық іріктеуінде жеңіске жетті. Аталған бағдарлама – Еуропалық Одақтың ең ірі әрі жоғары бәсекеге қабілетті ғылыми-зерттеу және инновациялық құралы саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 05 Қаңтар, 2026
Павлодарда ауыл тұрғындары тағы бір аққуды құтқарды
Маралды ауылының тұрғындары сыңарынан айрылып, жалғыз қалған аққуды тауып алған. Қазіргі күні ол облыстағы хайуанаттарға арналған арнайы питомникке орналастырылды, дер хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 05 Қаңтар, 2026
Аты аңызға айналған футболшы әрі бапкер Марат Есмұратов өмірден өтті
5 қаңтарда Қызылорданың «Қайсар» клубының бұрын футболшысы және Қазақстан құрамасының танымал қорғаушысы болған 64 жастағы Марат Есмұратов дүние салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Қаңтар, 2026
Еліміздің екі өңірінде жол жабылды
Бүгін сағат 17:00-де 2 облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Жол бөліктерінің жабылуы ауа райының бұзылуына байланысты болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 05 Қаңтар, 2026
Қазақ сарбазы АҚШ-та өткен «Best Warrior» байқауында рекорд орнатты
Қазақстан әскери қызметшілері Аризонадағы халықаралық Best Warrior байқауында рекорд орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2026
Индира Рыстина: Озық ойлы ел боламыз десек, әр іске жауапкершілікпен қарауымыз керек
Саясаттанушы, ЕҰУ-дың сапаны қамтамасыз ету және ішкі бақылау жөніндегі проректоры – басқарма мүшесі Индира Рыстинаның айтуынша, Президенттің жыл басындағы сұхбаты ел дамуының жаңа кезеңіндегі басты талапты айқын көрсетті. Мемлекет институционалдық негізді қалыптастырды, ендігі міндет – сол негізді нақты нәтижеге айналдыру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қаңтар, 2026
Алматы облысында NEET санатындағы жастар саны азайған
Алматы облысында 2025 жылы жастарды қолдауға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылып, нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Жыл қорытындысы бойынша өңірде жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, білім беру, волонтерлікті қолдау және инфрақұрылымды жетілдіру бағыттарында ауқымды жұмыстар атқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Президент: Жемқорлықтан аулақ болуды балалардың құлағына жастайынан құйған жөн
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дербес мәртебесінің жойылуына қатысты қоғамдағы күмәнге нүкте қойды. Президенттің айтуынша, бұл қадам жемқорлықпен күресті әлсіретпейді, қайта оның тиімділігін арттырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Президент: Сырттағы ағайынның тарихи отанына оралғанын құптаймын
Бүгін Мемлекет басшысының «Түркістан» газетіне берген кең көлемді сұхбаты барысында қандастар мәселесі туралы да айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Президент БҰҰ-дағы жұмысына қайта оралуы туралы сыбысқа қатысты жауап берді
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген мазмұнды сұхбаты жарық көрді. Сұхбат барысында Президент 2025 жылдың екінші жартысы Қазақстанның сыртқы саясаты үшін аса маңызды кезең болғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы: Тарихи парадокстар бізде де аз емес
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында тарихқа деген көзқарасы, саясаттағы әзілдің рөлі және өткен дәуір тұлғаларының тарихи парадокстары туралы ой бөлісті. Президент тарихты танып-білу маңызды болғанымен, оны қазіргі саяси мүдделерге құрал етпеу керектігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Заң • 05 Қаңтар, 2026
Мемлекеттік құпияны жария еткен түзеу мекемесінің бастығына сот үкімі шықты
Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, мемлекеттік құпия мәліметтерді жария еткен Павлодардағы №45 түзеу мекемесінің бұрынғы басшысына қатысты үкім шықты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Қаңтар, 2026
Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте жоғарылады
Қазақтың танымал шахматшысы Бибісара Асаубаеваның өткен жылдың соңғы күндері Катардың астанасы – Дохада шахматтың блиц түрінен өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа таққанын бұған дейін де жазғанбыз, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 05 Қаңтар, 2026
Тоқаев: Қазақстан Азия үшін ет өнімдерінің ірі экспорттаушысы бола алады
Президенттің айтуынша, әлем елдерінің басым бөлігі ауыл шаруашылығына қомақты қаржы бөледі, Қазақстан да солардың қатарында, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Президент Парламент төрағасы лауазымы туралы: Менің саяси қағидаттарыма қайшы
Бүгін «Turkistan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды сұхбаты жарияланды. Сұхбатта Президент өткен жылды қорытындылап, ел көкейіндегі сауалдарға жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жол-көлік оқиғаларына қатысты ахуалдың біртіндеп жақсарып келе жатқанын айтты. Мемлекет басшысының сөзінше, қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде жол апаттарынан болған адам өлімі 9,4%-ға төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Әріп қатесін суқаным сүймейді: Президент сөйлейтін сөздердің мәтінін өзі қарайтынын айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында өзінің өмірлік ұстанымы мен мінез-құлқына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Тоқаев Қаңтар оқиғасы жайында: Бір мезетте он екі қалада жаппай тәртіпсіздік белең алды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар оқиғасына қатысқан азаматтарға байланысты сот процестері мен тергеу жұмыстары жөнінде пікір білдірді. Мемлекет басшысы бұл тақырыпқа қатысты негізгі деректер әлдеқашан белгілі болғанын айтып, кейбір сот істері мен ұрланған қаруды іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы: Қазақстанды Еуразияның көлік хабына айналдырамыз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында көлік және логистика саласын дамыту Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар басымдық екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Президент «тарихшысымақтар» деп кімдерді айтты?
Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген кең көлемді сұхбатында тарихи деректерді бұрмалап, халықты адастыратын топты қатаң сынға алды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Тоқаев: Жеке абыройымды ойласам, мен де бұл жұмысты келесі басшылыққа ысыра салар едім
Мемлекет басшысы «Turkistan» газетіне берген сұхбатта энергетикалық және коммуналдық сектордағы ауқымды реформалардың мәні мен маңызын түсіндіріп, тариф саясатын өзгерту әлеуметтік әділдікке бастайтынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 05 Қаңтар, 2026
Тоқаев экс-президенттің Мәскеуге сапары туралы: Не айтылғаны маған қызық емес
«Turkistan» газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басылымның бас редакторы Бауыржан Бабажанұлына берген кең көлемді сұхбаты жарық көрді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Президент: Биыл Үкімет пен әкімдер көп жұмыс істеуі керек
2025 жыл ел экономикасының айтарлықтай өскенімен және ауқымды реформалардың нақты іске аса бастауымен есте қалды. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы «Түркістан» газетіне берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Тоқаев: Газет-журналдар қайта өрлеу дәуірінің бастауында тұр
«Turkistan» газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басылымның бас редакторы Бауыржан Бабажанұлына берген кең көлемді сұхбаты жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Қаңтар, 2026
Павлодар әуежайы қайтарылған активтер есебінен жаңартылады
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде Павлодар облысында әуежайды жаңғыртуға кірісіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 04 Қаңтар, 2026
Иранда жаппай наразылықтарға байланысты интернетке шектеу қойылды
Иран билігі елде басталған жаппай үкіметке қарсы наразылықтарға жауап ретінде интернетке қолжетімділікті шектеді. Наразылықтарға экономикалық дағдарыс пен жоғары инфляция себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Қаңтар, 2026
Аружан Сағандықова 7 млн теңгелік турнирде жеңіске жетті
Қазақстан теннисшісі Аружан Сағандықова Үндістанның Ахмедабад қаласында өткен ITF санатындағы жұптық турнирдің жеңімпазы атанды. Ол бұл жарыста ресейлік Мария Головинамен бірге өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.