Акция
Экология • 26 Шілде, 2024
«Алматы жазы»: 100-ден астам адам тазалық акциясына қатысты
400 мыңнан астам қала тұрғыны қатысқан көктемде басталған «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны «Алматы жазы» жазғы экоакциясымен жалғасты. Қаланы көріктендіру бойынша ауқымды акция аясында субұрқақтар, өзендер, су айдындары мен жағалау аймақтары тазартылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
«Таза Қазақстан» • 26 Шілде, 2024
Жетісуда қоғамдық кеңес мүшелері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
Бүгін Жетісу облысы Сарқан қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазарту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 24 Шілде, 2024
Тазалық қоқыс тасталмаған жерде болады
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ұлытау облысының қалалары мен аудандарында экологиялық іс-шаралар өтіп, өңір тұрғындары туған өлкені абаттандыруға зор үлес қосты.
Экология • 15 Шілде, 2024
Қарағанды облысында «Жастар таза Қазақстан үшін!» экологиялық акциясы басталды. Акцияға бірінші болып Металлургтер қаласының экобелсенділері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 14 Маусым, 2024
Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтіп жатыр
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 6 сәуір мен 11 мамыр аралығында су тасқыны болмаған өңірлерде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Таза Қазақстан» • 14 Маусым, 2024
Қостанайлықтар «Таза Қазақстан» акциясын белсенді қолдап жатыр
Ел Президенті бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» акциясын қостанайлықтар әлі де белсенді қолдап жатыр. Бүгін облыстың түкпір-түкпіріндегі тұрғындар сенбілікке бірыңғай еңбек қарқынымен шықты. Жүздеген қатысушылардың арасында жергілікті билік, қоғамдық ұйымдар, студенттер, белсенділер және қарапайым тұрғындар бар, деп хабарлайды Egemen.kz Қостанай облысы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 13 Маусым, 2024
«AMANAT» партиясы «Таза бейсенбі» акциясын жалғастырып жатыр
Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы әр апта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын жалғастырып жатыр. Бүгін елордадағы партия қызметкерлері, БПҰ өкілдері мен белсенділері айналма жолдың аумағын қоқыстан тазартты, деп хабарлайды Egemen.kz «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Мамыр, 2024
«Халық заңгері»: 150 мыңнан астам азамат тегін заңгерлік көмек алды
Қазақстанның барлық қалалары мен елді мекендерінде республикалық ауқымда «Халық заңгері» акциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 27 Мамыр, 2024
Заңгерлер астаналықтарға тегін кеңес береді
30 мамыр күні «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы аясында елорда тұрғындары заңгерлерден тегін кеңес ала алады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Жастар • 11 Мамыр, 2024
Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері экоакцияға қатысты
Бүгін Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Мемлекеттік басқару академиясы ұжымымен бірлесіп «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы шеңберінде ұйымдастырылған сенбілікке қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 06 Мамыр, 2024
Алматы облысының және Іле Алатауының інжу-маржаны – Есік көлінің жағасында «Мөлдір бұлақ» ұранымен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының бесінші апталығы басталды. Жас еріктілер мен жақын маңдағы ауыл тұрғындары және қоғам белсенділері облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевпен бірге Есік өзенінің маңында сенбілік өткізді.
Елорда • 06 Мамыр, 2024
Астанада GPT картиналарының фотокөрмесі өтті
«Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы өтіп жатыр. Бұл апта «Мөлдір бұлақ» деп аталады, оның барысында су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады. Экоакция аясында GPT нейрожелілік чатының көмегімен жасалған суреттердің фотокөрмесі өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Мамыр, 2024
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматы облысында «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтіп жатыр, ол экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, аға буын – ардагерлерді де қолдауға арналған.
«Таза Қазақстан» • 29 Сәуір, 2024
«Таза Қазақстан»: Акцияға 27 мың адам қатысып жатыр
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Жамбыл облысында «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық науқаны жалғасып жатыр. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Ұлы дала» шағын ауданының аумағында Тараз қаласының тұрғындарымен бірге ағаш екті. Бұл күні 125 түп қарағаш, 100 түп емен, 170 түп терек, 101 түп шырша көшеті егілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 29 Сәуір, 2024
Аналар кеңесі экологиялық акцияға қолдау білдірді
Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі де өнегелі ұрпақ апталығына белсенді үлес қосып жатыр. Атап айтқанда, Тараз қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ауласында аналар кеңесінің мүшелері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері гүл екті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 25 Сәуір, 2024
«Таза Қазақстан»: Павлодарда 40 қайың отырғызылды
Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» мен «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Павлодар қаласы көшелеріне ағаш отырғызылды, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 24 Сәуір, 2024
Кеше «ECO Network» компаниясының ұйымдастыруымен Алматыда «жасыл» күн тәртібін талқылауға арналған диалог алаңында «Эко-директорлар meet-up» іс-шарасы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 24 Сәуір, 2024
«Жасыл аймақ»: Жеңімпаздар анықталды
Еліміздің барлық өңірінде қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы Тараз қаласында жалғасып жатыр. Тараздық жастар акция аясында 1200 көшет отырғызды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 23 Сәуір, 2024
Қарағанды облысындағы өртенген орманға 90 мың қарағай көшеті отырғызылады
Қарағанды облысының орманшылары Кирзавод ауданындағы өртенген орманға 90 мың қарағай көшетін отырғызуға ниетті. Орманды жаппай қалпына келтіру «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2024
Маңғыстауда «Қошқар ата» қорымы аумағында сенбілік өтті
Елімізде бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақшұқыр елді мекенінде орналасқан «Қошқар ата» қорымында тазалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 16 Сәуір, 2024
Киелі мекен: Жетісуда тазалық акциясы жалғасты
Жетісуда «Киелі мекен» апталығы аясында экологиялық шаралар жалғасын тапты. Бүгін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушылары, студенттері және Ілиястанушылар биыл 130 жылдық мерейтойы тойланатын ақынның ескерткішін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, аумағын тазартты. Іс-шара аясында жастар табиғат аясында ақынның өлеңдерін оқыды. Дәл осындай тағылымды эко-шара Мұхамеджан Тынышпаевтың 145 жылдығы, Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына орай да ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Сәуір, 2024
Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қоршаған ортаны күл-қоқыстан тазарту шарасына жергілікті ақтарушы және орталық мемлекеттік органдардан 20 мыңға жуық, облыс аумағындағы ұйымдар мен 6 мыңға жуық кәсіпорындардан 28 мың адам және 250 мыңнан астам өңір тұрғындары жұдырықтай жұмыла атсалысты. Экологиялық науқанға 400 саяжайдың тұрғындары да белсене қатысып, аулалар мен көшелерді шашылған қоқыстан тазартты.
Экология • 11 Сәуір, 2024
Облыс әкімі тұрғындарды акцияны қолдауға шақырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастамасын Түркістан облысының табиғат жанашырлары қуанышпен қабылдап, жұмысты бастап кетті.
«Таза Қазақстан» • 10 Сәуір, 2024
Жамбыл облысы «Таза Қазақстан» акциясын қолдады
«Таза Қазақстан» ауқымды акциясы Жамбыл облысында «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» бастамасы аясында өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 11 Наурыз, 2024
«Жер сағаты». Астана тұрғындарына жарықты өшіру ұсынылды
23 наурыз күні Астана қаласында «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтеді. Іс-шара аясында қала тұрғындарына жарықты және электр энергиясын тұтынатын тұрмыстық техниканы 1 сағатқа өшіру ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Ақпан, 2024
Қарағандыда «Алғысымыз шексіз» акциясы басталды
Көрікті көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күніне орай Қарағандыда «Алғысымыз шексіз» акциясы басталды. Акция аясында Қарағанды Жастар ресурстық орталығының өкілдері мен Тәттімбет атындағы колледж студенттері облыс тұрғындарын ерекше құттықтады.
Экономика • 31 Қаңтар, 2024
Air Astana IPO-сында 141 млн акция сатылады
«Эйр Астана» IPO аясында шамамен 141 миллион жай акцияны немесе қолданыстағы бағалы қағаздарының жартысына жуығын (46%) (306 миллион акция) сатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында айтылған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Қаңтар, 2024
«1 мың теңгелік кроссовки»: Дүкен жариялаған акция айғайға ұласты
Қызылорда қаласындағы «Қорқыт» сауда үйіндегі аяқ киім дүкені жариялаған акцияның соңы айғай-шуға ұласты. Кез келген кроссовка мың теңгеге сатылған акцияда жиналғандар киімге таласып, сауда орнындағы есік-терезе қираған.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2024
«Air Astana» акцияларын сатылымға шығарады
«Air Astana» ақпан айында Лондон қор биржасында (LSE), АХҚО қор биржасында (AIX) акцияларын сатылымға шығарады. Ал компания акциясы «Қазақстан қор биржасы» АҚ-да (KASE) жақын күндері сатылымға қойылады. Бұл туралы әуекомпанияның ресми сайты мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Егемен Қазақстан • 17 Қаңтар, 2024
Жас журналистердің тәжірибелік сабақтары «Egemen Qazaqstan» редакциясында өтеді
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінде білім алып жатқан студенттер «Қазақ газеттері» ЖШС-нің құрамына кіретін «Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясында тәжірибелік сабақтарын өткізуге мүмкіндік алды.