Оқиға • 18 Қараша, 2025

Түркістандағы 12 адамның қазасы: Өрттен аман қалғандардың жағдайы белгілі болды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісай ауданының Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйдегі өрттің салдарынан екі ересек және бір бала ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістандағы 12 адамның қазасы: Өрттен аман қалғандардың жағдайы белгілі болды

Фото: Ашық дереккөз

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, үш адамның жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты. Қазіргі таңда барлығы жансақтау бөлімінде жатыр.

«Науқастарға интенсивті терапияның толық кешені жүргізіліп жатыр, олардың жағдайы салалық мамандардың толық бақылауында», делінген хабарламада.

Сонымен қатар облыстық денсаулық сақтау мекемелерінен қосымша мамандар тартылып, қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, жедел медицина желісі бойынша күшейтілген жұмыс тәртібі енгізілгені хабарланды.