Фото: ТЖМ
Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында мектеп оқушылары «Жас құтқарушылар» қатарына қосылды. Е. Өмірбаев атындағы мектепте ашылған арнайы сынып оқушыларды төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға үйретуге, жауапкершілік пен патриотизмді тәрбиелеуге бағытталған. Бағдарлама аясында оқушылар құтқару ісінің негіздерін меңгеріп, өрт қауіпсіздігі ережелерін оқиды, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын игереді және әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету тәсілдерін пысықтайды.
Төтенше жағдайлар саласындағы алғашқы волонтерлік гранттың жеңімпазы белгілі болды
Мамандандырылған сыныптарды ашу жұмыстары Батыс Қазақстан облысында да жүргізіліп жатыр. Тек осы жылдың наурыз айында Шыңғырлау ауданында және Бәйтерек ауданының Достық ауылында «Жас құтқарушы» сыныптары ашылды. Құтқарушылар балаларға қызметтің ерекшеліктері, тәртіптің маңыздылығы, жауапкершілік және кез келген жағдайда әрекет етуге дайын болу туралы түсіндіреді. Сыныптар практикалық дағдыларды қалыптастыруға және қауіпсіздік мәдениетін дамытуға мүмкіндік беретін қажетті жабдықтармен жарақталған.
Ақтөбе қаласындағы №45 орта мектепте де «Жас құтқарушы» мамандандырылған сыныбы ашылды. Жоба оқушылардың төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқу барысында оқушылар өмір қауіпсіздігінің негіздерін меңгеріп, практикалық білім мен дағдылар алады.
Осындай бастамалар жауапты, батыл және өмірдің кез келген жағдайына дайын азаматтарды тәрбиелеуге, сондай-ақ жастардың құтқарушы мамандығына тұрақты қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді.
Президент Токионың Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығының жұмысымен танысты