алаяқ
Қоғам • 05 Қаңтар, 2026
Интернет-алаяқтық тыйылмай тұр: «Құпия Санта» ойын ба әлде тұзақ па?
2025 жылы интернет арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстар саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қаржылық сауат артып келе жатқанымен, қылмыскерлердің айла-тәсілі күрделеніп, келтірілген шығын көлемі миллиардтаған теңгеге ұласты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Қаңтар, 2026
Бірнеше рет алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланды
Бас прокуратура аса ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады. Ол Ресейде 2025 жылы 25 тамызда ұсталған екен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 05 Қаңтар, 2026
Қазақстанның Киберполициясы шетелде орналасқан жеті call-орталықты жойды
Еліміздің Киберполиция қызметі ел аумағынан тыс жерде жұмыс істеген жеті жалған call-орталықтың қызметін тоқтатты. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 01 Қаңтар, 2026
Ақтау тұрғыны әлеуметтік желіде ет сататын жалған парақша ашып, пайда тапқан
27 қарашада Ақтау тұрғыны TikTok әлеуметтік желісінде «aktauetsupnaborzakaz» атты аккаунт арқылы ет өнімдерін арзан бағада сату туралы хабарландыру жариялаған. Бағасы тартымды болғандықтан, 10 желтоқсанға дейін тапсырыстар бірінен соң бірі келіп түсе бастаған. Осы уақыт ішінде ол болашақ жеткізілімдер үшін алдын ала төлем ретінде шамамен 400 мың теңге жинап үлгерген. Алайда оның алаяқтық әрекетін киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 28 Желтоқсан, 2025
Алаяқтар бұрын алданған адамдарға полиция атынан хабарласқан
Абай облысының полицейлері азаматтарға алаяқтардың жаңа қылмыстық әдіс-тәсілдері туралы ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2025
Алаяқтар WhatsApp аккаунтыңызды қалай бұзып алуы мүмкін?
Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің қылмыстық қауіптер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы WhatsApp мессенджеріне қатысты жаңа киберқауіп туралы ескертеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Ұлттық банк алаяқтардың жаңа әрекеттері туралы ескертті
Қазақстан Ұлттық банкі жалған құжаттарды пайдалана отырып жасалатын, яғни теріс пиғылды адамдардың өз «өкілеттіктерін» растау үшін «ресми бланкілердің» немесе «қызметтік куәліктердің» жалған түрлерін пайдаланатын алаяқтық жағдайларының жиілеп кеткенін ескертеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025
1414-тен хабарлама: Бас прокуратура алаяқтарға алданып қалмау жолын айтты
Бас прокуратураның мәліметінше, биыл телефон алаяқтары 6,1 мыңнан астам азаматты алдаған. Құзырлы орган алаяқтардың әдістері қиындағанмен, негізгі схема өзгермегенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Желтоқсан, 2025
Кибералаяқтар Франция поштасын бұғаттап тастады
Францияның ұлттық пошта операторы La Poste мереке алдындағы ең қызған шақта ауқымды кибершабуылға тап болды. 22 желтоқсаннан бері жалғасып жатқан DDoS-шабуыл милиондаған тұтынушыны әуреге салып, елдің басты пошта қызметін тығырыққа тіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
«Баспана алып беремін»: Өскеменде ірі алаяқтық дерегі тіркелді
Өскемен қалалық полициясына жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Арыз иесінің айтуынша, танысы оның сеніміне кіріп, тұрғын үй сатып алуға көмектесемін деген желеумен 9 млн теңгесін қалтасына басқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Желтоқсан, 2025
Балалар құқықтарын қорғау комитеті жаңа алаяқтық туралы ескертті
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова соңғы уақытта әлеуметтік желілерде балалар мен жасөспірімдерді арбауға бағытталған алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын айтып, ескерту жазбасын жариялады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Қылмыс • 20 Желтоқсан, 2025
Банктің мобилді қосымшасын бұзған: 55 млн теңге ұрлаған қазақстандық ұсталды
Бас прокуратура Интерпол және Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Швециядан аса ірі көлемдегі ұрлық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
Министрлік мереке қарсаңында алаяқтардан сақ болуға шақырды
Ішкі істер министрлігі қызметкерлері мереке қарсаңында жалған ашықхаттар мен «тиімді» жеңілдіктерге сенбеуді ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
Сақ болыңыз: Алаяқтар тұрғындарды алдауда жаңа тәсіл қолданып жатыр
Алаяқтар тұрғындарды алдауда жаңа айла қолданып жатыр. Азаматтар өздері байланысқа шығып, киберқауіпке ұшырауы мүмкін. Полиция мен Бас прокуратура азаматтарға сақтық шараларын ұсынады және тек ресми байланыс нөмірлері арқылы ғана хабарласуды ескертеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 17 Желтоқсан, 2025
Талдықорғанда полицейлер тұрғынның 13 миллион теңгесін қайтарды
Талдықорған тұрғыны әлеуметтік желідегі жалған инвестициялық жарнаманың құрбаны болған. Алайда полицияның жедел әрекетінің арқасында алаяқтар иемденген қаражат толық көлемде қайтарылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Түркістан облысында бас дәрігер мемсатып алу арқылы алаяқтық әрекетке барған
Қаржылық мониторинг агентігінің (ҚМА) аталған өңір бойынша департаменті медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Жалған брокерлердің тұзағына түспеудің жолы қандай?
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «гарантталған табыс», әлемдік IPO-ларға қолжетімділік және пассивті кіріс уәде ететін жарнама көбейіп келеді. Алайда мұндай ұсыныстардың басым бөлігі лицензиясы жоқ қаржылық алаяқтардың қитұрқы әрекетіне айналған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда домофон арқылы алдаудың жаңа тәсілі пайда болды
Абай облысының полиция департаменті Қазақстанда домофондарға қатысты алаяқтықтың жаңа схемасы анықталғанын хабарлады.
Заң • 06 Желтоқсан, 2025
Алаяқтықтың жаңа түрі: Бас прокуратура маңызды мәлімдеме жасады
Қазақстанның Бас прокуратурасы алаяқтардың жұмыс тактикасын өзгертіп жатқаны туралы маңызды мәлімдеме жасады. Жауапты орган алаяқтардың жаңа интернет-схемасы туралы халықты ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Желтоқсан, 2025
«24 млн теңге»: Павлодарда полиция зейнеткерді алаяқтардан құтқарып қалды
Павлодарда белгісіз адамдар өздерін энергетикалық орталықтың қызметкері ретінде таныстырып, зейнеткерге қоңырау шалған. Зейнеткер есептегіштердің тексерілуі туралы әңгімеге сеніп, сілтемелер бойынша өтіп, алаяқтарға 24 млн теңге аудармақ болған, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 01 Желтоқсан, 2025
Аустралияның Сидней қаласындағы Crown казиносында Қазақстаннан барған ерлі-зайыпты жандар жасырын камера мен құлаққаптарды пайдаланып, 1,18 млн АҚШ долларын иемденді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Қостанайда зейнеткерлер 3 млн теңгесін алаяқтарға аударып жібермек болған
Қостанайда банк кассирі мен полиция қызметкерлері 3 миллион теңгесін алаяқтарға аударып жібермек болған зейнеткерлерді дер кезінде тоқтатып, ірі қаржы шығынынан құтқарды. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мультимедиа • 28 Қараша, 2025
Полиция iPhone иелеріне ескерту жасады
Абай облысының полиция департаменті iPhone иелеріне интернет алаяқтықтың қаупі туралы ескертті. Алаяқтар Apple атынан жалған SMS немесе iMessage хабарламаларын жіберіп, логин мен құпиясөзді қолды етуі мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қараша, 2025
«Сізге ақшаны қателесіп аударыппын»: Алаяқтардың жаңа тәсілінен қорғанудың жолы қандай?
Ұлттық Банк «қате аударылған» ақшаға қатысты алаяқтық оқиғалар жиілеп кеткенін ескертіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 26 Қараша, 2025
Алматыда кәсіпкер Шыңғыс Құрманғалиев ұсталды
Алматыда кәсіпкер, «Тендер биржасы» ЖШС басшысы Шыңғыс Құрманғалиев алаяқтық ісі бойынша қамауға алынды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қараша, 2025
6,8 млрд теңге шығын келтірген: Абай облысында қаржы пирамидасы әшкере болды
Аталған облыс бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2025
«Жеңілдетілген несие алып беремін»: Астанада алаяққа үкім шықты
Астанада 16 азаматты жеңілдетілген несие алып беремін деп алдаған жергілікті тұрғынға қатысты үкім шықты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қараша, 2025
18 қарашадан бастап алаяқтардың SIM-карталары бұғатталады
Байланыс операторлары шағым түскеннен кейін, сондай-ақ Ұлттық банктің антифрод орталығымен интеграцияланған антифрод жүйелері арқылы алаяқтық белгілері анықталған жағдайда – 2 жұмыс күні ішінде бұғаттайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қараша, 2025
«Ата-анам қайтыс болды»: Жалған қайғыны желеу еткен қызметкердің айласы әшкере болды
Елордада бір компания қызметкері әріптестерінің ақшасын алдап алмақ болған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Қараша, 2025
Енді алаяқтардың телефон қоңырауы автоматты түрде бұғатталады
Қазақстанда 18 қарашадан бастап ұялы байланыс операторларына жалған қоңыраулар мен SMS хабарламаларды автоматты түрде анықтауға және бұғаттауға мүмкіндік беретін жаңа ереже күшіне енеді. Тиісті бұйрыққа Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.