
Фотолар: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымымен бірлесіп, 80 көшет отырғызған аталған әскери колледждің бастығы полковник Мақсат Ақшалов салтанатты жиындағы сөйлеген сөзінде: «Мұндай шаралар адамдардың ынтымағын арттырады, ең бастысы, еңбегіміздің жемісі кейінгі ұрпақты қуантады», деді.
Көгалдандыру бастамасының маңыздылығын атап өткен аталған парк директоры Сағадат Нұржігітов экоакцияға белсене қатысқан колледжге ризашылығын білдіріп, колледж басшылығына алғыс хат пен тәрбиеленушілердің ұлттық саябақта демалысын ұйымдастыруға арналған 25 жолдама табыстады.
Колледж ұжымы мен ұлттық парк қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерімен арша, жеміс және жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды.
Шара соңында саябақ қызметкерлері өсімдіктерге күтім жасау жөнінде нұсқаулық өткізді. Колледж тәрбиеленушілері көшеттерге қамқор болуға, олардың ұсыныстарын орындауға уәде етті.