Фото: Ерлан Омар/egemen.kz
Вице-министрдің түсіндіруінше, республикалық бюджеттен бөлінетін барлық әлеуметтік төлемдер жыл сайын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес индекстеледі. Қаңтар айындағы жоспарлы өсімнен кейін, дәл қазіргі уақытта қосымша индекстеу туралы шешім қабылданған жоқ.
«Дегенмен, қаржы-экономикалық блок тарапынан тиісті мақұлдау алынған жағдайда, біз бұл мәселені қарастыруға дайынбыз», деп толықтырды Виктория Шегай.
Еске сала кетейік, 2026 жылы мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалпы сомасы 112,2 млрд теңгені құрайтын төлемдермен 597,4 мың адам қамтылды.