инвест
Қазақстан • 11 Қаңтар, 2024
Қазақстанда ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылады
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысында жаңа ақпараттық жүйе таныстырылды. Аталған ұлттық цифрлық инвестициялық платформа биыл іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 03 Қаңтар, 2024
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы рекордтық көрсеткішке жетті
Қазақстан мен Қытайдың қарым-қатынасы достық, тату көршілік және мәңгілік стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2023
Прокуратура кәсіпкерге сүйеу болды
Прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды қолдауды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 14 Желтоқсан, 2023
Ақтауда бірегей тыңайтқыш өндіретін кешен салынады
Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Tecnicas Reunidas компаниясының атқарушы төрағасы Хуан Лиадо химия және мұнай-газ химиясы салаларында жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Желтоқсан, 2023
Президент цифрлық платформа құрудың тым созылып кеткенін ескертті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының биылғы жылғы иегерлерін марапаттау рәсімінде отандық бизнестің дамуына кесірін тигізбес үшін негізсіз тексеру мен заңсыз қудалаудан қорғау жөнінде тапсырма бергенін еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Экономика • 12 Желтоқсан, 2023
Инвесторлар келесі жылдан бастап үш жылға салықтан босатылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімінде инвесторлар келесі жылдан бастап үш жылға салықтан босатылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 08 Желтоқсан, 2023
«АрселорМиттал Теміртауды» Қазақстан инвесторы басқарады
Үкімет пен ArcelorMittal корпорациясы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ны Қазақстанға беру туралы мәмілеге келді. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев АрселорМиттал Теміртаудың жаңа инвесторы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2023
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Қазақстанға қайтарылды
Үкімет пен ArcelorMittal корпорациясы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ны Қазақстанға беру туралы мәмілеге келді. Мұны Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 08 Желтоқсан, 2023
Өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобалар 3 жылға салықтан босатылады
Премьер-министр Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар басшылары және дипломатиялық корпус пен жеке бизнес өкілдерінің қатысуымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді. Кеңесте негізінен салық саясаты саласында жүргізіліп жатқан реформалар, инвестициялық ынтымақтастық, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау және т. б. мәселелерге назар аударылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2023
Ақтөбеге жаңа газ құбыры тартылады
Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Президентке өңір басшысы Асхат Шахаров өңірдің экономикалық әлеуеті мен перспективті инвестициялық жобалары туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023
Сирек кездесетін металды ұқсата алмай отырмыз – депутат
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мархабат Жайымбетов Премьер-министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдап, сирек кездесетін металдарды өндірудегі олқылықтарды айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Желтоқсан, 2023
10 келісім: электр станциясы, кәсіпорын салынады
Президент Қ.Тоқаев Дубайда өтіп жатқан Климат жөніндегі дүниежүзілік саммит (СОР28) аясында Қазақстанның және басқа да елдердің мемлекеттік органдары мен бизнес-құрылымдары арасындағы бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сүйеніп.
Президент • 02 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы БАӘ министрімен келіссөз жүргізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Инвестициялар министрі Мұхаммед әл-Сувейдимен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Экономика • 29 Қараша, 2023
Инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізу маңызды – Ұлттық палата
«Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов «Түркістан: Туризм, Инвестиция, Экономика» – TIF’23 халықаралық форумында шағын және орта бизнес, сондай-ақ инвестициялауды қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 25 Қараша, 2023
Өңдеу секторын жедел дамытуға басымдық беріледі – Премьер-министр
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді. Онда Қазақстандағы инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту бойынша шаралар мен ұсыныстар талқыланды. Премьер-министр Қазақстан Үкіметінің алдында 2029 жылға қарай экономика көлемін $450 млрд-қа, яғни, екі есеге арттыру бойынша ауқымды міндет тұрғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 24 Қараша, 2023
Экономикалық форумда 1 трлн 55 млрд теңгенің меморандумына қол қойылды
Түркістанда бизнес және туризм өкілдерінің қатысуымен TIF’23 – «Түркістан: Туризм, Инвестиция, Экономика» халықаралық форумы өтіп жатыр. Форум алдында қатысушыларға Түркістан өңірін танытатын көркемсурет галереясы мен презентациялар, халықаралық бизнес пен инвестициялық жобалар жәрмеңкесі ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 23 Қараша, 2023
Зейнетақы қорындағы ақша инвестициялық жобаларға пайдаланыла ма?
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Сенаттың жалпы отырысынан кейін ірі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражат бөлу мүмкіндігі туралы пікірін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 23 Қараша, 2023
Шетелдіктерге жер берілмейді, бұл мәселе талқыланбайды – Премьер-министр
Парламент Сенатында өткен брифингте Үкімет басшысы Әлихан Смайылов шетелдіктерге жер беріле ме деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 22 Қараша, 2023
Ақмола облысы инвесторлар үшін тартымды өңір
2022 жылғы деректер бойынша Ақмола облысындағы инвестициялардың ең көп үлесі жеке меншік кәсіпорындарына – 70%, шетелдік меншігі бар кәсіпорындарға – 25%, мемлекеттік меншігі бар кәсіпорындарға – 5% тиесілі болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 17 Қараша, 2023
Қазақстан 150 млрд доллар шетелдік инвестиция тартуға мүдделі - Әлихан Смайылов
Премьер-министр Әлихан Смайылов әр жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының басшыларын, қаржы секторының өкілдерін, саясаткерлер мен сарапшылардың басын қосатын VI Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстелге (Kazakhstan Global Investment Roundtable) қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 17 Қараша, 2023
KGIR-2023: Тұрақты өңірлік өсуге инвестициялар
Астанада KGIR-2023 халықаралық инвестициялық дөңгелек үстелі өтіп жатыр. Жиынға әртүрлі елдерден 1000-нан астам делегат қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 01 Қараша, 2023
Франция Қазақстан экономикасына қанша инвестиция салды?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франциямен ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту еліміз үшін маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Қазан, 2023
Президент ҚХР Төрағасын елге шақырды
Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен жүргізген келіссөз барысында екі елдің стратегиялық серіктестікке негізделген қатынас қарқынды дамып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сүйеніп.
Қоғам • 13 Қазан, 2023
Тим Дрейпер: Биткоин біздің өмірімізді айтарлықтай жақсарта алар еді
Астанада өтіп жатқан «Digital Bridge 2023» форумында есімі әлемге әйгілі америкалық венчурлық инвестор, Draper Fisher Jurvetson компаниясының тең құрылтайшысы және Дрейпер университетінің негізін қалаушы Тим Дрейпер, болашақта орталық банктер азайып, биткоинды ресми пайдаланатын мемлекеттер көбейеді деген болжам айтты.
Үкімет • 09 Қазан, 2023
Үкіметте жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу талқыланды
Премьер-министр Әлихан Смайылов Eren Holding басшысы Ахмет Еренді қабылдап, Қазақстан экономикасының түрлі салаларында жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 05 Қазан, 2023
Ірі тау-кен металлургия комбинатын салу мәселелері талқыланды
Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Monterra Group компаниясының өкілі Иоганн Штоль Жамбыл облысында ірі тау-кен металлургия комбинатын салу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2023
1 қаңтардан бастап балаларға Ұлттық қордан қаражат төленеді
Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап балаларға Ұлттық қордан қаражат төленеді. Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы жинақ шоттарына аударылады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Қыркүйек, 2023
«Түркі инвестициялық қоры» қашан құрылады?
Бүгін Мәжілісте «Түркі инвестициялық қорын құру жөнінде келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылаған жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz төменгі палатаның баспасөз қызметіне сүйеніп.
Президент • 12 Қыркүйек, 2023
Президент: Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – мемлекет пен бизнестің негізгі өзегі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесудегі қорытынды сөзінде бірыңғай ашық реестр құрылса, кәсіпорындардың аз бөлігіне ғана қаражатты шамадан тыс бөлудің алдын алуға, обьективті бағалауға болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Қыркүйек, 2023
Қазақстан Италияға экспорт көлемін арттырады
Премьер-министр Әлихан Смайылов елімізге ресми сапармен келген Италия Министрлер кеңесі Төрағасының орынбасары – сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Антонио Таянимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.