Оқиға • 18 Қараша, 2025

Түркістан облысындағы өртке байланысты Үкіметтік комиссия құрылды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің тапсырмасы бойынша Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жеке үйде болған өрттің себептерін тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысындағы өртке байланысты Үкіметтік комиссия құрылды

Фото: Ашық дереккөз

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен құрылған комиссия құрамына Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Түркістан облысы әкімдігінің басшылығы енгізілді.

«Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі. Әкімдікке өрт салдарынан қаза тапқандарды жерлеуді ұйымдастыруға жәрдемдесу тапсырылды. Тергеу қорытындысы бойынша қосымша шешімдер қабылданатын болады. Комиссияның жұмысы ерекше бақылауда», делінген хабарламада.