Облыс
Аймақтар • 20 Ақпан, 2024
Әзілқой балалардың ата-аналары айыппұл арқалады
Жамбыл облысының полиция қызметкерлері 112 нөміріне қоңырау шалып, көмекке мұқтаж екенін хабарлаған екі кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2024
Алматы облысында бірнеше ауылдық округ атауы өзгереді
Алматы облысында бірнеше ауылдық округ және ауыл атауы өзгеріп, қайта аталынады. Іле, Кеген, Талғар аудандарының жергілікті атқарушы органдарының ұсынысы бойынша тиісті аумақтар халқының пікірлерін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысына сәйкес шешімді мәслихат қабылдап, қаулыны облыс әкімі шығарған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 19 Ақпан, 2024
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Қазақстан Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Ардақ Темірханұлы Зебешев облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Оқиға • 19 Ақпан, 2024
1981 жылы туған Павлодар облысындағы Ақтоғай ауылының тұрғыны балыққа кетіп бақилық болды. Ол қарда жүретін көлікпен балық аулауға шығып, қайта оралмаған, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 19 Ақпан, 2024
Абай облысында құрылған жаңа ауданның әкімі тағайындалды
Президент әкімшілігі және Жаңасемей аудандық мәслихаттарының келісіміне сәйкес, Абай облысы әкімінің өкімімен бұған дейін Семей қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Руслан Базарбаев Жаңасемей ауданының әкімі қызметіне тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Ақпан, 2024
6 облыс аумағында 6 жол бөлігі жабылды
Бүгін сағат 9:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар 6 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2024
Ақмола облысында жеке үйден өрт шығып, бір адам қайтыс болды
Ақмола облысы Ақкөл ауданының Еңбек ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Үйінділер астынан бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2024
Боранда жолда қалғандар құтқарылды
Абай облысының Жарма және Көкпекті аудандарының аралығындағы әйгілі Байбура асуында 100 шамалы көлік ауа райының қолайсыздығынан жолда қалғанын Egemen.kz бұған дейін де хабарлаған еді.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2024
Абай облысында төтенше жағдай жарияланды
Абай облысында биіктігі 80 см-ге жететіндей қалың қар жауып, облыстың бір өңірінде табиғи төтенше жағдай режимі енгізілді. Республикалық маңызы бар жолдарда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2024
Эвакуацияланғандар саны 140-қа жетті: Көкпектіде құтқару жұмыстары әлі де жалғасады
Абай облысы Көкпекті ауданында қар құрсауында қалған 140 адам құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2024
Абай облысындағы күрделі жағдай: Қалбатау ауылына 29 адам эвакуацияланды
Абай облысы ТЖД құтқарушылары «Қазавтожол» қызметкерлерімен бірлесіп Көкпекті ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Онда 100-ден астам автомобиль бағанасы тұр. Құтқару жұмыстарын жүргізу орнына қосымша 61 адам және 23 техника жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2024
Қызыл кітапқа енген жануарды жайратқан күдікті қолға түсті
Жамбыл облыстық Полиция департаменті қызметкерлері «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында «Сапсан» жедел қызметі инспекторларымен бірлесіп, браконьерлік дерегін жасады деген күдікпен Талас ауданының 48 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Ақпан, 2024
«Аяқ-қолын байлап тастаған»: Ұзынағашта балаларды төпелеп ұрған ер адам ұсталды
Алматы облысының Ұзынағаш ауылында балаларға шабуыл жасап, соққыға жыққан күдікті қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2024
Абай облысында 100-ден астам көлік кептелісте тұрып қалды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай облысының Көкпекті ауданында жолдар жабылып, көлік қозғалысына шектеу енгізілген еді. Осыған байланысты 100-ден астам көлік кептелісте тұрып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Ақпан, 2024
11 облыс аумағында 17 жол бөлігі жабық
Бүгінгі сағат 18:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райы қолайсыздығынан 11 облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 17 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» мәліметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2024
Жетісу облысында алғашқы үшем дүниеге келді
Талдықорған қаласының 28 жастағы тұрғыны үшем дүниеге әкелді. Бұл – Жетісу облысы жаңадан құрылғаннан бері өмірге келген алғашқы үшем. Сәбилеріне Зейнеп, Зейін, Зейнұр деген есім берген Дүмбергеновтердің тұңғышы қазір 10 жаста. Сөйтіп жас отбасы көпбалалы атанып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 14 Ақпан, 2024
Үкімет басшысы Қарағанды облысының өндірістік кәсіпорындарын аралады
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып, бірқатар негізгі өндірістік кәсіпорынды аралады, сондай-ақ өнеркәсіп секторының өзекті мәселелерімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2024
Қар құрсауында қалып қойған екі адам құтқарылды
Қостанай облысының құтқарушылары қар құрсауында кептеліп қалған автокөлікті шығарып, көмекке зәру болған азаматтарға қол ұшын созды, деп жазады Egemen.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коронавирус • 14 Ақпан, 2024
Коронавирус қайта өршіді: Батыста 26 адам індет жұқтырды
Батыс Қазақстан облысының 26 тұрғынынан коронавирус анықталды. Оның 21 жағдайы қаңтар айында, 5-еуі ақпанда тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Ақпан, 2024
Белкөлде мектеп оқушысы қайтыс болды
Кеше Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қалаға қарасты Белкөл кентіндегі медициналық мекемеге бір оқушының мәйіті жеткізілгендігін, оқиғаның мән-жайы зерттеліп жатқанын хабарлаған еді.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2024
Мешіттерде ұрлық жасаған алматылық ұсталды
Полиция қызметкерлері Алмалы ауданындағы мешіттерде тіркелген төрт ұрлықтың бетін ашып, күдіктіні қолға түсірді. Алматы облысының 40 жастағы тұрғыны заңсыз әрекетін жүзеге асыру барысында бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2024
Ақмола облысында жылқылар аштан қырылып жатыр
Ақмола облысында тебінде жүрген жылқылар аштан өліп жатыр. Себебі қыста жауған жауыннан жер мұз болып қатып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2024
Әкім орынбасары мас күйінде көлік жүргізген
Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары мас күйінде көлік жүргізгені анықталды. Заңды бұзған шенеунік 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2024
Жаңаөзен қаласының әкімі ауысты
Жансейіт Қайнарбаев Жаңаөзен қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол қала әкімінің орынбасары қызметін атқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Ақпан, 2024
Президентке Павлодар облысының әлеуметтік дамуы туралы есеп берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады. Президентке Павлодар облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Ақпан, 2024
Президент Ұлытау облысының әкіміне бірқатар тапсырма жүктеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлын қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2024
Алматы облысындағы колледждерге тиесілі жатақханалардың сапасы сын көтермейді. Бірінде интернет қосылмаса, енді бірінде студенттердің ескірген көрпе-жастық жастанып жатқаны жанға батады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Ақпан, 2024
Маңғыстауда жоғалған екі адам үш күннен соң табылды
Маңғыстау облысында үш күннен бері хабар-ошарсыз кеткендер табылды. Туыстары жоғалған адамдардың 9 ақпаннан бастап байланысқа шықпағанын айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 10 Ақпан, 2024
«Көктемнің белгісі іспетті». Қаңтарда бәйшешек бүр жарды
«Сырдария-Түркістан мемлекет өңірлік табиғи паркіне» қарасты Боралдай филиалының ерекше қорғалатын табиғи аумағында бір ай бұрын бүр жарған бәйшешекті мемлекеттік инспектор Хамит Қалдарбеков фотоға түсіріп алыпты. Бұл туралы syrdaria_turkestan инстаграм парақшасында хабарланған екен, деп жазады Egemen.kz.
Құтқарушы • 10 Ақпан, 2024
8 құтқарушы 18 шақырым жаяу жүріп, кейуанаға көмекке келді
Ақтөбе облысына қарасты Мұғалжар ауданының әкімшілік орталығы саналатын Қандыағаш қаласынан 8 құтқарушы 18 шақырым қашықта орналасқан Басшили ауылына дейін жаяу жүріп, кейуанаға көмекке келген, деп жазады Egemen.kz.