Іс
Оқиға • 26 Қараша, 2025
Түркістанда бір отбасы көмір түтініне уланып қалған
Оқиға Сарыағаш ауданы, Ақжар ауылы, Мәңгілік көшесінде болған. Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, оқиғаға жылыту пешінің ақауы себеп болған. Салдарынан түтін үй ішіне тарап, тұрғындардың денсаулығына зиян келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 26 Қараша, 2025
Отандық жиһаз өндірісі халықтың сұранысын қамтамасыз етіп отыр ма?
Елімізде биылғы қаңтар-қазан айларында жиһаз өндіру көлемі 120,8 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен бір жарым есеге артқан. Алайда нақты көрсеткішті аңғартатын көлем индексі небәрі 99,9% болып, салада өсу де, айтарлықтай төмендеу де болмай тұр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қараша, 2025
26 қараша күні таңғы 07:15-те ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Қазақстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөз барысында еліміз Түрікменстанды стратегиялық серіктес, бауырлас мемлекет, ең жақын шекаралас көрші санайтынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 25 Қараша, 2025
Алматыда көлік өртеніп, ұзын-сонар кептеліс пайда болды
Алматыда сағат 07:00 шамасында әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінің маңында үш көлік қатысқан ірі жол апаты болды. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар жарияланып, жүргізушілер қозғалыстың толық тоқтап қалғанын айтып шағымданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 24 Қараша, 2025
Жетісудағы эпидмаусым: жағдай тұрақты, алдын алу шаралары күшейтілді
Жетісу облысында биылғы эпидемиологиялық маусым тұрақты бақылауда өтіп жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, маусым басталғалы жедел респираторлық вирустық инфекцияның (ЖРВИ) 45 674 жағдайы тіркелген. Оның 30 912-сі — 14 жасқа дейінгі балалар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қараша, 2025
Қазақстанда 5 000-ға жуық дәрі-дәрмектің бағасы арзандатылды
Денсаулық сақтау саласында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу тиімділігін арттыру және оларға баға белгілеуді жақсарту үшін шаралар кешені қабылданды. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 23 Қараша, 2025
Панфиловке баратын жол жаңарды
Жетісу облысының шекаралық Панфилов ауданында жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың аудан халымен кездесуінде мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 23 Қараша, 2025
Жетісуда көл жағалауларын тазалайтын кәсіпорындар құрылады
Президенттің тапсырмасына сәйкес Жетісу облысында Балқаш пен Алакөл жағалауын күтіп ұстаумен айналысатын жаңа коммуналдық кәсіпорындар құрылады, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 22 Қараша, 2025
Тұмаудың алдын алу үшін қандай жемістерді жиі тұтынған жөн
Дәрумендер мен антиоксиданттар ЖРВИ ауруларының алдын алуға және суық мезгілде ағзаны қалпына келтіруге көмектеседі. Бұл туралы нутрициолог дәрігерлер айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 22 Қараша, 2025
Маңғыстау облысында даму, инвестиция салаларында қарқынды ілгерілеу бар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл сәуір айында Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында қарыздарды субсидиялау бағдарламалары шеңберінде өнеркәсіп, туризм және агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды іске асыруға «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның қаржыландыру көлемін ұлғайтуды тапсырған болатын. Аталған тапсырмаға сәйкес облыс әкімдігі жеңілдетілген несиелеу тетіктерін енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 21 Қараша, 2025
«Жан Шуақ» сыйлығы мүгедектігі бар адамдардың әлеуетін ашуға көмектеседі
Астанада Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күні қарсаңында «AMANAT» партиясының қолдауымен Қазақстан мүгедектер конфедерациясы ұйымдастырған XVIІI «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл сыйлық жыл сайын қоғамдық және кәсіби қызметте айрықша нәтижеге қол жеткізген ерекше қажеттілігі бар азаматтарға беріледі, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 21 Қараша, 2025
Қазақстан мен Армения цифрландыру саласында күш біріктірмек
Қазақстан мен Армения жасанды интеллект, жаңа технология және цифрландыру бойынша тәжірибе алмасуға келісті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 21 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрімен келіссөз жүргізді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қараша, 2025
Панфилов ауданы қарқынды дамып жатыр
Жетісу облысының шекаралық Панфилов ауданында әлеуметтік сала нысандарын нығайту жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Соңғы екі жылда денсаулық сақтау саласында 18 жаңа нысан салынып, 3 объекті жөнделді. Ауылдық жерге барған 17 дәрігерге жалпы 135 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленіп, бұл медициналық кадр тапшылығын азайтуға мүмкіндік берді, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 20 Қараша, 2025
Жетісу жеріндегі Кербұлаққа рекордтық инвестиция құйылды
Жетісу облысы құрылғаннан бері Кербұлақ ауданына 128 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Оның 82,8 млрд теңгесі – жеке қаражат. Биылғы он айда ауданда негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсімі байқалды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 20 Қараша, 2025
Түркістандағы өрт: Зардап шеккен тағы бір адам Шымкентке жеткізілді
Түркістан облысындағы Жетісай ауданының Алғабас ауылында болған өрттен зардап шеккен 1990 жылы туған әйел Шымкент қаласындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қараша, 2025
Алматыда тарақандар өріп жүрген балабақша жабылды
Әлеуметтік желіде Алматыдағы №29 балабақша асханасында тарақандар қаптап жүрген бейнежазба тарағаннан кейін мекемеге бірден тексеріс жүргізілді. Қалалық білім басқармасы тексерістің нәтижесін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 19 Қараша, 2025
Жетісайда өрттен зардап шеккендердің бірі тікұшақпен Шымкентке жеткізілді
«Казавиақұтқару» авиациялық қызметінің EC 145 тікұшақ экипажы Түркістан облысының Жетісай ауданынан санитарлық рейс орындап, 12 адамның өмірін қиған өрттен зардап шеккен 1986 жылғы ер адамды Шымкентке жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 19 Қараша, 2025
Жетісуда аграрлық сектор қарқынды дамуда
Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы кеңейіп келеді. Қазір өңірде 123 кәсіпорын жұмыс істейді, жыл басынан бері 74,2 млрд теңгенің азық-түлік өнімі өндірілген. Өңделген өнім көлемі жалпы өндірістің 68%-ына жетті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қараша, 2025
Жетісуда су тасқынының алдын алу жұмыстары қарқын алды
Жетісу облысында су тасқынының алдын алуға бағытталған инженерлік жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері 2 км қорғаныс дамбылары салынып, жөнделген. Сонымен қатар 5,8 км су бұру арналары мен арықтар орнатылып, 2,7 км өзен және канал арналары механикалық тазартудан өтті. Өзендердің 4 шақырымында тереңдету, арналарды түзеу және жағалауды бекіту жұмыстары орындалған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қараша, 2025
Түркістандағы өрттен зардап шеккендер Шымкентте немесе Астанада ем қабылдайды
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, 18 жастағы қыз, бір әйел және ер адам ауыр күйде ауруханаға жеткізілген. Барлығы жансақтау бөлімінде қажетті медициналық көмекті алып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Олжас Бектенов Түркістандағы өрттен қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты
Үкімет отырысында Премьер-министрі Олжас Бектенов Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында екі қабатты жеке тұрғын үйде болған өрттен қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Талдықорғанда Mitsubishi Pajero көлігін тізгіндеген 16 жастағы жасөспірім ұсталды
16 қарашада түнгі сағат 03:00 шамасында Талдықорған қаласының патрульдік полиция қызметкерлері облыс орталығы көшелерінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында Mitsubishi Pajero автокөлігін тоқтатпақ болды, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 18 Қараша, 2025
Түркістан облысындағы өрттен 12 адам қаза тапты: Оқиға орнынан фото мен видеолар жарияланды
Бүгін таңертең Түркістан облысының Жетісай ауданы, Алғабас ауылында жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам қаза тапты, олардың ішінде 9 бала бар. Оқиға орнынан суреттер жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қараша, 2025
Түркістандағы 12 адамның қазасы: Өрттен аман қалғандардың жағдайы белгілі болды
Жетісай ауданының Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйдегі өрттің салдарынан екі ересек және бір бала ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қараша, 2025
Түркістан облысындағы өртке байланысты Үкіметтік комиссия құрылды
Президенттің тапсырмасы бойынша Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жеке үйде болған өрттің себептерін тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 18 Қараша, 2025
Түркістанда жеке тұрғын үй өртенді: 12 адам мерт болды, оның 9-ы бала
Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам мерт болды. Оның 9-ы бала, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қараша, 2025
Кәріс қызы – Любовь қазақ тілін жетік біледі
Маңғыстауда қазақ тілін еркін меңгерген кәріс қызы Любовь Нам орыс тілі және әдебиет пәнінен сабақ береді. Бүгінде ол «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған №35 жалпы білім беретін қазақ мектебінде директор қызметін атқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 17 Қараша, 2025
Қазақстан мен Эстония басшылары келіссөз жүргізді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.