Ұлан
Қоғам • 17 Мамыр, 2024
Ұлттық ұланның батыры Айбат Амановты еске алу рәсімі өтті
17 мамыр күні Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында Ұлттық ұланның батыры, республикалық жарыстардың чемпионы марқұм Айбат Амановтың құрметіне бокстан үш күндік турнир басталды, деп жазады Egemen.kz.
Айбын • 04 Мамыр, 2024
Құқықтық тәртіп әскерінің авиациясы
Ұлттық ұлан авиациясының құрылу тарихы 70-жылдардың аяғында КСРО ІІМ Ішкі әскерлерінің алғашқы авиациялық бөлімдерін құрудан бастау алады. Қазіргі Қазақстан аумағында КСРО ІІМ ІӘ (3553 «Е» әскери бөлімі) әуе күштерінің жекелеген авиациялық буыны 1987 жылдың сәуірінде Алматы облысының Боралдай әуе айлағында жауынгерлік кезекшілікке кіріскен еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Ұлттық ұлан авиабазасының ашылу рәсіміне қатысты
Президент – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Астана қаласында Ұлттық ұланның авиация базасының ашылу рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Мамыр, 2024
Ұландықтар бірлік күнімен құттықтады
«Бірлік болмай тірлік болмас» демекші, береке мен бірлікті көздеген дана халқымыз ел үшін, жер үшін тірлік етуден жалықпаған. Сол себепті де елімізде 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып есептеледі.
Спорт • 29 Сәуір, 2024
Ұландықтар әлем чемпионы атанды
Осы айдың 24-28 күндері Мерсин провинциясындағы Ердемли қаласында (Түркия) ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері унифайттан ересектер мен жастар арасында өткен Әлем Кубогіне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 29 Сәуір, 2024
«Номғон-2» кешенінен табылған бітіктастың тағы бір бөлігі таныстырылды
Жуырда Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында Түркі Академиясы және Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының бірлесіп ұйымдастыруымен «Номғон-2» ғұрыптық кешенінен табылған бітіктастың төменгі бөлігінің таныстырылымы өтті. Бұл туралы Түркі Академиясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Сәуір, 2024
Ұландықтар су басқан өңірлерге 140 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жеткізді
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдардың жалпы ұзындығы 4300 метр болатын төрт учаскесінде су тасқыны тіркелді. Жалпы ұзындығы 463 км Ақтөбе, Атырау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолының учаскелерінде қозғалыс шектелген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Ұландық курсанттар Петропавлдың ауызсуға арналған станциясын қорғап қалды
Ұлттық ұлан академиясының 400 курсанты су тасқынына байланысты Петропавл қаласы аумағындағы маңызды нысандарды судан қорғау жұмыстарына жұмылдырылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Сәуір, 2024
Су басқан аудандарға 900 тоннадан астам топырақ төселді
ТЖ режимі Қазақстанның батысы мен солтүстігіндегі бірнеше өңірдегі жергілікті аймақтарда әлі сақталып тұр. Сонымен қатар Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін деген болжам бар. Қазір қауіпті аймақтардан адамдарды уақтылы эвакуациялау және су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қажетті көмек көрсету басты міндет болып қала береді. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Сәуір, 2024
Ұлттық ұланның 2700-ден астам жауынгері су басқан өңірлерде жүр
Ұлттық ұланның 2700-ден астам жауынгері, 120 техникасы және авиа транспорттары су басқан барлық өңірлерде белсенді көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Сәуір, 2024
Ұлттық ұлан жауынгерлері мұз жару жұмыстарына қатысты
Ақтөбе қаласының іргесіндегі Кирпичный тұрғын алабында орналасқан «Green Land» демалыс аймағына жақын жерде Елек өзенінің бетіндегі мұз қатпарларын жару жұмыстары жүргізілді. Оған Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің 3 сапері мен 4 техникасы қатысты. Бұдан бөлек қауіпсіздік үшін аймақты қоршау шараларына 29 жауынгері бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Сәуір, 2024
Ұлытау облысында түрме қызметкерлері сотталғандарды азаптағаны анықталды
Ұлытау облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 Мекеме және Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің қызметкерлері сотталғандарды азаптағанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2024
Су тасқыны: Ұлттық ұлан авиациясы гуманитарлық жүк жеткізді
Ұлттық ұланның әскери қызметшілері су тасқыны болған аудандарда тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Олар жергілікті халықты табиғи апат аймақтарынан көшіріп, эвакуациялық пункттерге гуманитарлық көмек жеткізуде. Сонымен қатар су жағаларын нығайту жұмыстарын орындап, қарғын судың арнасын бұрумен шұғылданып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Наурыз, 2024
Ақтөбе облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек жеткізіледі
Ұлттық ұлан авиациясының Ми-171Е тікұшағының экипажы Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен адамдарды эвакуациялауға және тасымалдауға атсалысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2024
Ұлттық ұлан жауынгерлері тасқынға қарсы күресте жүр
Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынына қарсы іс-шаралардың бел ортасында Орал шаһарында орналасқан 5517 Ұлттық ұлан әскери бөлімінің жеке құрамы да жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Наурыз, 2024
Астаналық ұландықтар жоғалған екі баланы тапты
Наурыз мерекесі кезінде елордалық жедел бригаданың әскери қызметшілері азаматтарға көмектесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Ақпан, 2024
Ұландықтар елорда тұрғындарына көмектесті
Елордалық ұландықтар қырағылық танытып, Астана тұрғындарына көмектесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Ақпан, 2024
Ұлттық ұлан жауынгерлері 160 литрден астам қан тапсырды
Ұлттық ұланның 6654 әскери бөлімінің 350-ден астам әскери қызметшісі қан тапсырды. Ұландықтар мүмкіндігінше көмекке мұқтаж науқастардың өмірін сақтап қалу үшін донорлық қан банкін 162 литрге толтырды. Донорлық рәсімі Қаракемер кентіндегі қалалық қан тапсыру орталығында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Ақпан, 2024
«Ұлттық ұлан аруы - 2024» фотобайқауы басталды
8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында құқықтық тәртіп әскерлері арасында «Ұлттық ұлан аруы-2024» конкурсы өтеді, деп жазады Egemen.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Ақпан, 2024
Әскери қызметшілер арасында Ұлттық ұлан чемпионаты басталды
7 ақпан күні Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының дене-шынықтыру және сауықтыру спорт кешенінде құқықтық тәртіп әскерінің әскери қызметшілері арасында волейболдан Ұлттық ұлан чемпионаты басталды. Жарыс Ұлттық ұланның ХХІІ спартакиадасы аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Ақпан, 2024
Ұландықтар топ болып төбелескендерді тоқтатты
Талдықорған қаласында Ұлттық ұланның жауынгерлері жаппай төбелеске қатысушылардан травматикалық тапанша, пышақ, көзден жас ағызатын бүріккіштерді тәркіледі, олар жанжал кезінде аталған қаруларды қолданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 02 Ақпан, 2024
6654 әскери бөлімі оқу батальонының 1 оқу ротасы Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдеріне байланыс мамандарын дайындайды. Әр жылдың 1-ші және 3-ші оқу кезеңдерінде мерзімді әскери қызметшілер арасында маман-радиотелефонистер оқытылады. Ал 2-ші және 4-ші кезеңдерде алғашқы даярлау және қайта даярлау бағдарламалары бойынша келісімшарт әскери қызметшілері арасында бөліністердің торап бастығы, электр-күш қондырғыларының бастығы, бөліністегі станция бастықтары, радиотелефон тобының бастығы, спутник станциясының маман-технигі, бөлініс бастығы (аппарат) бастықтары мамандықтары бойынша оқытады. Әр оқу кезеңі екі ай уақытты алады.
Әскер • 24 Қаңтар, 2024
Ұлттық ұланның әскери кеңесінде жыл қорытындыланып, алдағы кезеңнің міндеттері айқындалды
Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденовтің басшылығымен және өзара іс-қимыл жасайтын орган басшылары және әскердің генералдары мен офицерлерінің қатысуымен Әскери кеңес өтті. Күн тәртібінде құқықтық тәртіп әскерлерінің 2023 жылғы қызметтік-жауынгерлік әрекеті қорытындыланды. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттер мен тапсырмалар айқындалды.
Қаржы • 15 Қаңтар, 2024
Қолма-қол ақша, QR. Бір тауарға екі түрлі баға қою заңсыздық - министр
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қаржы секторындағы соңғы өзгерістерді түсіндіріп, қоғамда ең көп талқыланып жатқан сауалдарға жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2024
Астанада Ұлттық ұланның гала-концерті өтті
Жыл сайын еліміздің астанасында құқықтық тәртіп әскерлерінің құрылу күніне орай Ән-би Ансамблі мен ҚР Ұлттық ұланының Үлгілі-көрсетімді оркестрінің гала-концерті өтеді. «Ұлттық ұлан - елдің қорғаны» атты концерт әртістердің ерекше өнерімен және композицияларымен есте қаларлықтай болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2024
Ұлттық ұланның 700-ден астам сарбазы ант қабылдады
2023 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінің күзгі әскерге шақыру мерзімді қызметінің жас сарбаздары үшін маңызды оқиға болды. Атап айтқанда, елордалық жедел бригада аумағында әскерге шақырылушы жас сарбаздар әскери ант беру рәсімінен өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2024
Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде 2024 жылғы қысқы оқу кезеңі басталды.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023
Ұлттық ұланның авиатехника паркі жаңа ұшақпен толықты
Кеше Астана қаласының әуеайлағында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясы үшін екінші Y8F200WА көп мақсатты орта көлік ұшағын жеткізу бойынша салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 12 Желтоқсан, 2023
Биыл республикалық бюджетке 12,6 трлн теңге табыс түсті
Бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 11 айдағы бюджеттің кіріс-шығыс есебімен бөлісті. Министр жыл бойы қаржыны игере алмаған министрліктер мен табыс аз түскен салаларды жіктеп көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 20 Қараша, 2023
Ұлттық ұланда бос орындар жәрмеңкесі өтті
Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 5518 әскери бөлімінде өткен шараға елуден астам жұмыс іздеуші қатысты. Оларға өңірлік қолбасшылықтың басқарма мамандары әскери қызметке тұру барысынан бастап, мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер жайынан хабардар етті.