Оқиға • Бүгін, 14:42

Солтүстік Қазақстандағы су тасқыны қаупі сейілді ме?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы екі жылда Қазақстанның су шаруашылығы саласына 579 млрд теңге инвестиция тартылды. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкіметтің қорытынды отырысында бұл қаражаттың елді мекендерді, әсіресе Солтүстік Қазақстан облысын су басу қаупінен қорғауға қалай әсер ететінін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстандағы су тасқыны қаупі сейілді ме?

Фото: istockphoto.com

Министрдің айтуынша, тартылған инвестициялар мен халықаралық келісімдер су қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты кепілі болады. Қазіргі таңда министрлік шетелдік серіктестермен 7 ірі келісім мен 30-дан астам меморандумға қол қойған. Бұл құжаттардың ішінде ең маңыздысы – Азия даму банкімен бірлесе жүзеге асырылатын Есіл қарсы реттегішінің құрылысы.

«Қол қойылған меморандумдардың ішінде қытайлық серіктестермен Жамбыл облысында смарт-технологиялар шығаратын зауыт салу бойынша $20 млн ынтымақтастық ниетін, сондай-ақ Азия даму банкімен Есіл қарсы реттегіші құрылысына қаржы бөлу туралы меморандумды ерекше атап өтуге болады. Аталған нысан 873 млн текше метрге дейін тасқын су жинауға мүмкіндік береді, бұл Солтүстік Қазақстан облысындағы елді мекендерді су басу қаупінен сақтайды», деді Нұржан Нұржігітов.

Осылайша, мемлекет миллиардтаған инвестицияны тек инфрақұрылымға емес, табиғи апаттардың алдын алуға бағыттап отыр. 

Бұған дейін елімізде 2026 жылы үш облыста жаңа су қоймалары бой көтеретінін хабарлаған едік. Сонымен қатар биыл су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін артты.

 

 

 

 
Соңғы жаңалықтар