м
Қоғам • 20 Наурыз, 2026
Енді домбыраны ұшақ салонына алып кіруге болады
Домбыраны ұшақтың жолаушылар салонында алып жүруге рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы Сенат кулуарында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 20 Наурыз, 2026
Kaspi, Toyota, Coca-Cola: Қазақстандағы сауда саласының ең ірі салық төлеушілері кімдер?
Қазақстан экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің бірі саналатын сауда саласы соңғы жылдары елдің ішкі жалпы өніміндегі үлесін арттырып, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімнің маңызды көзіне айналды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша саладағы ең ірі салық төлеушілердің рейтингі жасалды, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 20 Наурыз, 2026
Қазақстанда қымыз өндірісі артты
Ұлттық статистика бюросы Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық сусындар өндірісіне қатысты деректерді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Дәстүр • 20 Наурыз, 2026
Батыс Қазақстанда мемлекеттік қызметкер ұлттық бұйымдар жасаумен айналысады
Жаһандану дәуірі мен технология қарыштаған заманда ұлттық құндылықтарға адал жандардың қатары сиреп барады. Соның бірі – аталған облыстың Теректі ауданына қарасты Федоров ауылының тұрғыны Ұлан Сайтмұхаев. Ол ата-бабадан қалған мұраны көздің қарашығындай сақтап, оны күнделікті өмірімен ұштастырып жүрген шебер, деп жазады Egemen.kz.
Университет • 19 Наурыз, 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылыми қауымдастық өкілдерімен кездесіп, еліміздің жоғары білім жүйесін дамыту мен ғылымның жаңа бағытын айқындауға қатысты маңызды мәселелерді көтерді, деп жазады Egemen.kz
Президент • 19 Наурыз, 2026
Президент: Қазақстанның ертеңі сіздердің ғылыми жаңалықтарыңызға байланысты
Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылыми қоғамдастықпен кездесіп, сөз сөйледі. Президенттің пайымдауынша, ғылым қалашықтары мен қарқынды дамитын қалалар инвестиция және жаңа технологияларды тарту орталығына айналуға тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 19 Наурыз, 2026
Мереке күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер алдағы мереке күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. 20-22 наурыз аралығында Қазақстанның басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2026
Жамбылда облысында ең ірі ЖЭС салынып жатыр
Жамбыл өңірінде жалпы қуаты 1 ГВт болатын жел электр стансасының құрылысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Наурыз, 2026
Тоқаев: Ғылыми әзірлемелерден ауыз толтырып айтарлық экономикалық әсер әзірге жоқ
Бүгін Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылыми қоғамдастықпен кездесті. Президент ғылыми қауым алдында сөйлеген сөзінде ғылыми әзірлемелер елге нақты пайда әкелуі керектігін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Наурыз, 2026
Президент: Цифрландыру мен жасанды интеллектінің дамуына баса мән беруіміз керек
Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылыми қоғамдастықпен кездесті. Президент ғылыми қауым алдында сөйлеген сөзінде бүгінде түрлі мемлекеттер арасында технологиясы озық ел болу үшін қарқынды күрес жүріп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Наурыз, 2026
Өскемен қаласының экс-әкіміне қандай айып тағылғаны белгілі болды
Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты қылмыстық іс бойынша негізгі сот талқылауы басталды. Оған ірі көлемде алаяқтық және пара алу айыптары тағылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Наурыз, 2026
Заңсыз диплом: Абай облысында дәрігер болғысы келген азамат алаяқтың құрығына түсті
Абай облысының полициясы медициналық дипломды заңсыз жолмен жасап бермек болған алаяқтық дерегін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 19 Наурыз, 2026
МӘМС жаңарады: Әр теңге науқасқа нақты жетуге тиіс
Премьер-министр Олжас Бектенов конституциялық реформа аясында және Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында қойған міндеттеріне сәйкес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2026
Жамбылда 770 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Жамбыл өңірінде тұрғындарды баспанамен қамту жұмысы «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Наурыз, 2026
Енді елордада айыппұл тұрақтары ақылы болады
23 сәуірден бастап елордада жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілер тек айыппұлмен шектелмейді. Енді көлікті эвакуациялау мен айыптұрақта сақтау үшін де ақы төлеуге міндетті болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 19 Наурыз, 2026
Астанада қажылық сапарды желеу еткен алаяқ ұсталды
Елордада туристік компанияда жұмыс істеген 27 жастағы азаматқа қатысты алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті қасиетті Мекке қаласына қажылық сапар ұйымдастырамын деп бірнеше адамды алдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2026
Батыс Қазақстанда қызылша дерті өршіп тұр
Батыс Қазақстан облысында қызылша жұқтырған жандар саны көбейіп барады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өңірдегі жағдайды «тұрақсыз» деп бағалап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Наурыз, 2026
Жәрдемақы көлемі арта ма? Еңбек министрлігі жауап берді
Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақылар көлемін арттыру мәселесі бюджеттік мүмкіндіктерге тікелей байланысты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Сенат кулуарында мемлекеттік төлемдерді қайта қараудың басты шарттарын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 19 Наурыз, 2026
Сергей Ткаченко Польшада топ жарды: Ел қоржыны тағы үш медальмен толықты
Поьшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден өтіп жатқан «Orlen Cup» халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы айтарлықтай табысқа жетті. Жерлестеріміз бұл сында үш жүлдені ел қоржынына салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Наурыз, 2026
Жерді жойқын магниттік дауыл басады: Ғалымдар ескерту жасады
Күндегі белсенділіктің артуына байланысты Жер шарында соңғы бірнеше айдағы ең қуатты магниттік дауыл басталады. Күн физикасы мен астрономия зертханасының мәліметінше, 19 наурыздан 21 наурызға дейін созылатын бұл құбылыс қаңтар айының ортасынын бергі ең күшті геомагниттік ауытқу болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Наурыз, 2026
Сенат Төрағасы: Жаңа Конституция – дәуірдің сыртқы сын-қатерлеріне берілген жауап
Қазіргі жаһандық өзгерістер мемлекеттерден жекелеген шешімдерді емес, саяси үлгіні терең әрі жүйелі түрде трансформациялауды талап етеді. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні-6: Құбылмалы әлемдегі стратегиялық мүмкіндіктер» атты жаңа мақаласында автор Қазақстан бұл үдеріске дер кезінде кіріскенін, республикалық референдумда жаңа Конституцияны қабылдау арқылы ауқымды реформаларды бастағанын атап өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Наурыз, 2026
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні-6: Құбылмалы әлемдегі стратегиялық мүмкіндіктер» атты жаңа мақаласында Қазақстанның желілік егемендік қағидатына негізделген сыртқы саяси және геоэкономикалық стратегиясының жаңа моделін қалыптастыру мәселесіне ерекше мән берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Наурыз, 2026
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні-6: Құбылмалы әлемдегі стратегиялық мүмкіндіктер» атты жаңа мақалада халықаралық қатынастардың жаһандық жүйесіндегі трансформацияға терең талдау жасалған. Қазіргі әлем бұрынғы әлемдік тәртіптің жүйелі дағдарысын бастан кешіріп, күштер теңгерімінің жаңа архитектурасының қалыптасу кезеңіне қадам басқаны атап өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 19 Наурыз, 2026
Көпвекторлық 2.0: Президент Тоқаев Қазақстанның сыртқы саясатын қалай қайта құрды?
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Turkistan» газетінде жария көрген «Реформалар мәні-6: Құбылмалы әлемдегі стратегиялық мүмкіндіктер» атты жаңа мақаласында Қазақстанның сыртқы саяси бағытының трансформациясына ерекше назар аударылған. Еліміздің бойтұмарына айналған көпвекторлы сыртқы саясат қазіргі жағдайда сапалық тұрғыдан жаңа мазмұнға ие болғаны атап өтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 19 Наурыз, 2026
Реформалар мәні-6: Құбылмалы әлемдегі стратегиялық мүмкіндіктер
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Turkistan» газетінде «Реформалар мәні-6: Құбылмалы әлемдегі стратегиялық мүмкіндіктер» атты мақаласы жарық көрді. Бұған дейін Мәулен Әшімбаев «Реформалар мәні – 5: Ықпалды Парламент» атты мақаласында еліміздегі өкілді биліктің трансформациясы туралы сөз қозғаған еді.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2026
Семей қаласында «Наурызнама» онкүндігі аясында әйгілі жырау Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған «Жыр – Жамбыл» атты облыстық ақындар айтысы өтті. Қалалық мәдениет сарайында өткен сөз барымтағы өңірдегі айтыс өнерінің кең өрісін тағы бір мәрте көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 19 Наурыз, 2026
Алматы мен Түркістанда Ұлттық ұланға жаңа көліктер табысталды
Алматы мен Түркістан қалаларында Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының әскери бөлімдері жаңа автопатрульдермен толықты. Бұл маңызды оқиға жаңару мен бірліктің мерекесі – Наурыз мейрамы қарсаңында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 19 Наурыз, 2026
Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Дональд Трамптан хат келіп түсті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Наурыз, 2026
Қазақстан арқылы жаңа халықаралық әуе бағыты ашылады
Көлік министрлігі еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру және халықаралық әуе қатынасын кеңейту бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыруда. Осы бастама аясында биылғы жылдың 11 шілдесінен бастап вьетнамдық «VietJet Air» әуе компаниясы жаңа халықаралық бағытты іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.