м
Қоғам • 25 Наурыз, 2026
Ел мектептерінде 50-ден астам «Жас құтқарушы» сыныбы ашылды
ТЖМ қызметкерлері еліміздің барлық өңірлерінде өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және құтқарушы мамандығын насихаттау бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырып жатыр. Қазіргі таңда 50-ден астам «Жас құтқарушы» сыныбы ашылып, онда шамамен 1 000 оқушы білім алып жүр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Наурыз, 2026
Атырау маңында батпақта қалған 12 жолаушы құтқарылды
Кеше кешкісін Атырау қаласындағы Бесікті ауылы маңында демалыс орындарының бірінің жанында 3 жеңіл автокөлік батпаққа батып, қозғала алмай қалған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Наурыз, 2026
Солтүстік Қазақстан облысы тасқын суға дайын ба?
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі бүгін облыстағы су тасқыны қаупі бар аумақтарға әуеден мониторинг жүргізіп, қазіргі гидрологиялық жағдайға баға берді. Көктемгі еріген қар сулары мен өзен деңгейінің өзгерісі сараланып, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары пысықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 25 Наурыз, 2026
Елордада республикалық олимпиада жеңімпаздары марапатталды
Астанада 9-11 (12) сынып оқушылары арасында физика және биология пәндері бойынша өткен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталып, үздіктерге құрмет көрсетілді. Салтанатты шараға Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысып, жеңімпаздарға алтын медаль табыстады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 25 Наурыз, 2026
Жамбылда 105 жас педагог конкурссыз жұмысқа қабылданды
Жамбыл облысында білім беру саласын білікті кадрлармен толықтыруға бағытталған жаңа бастама нәтижесін беріп отыр. Жоғары оқу орындарын үздік тәмамдаған түлектерді конкурссыз жұмысқа қабылдау тәжірибесі арқылы жас мамандар мектептерге тікелей орналастырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 25 Наурыз, 2026
Роман Скляр Қытай парламенті төрағасымен кездесті
Хайнань провинциясының Боао қаласында өткен Боао Азия форумының 25-ші сессиясы шеңберінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытай Халық Республикасының Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесті. Кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Наурыз, 2026
Ақтөбеде полицей шетелдік азаматқа көмек көрсетті
Ақтөбе облысында көлігі бұзылып, жолда қалған Қытай азаматына полицей дер кезінде көмек көрсетіп, оның сапарын жалғастыруына жағдай жасады. Шетелдік азамат көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 25 Наурыз, 2026
Қарағандылық майдангерге Қорғаныс министрінің құттықтау хаты табысталды
Қарағанды қаласында екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Александр Ильич Балабас ғасырлық мерейтойын атап өтті. Құрметті датаға орай әскери қызметшілер ардагерді арнайы құттықтап, Қорғаныс министрінің хатын табыстады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Ерболат Досаевты қызметінен босатты
Ерболат Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 25 Наурыз, 2026
Ұлттық білім академиясы экологиялық білім стандартын әзірлеп жатыр
Жаңадан қабылданған Конституцияның 3-бабында экологиялық мәдениет іргелі құндылық ретінде айрықша мәнге ие деп көрсетілген. Осы тұрғыда Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы орта білім беру жүйесінде экологиялық құндылықтарды білім мазмұнына кіріктіру жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 25 Наурыз, 2026
Үстел теннисі: Кирилл Герасименко ел чемпионатында үш алтын еншіледі
Қазақстан чемпионаты Алматыда өтіп, 24 наурызда аяқталды. Турнирде ұлттық құрама көшбасшысы Кирилл Герасименко жекелей сында, жұптық бәсекеде және аралас жұптар арасында топ жарды. Бұл додада ол үш алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 25 Наурыз, 2026
Қазақстан мұнай өңдеу қуатын 2 есеге арттыруды көздеп отыр
Халықаралық CERAWeek конференциясында Қазақстан мұнай-газ саласын дамытудың негізгі бағыттарын ұсынды. Іс-шара барысында елдің жаһандық энергетика нарығындағы орны мен алдағы жоспарлары кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Наурыз, 2026
Жаңа жеңілдетілген ипотека кімдерге беріледі?
2026 жылғы 24 наурызда Қазақстан Үкіметі көмір генерациясын дамытуға арналған жаңа ұлттық жобаны жариялады. Бұл бастама тек елдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтіп қана қоймай, сала қызметкерлері үшін жеңілдетілген ипотека алуға мүмкіндік береді. Жобаны Премьер-министр Олжас Бектенов бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Наурыз, 2026
Орал қаласында орналасқан дәмхана ғимаратында өрт шықты. Оқиға Желтоқсан көшесінің бойында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Наурыз, 2026
Атыраудағы түрмеде тұтқын төбелестен кейін көз жұмды
Атырау облысындағы түзету мекемелерінің бірінде төбелестен кейін сотталған адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Наурыз, 2026
Еліміздегі екі әуежай әлемдегі ең үздік 100 әуежайдың қатарына енді
Астана және Алматы әуежайлары әлемдегі ең үздік 100 әуежайдың қатарына кірді. Бұл туралы AirlineRatings халықаралық порталының деректерінде айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Наурыз, 2026
Өскеменде патрульдік полицияға шабуыл жасалды
Өскемен қаласында екі ер адам жасөспірімге көмекке келген патрульдік полицейге шабуыл жасаған. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 24 Наурыз, 2026
Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырады: 66 адам қаза тапты
Колумбияның Hercules C-130 әскери ұшағы әуеге көтерілу кезінде апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 100-ден астам адам болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Наурыз, 2026
Times Square-де Наурыз тойланды: Нью-Йорк төрінде қазақтың күйі күмбірледі
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы әлемге әйгілі Times Square алаңында Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шара өтті. Көктемнің жаңаруын, береке мен бірлікті білдіретін ұлттық мейрамды ұлықтауға жиналған жұртшылық қазақтың дәстүрі мен өнеріне куә болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Наурыз, 2026
Алтын мен күміс бағасы күрт төмендеді
Әлемдік Comex биржасында алтын фьючерстері 6%-ға төмендеді. Қазіргі уақытта алтынның бір унциясы 4 200 доллар төңірегінде саудалануда. Бұл – соңғы 4 айдағы ең төменгі көрсеткіш, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 23 Наурыз, 2026
Елімізде «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы басталды
Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы басталды. Акцияның ұйымдастырылуы Наурызнама онкүндігінің Тазару күнімен тұспа-тұс келіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 23 Наурыз, 2026
Гимнаст Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Ақмарал Ерекешева Грекияның Афина қаласында өтіп жатқан Aphrodite Cup турнирінің жеңімпазы атанды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 20 Наурыз, 2026
Владимир Путин Мемлекет басшысын референдумның табысты өтуімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Ресей Президенті Мемлекет басшысын Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау бойынша жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Наурыз, 2026
Екібастұзда құмар ойындарға қатысқан мемлекеттік қызметшілер анықталды
Қала прокуратурасы әкімдіктегі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Наурыз, 2026
Қостанай облысында полицейлер мұз астына түсіп кеткен екі балықшыны құтқарды
Оқиға Рудный қаласы маңындағы Сергеев су қоймасында болған. Мұз үстімен жүрген 2 ер адам суға құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Наурыз, 2026
Санавиация Таиландта комадан оянған қазақстандықты елге алып келуден бас тартты
Таиландта ауыр хәлге түсіп, комаға түскен турист есін жиды. Алексей Вивтоненко қысқа видеода өзін қолдап, қаржылай және моральдық көмек көрсеткен барша отандастарына алғыс білдірді. Ал оның жақындары науқасты елге жеткізу үшін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан көмек сұрауын жалғастырып жатыр. Алайда бұл өтінішке екі рет бас тарту берілген, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 20 Наурыз, 2026
Адам – басты ресурс: Елдің даму идеологиясы қалай өзгеріп жатыр?
Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға барып, ғылыми қауымдастық алдында сөз сөйледі. Ол адами капиталды дамыту, ғылым мен инновацияны ілгерілету, сондай-ақ жаңа Конституцияның елді жаңғыртудағы рөлін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Наурыз, 2026
Президент Алматы қаласының әкімін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалы және негізгі даму бағыттарының іске асырылуы туралы баяндалды. Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, қала экономикасында оң динамика байқалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2026
«DamDastour»: Шетелдік аспаздар Шымкент тұрғындарына ерекше дәм ұсынады
Ертең сағат 12:00-де Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.