ат
Тағайындау • 15 Мамыр, 2024
Асхат Хасенов «ҚазМұнайГаз» басшысы міндетін уақытша атқарады
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Асхат Хасеновті «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетін күнге дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы етіп тағайындады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 15 Мамыр, 2024
Сенат Төрағасының орынбасары Азия әйелдері форумына қатысты
Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина «Әйелдердің экономикалық, әлеуметтік және саяси құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріндегі өңірлік тәсіл» атты Азия форумына қатысты. Іс-шараға қатысушылар Бейжің іс-қимыл тұғырнамасын іске асыру, сондай-ақ әйелдердің қазіргі жаһандық экономика жағдайындағы экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін талқылады. Сенат Төрағасының орынбасары форумда сөйлеген сөзінде еліміздің Президенті жүргізіп отырған мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтардың бірі – гендерлік теңдік, әйелдердің қоғамдық-саяси және экономикалық өмірге қатысу деңгейін арттыру екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 15 Мамыр, 2024
Oceanman: Елдар Шекербек Испаниядағы чемпионатта алтын олжалады
Қазақстан спортшысы Елдар Шекербек Испаниядағы Балеар аралдары маңында Жерорта теңізінде өткен ашық суда жүзуден OCEANMAN 2024 SPAIN чемпионатының кезекті жарысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2024
Кредит алып, казино ойнаған: Колония басшысы қамалды
Алматы облысының прокуратурасы түзету мекемелеріне тексеру жүргізді. Нәтижесінде сотталушылар елеулі заң бұзушылық әрекеттерін жасағаны анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 14 Мамыр, 2024
Ақмола облысында мотоцикл мінген жасөспірім сегіз жасар баланы қағып кетті
Оқиға Біржан сал ауданының Бұланды ауылында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2024
Сенаторлар «Бақытты отбасы» орталығы қызметімен танысты
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палатаның бір топ депутатымен бірге әйелдерді қолдауға арналған «Бақытты отбасы» білім және ақпараттық-консультациялық орталығына барды. Орталық жетекшісі Ырза Тұрсынзада «Бақытты отбасы» бірінші кезекте көп балалы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған, жұмыссыз, қиын жағдайға тап болған және жалғызбасты аналарға жан-жақты қолдау көрсететін платформа екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 14 Мамыр, 2024
Тыйым салынған жерде темекі шеккен шетелдікке айыппұл салынды
Тбилиси-Алматы бағытындағы рейс ұшып келгеннен кейін әуежайдағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ұшақтың жанынан темекі шегіп отырған шетелдік жолаушыны анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Мамыр, 2024
Жетісу облысында жол апаты болып, бойжеткен көз жұмды
14 мамыр күні Алматы-Өскемен тас жолының 270 шақырымында жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 14 Мамыр, 2024
Дәулет Тұрлыхановтың баласына қатысты сот үкімі өзгерді
Жоғарғы Сотта депутат Дәулет Тұрлыхановтың баласына қатысты сот отырысы өтті. 2023 жылдың қазан айында Алматы гарнизоны Әскери сотының үкімімен Нұрасыл Болат бұзақылық себептермен, ерлі-зайыпты О.Чернов пен А.Чернованың денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін сотталған еді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2024
Алматы облысындағы түзеу мекемесінде заң бұзушылықтар анықталды
Прокуратура Алматы облысының түзеу мекемелерінде өрескел заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 14 Мамыр, 2024
Классикалық шахмат: Астаналық оқушы әлем чемпионы атанды
Классикалық шахматтан оқушылар арасында Перу астанасы Лимада 2024 жылғы әлем чемпионаты өтіп, оған 26 елден 1 мың 174 жас шахматшы қатысты. Елорда әкімдігі ресми сайтының хабарлауынша Астанадағы №9 «Зерде» мамандандырылған лицейдің оқушысы Айару Алтынбек жарыстың аяқталуына бір тур қалғанда, мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 14 Мамыр, 2024
Алматыда Орталық Азия сауда форумы басталды
Алматыда 13-ші Орталық Азия сауда форумы «Сауда интеграциясы: жаһандық даму» тақырыбында өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2024
100 жасаған қарияның батасы жұртты елжіретті
Ұшақ бортында 100-ге келген қарияның батасы елді сүйсінтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2024
Жамбыл облысында үй жанынан жасөспірімнің мәйіті табылды
13 мамыр күні Жамбыл облысы Меркі ауданы Сыпатай ауылындағы үйлердің жанынан жасөспірімнің мәйіті табылды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 14 Мамыр, 2024
Ресейде жолаушыларды құтқарған қазақ жігіті марапатталды
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында көпірден құлап, суға батқан автобустың жолаушыларын құтқаруға қатысқандардың барлығы марапатталған. Марапат алғанның бірі Қазақстанның тумасы Ерхан Аханов, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2024
Олжас Бектенов тасқынға қарсы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі су тасқыны жағдайы күн тәртібінен тыс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 14 Мамыр, 2024
Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан дзюдошылары анықталды
Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында осы айдың 19-24 күндері аралығында дзюдодан өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ерлер құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2024
Жайық өзені шекті деңгейден асты
Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы Жайық өзенінің су деңгейі туралы жедел есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2024
Су тасқыны: Махамбет ауданының тұрғындары эвакуацияланып жатыр
Атырау облысы Махамбет ауданында су тасқыны қаупі сейілген жоқ. Тұрғындардың бас амандығын қамтамасыз ету мақсатында аудандағы Талдыкөл ауылының азаматтары Атырау қаласына көшіріліп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2024
Алматыда ер адам автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасады
Алматыда автобус жүргізушісіне шабуыл жасалды, полиция істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Мамыр, 2024
Прокуратура Бишімбаевқа 24 жыл, Байжановқа 4 жыл сұраған
Мемлекеттік айыптаушылар Қуандық Бишімбаевқа тағайындалған жазаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 13 Мамыр, 2024
Дәстүрлі садақ атудан ҚР Кубогі мәресіне жетті
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық шеңберінде Семейде дәстүрлі садақ атудан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Кубогі аяқталды. Оған қатысқан 300-ден астам садақшы 4 түрлі нысана бойынша сайысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Мамыр, 2024
Бишімбаев пен Байжановтың айыптары толық дәлелденді
Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың және аса ауыр қылмысты жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжановтың айыптары толық дәлелденіп, осы іске қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Мамыр, 2024
Көлікте телефонға үңілген келіншек 5 жасар баланы қағып кетті
Алматы облысында көлік тізгіндеген әйел 5 жасар баланы қағып кетті. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Мамыр, 2024
Президент Мәдениет және ақпарат министрінің есебін тыңдады
Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады. Президентке ведомство атқарған жұмыстардың нәтижесі, сондай-ақ министрліктің алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті тәсілдер туралы баяндалды, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 13 Мамыр, 2024
«20 жыл жасырынған»: Іздеуде жүрген күдікті үй шатырынан табылды
Елордалық полиция 20 жылдан астам уақыт бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 53 жастағы азаматын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бокс • 13 Мамыр, 2024
Қазақстан құрамасының жаңа боксшысы дебютте қарсыласын нокдаунға жіберді
2023 жылғы Өзбекстан чемпионатында қола жүлде еншілеген қандасымыз Аман Қонысбеков осы жылдың ақпан айында Қазақстанға қоныс аударғаны хабарланған еді. Бүгін ол Қазақстан құрамасы сапында алғаш рет шаршы алаңға шықты. Аман Қонысбеков алғашқы раундта қырғыз боксшысын 2 рет нокдаунға жіберді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 13 Мамыр, 2024
Әлем чемпионатына қатысатын дзюдошы қыздар анықталды
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Ерлан Алпысбаев Абу-Дабидегі әлем чемпионатына қатысатын дзюдошы қыздардың анықталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Мамыр, 2024
Қазақстан азаматы шетелде адам өлтірді деген күдікпен ұсталды
Қазақстан азаматы Лондонда кісі өлтірді деген айыппен тергеліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Мамыр, 2024
«Апат зардаптарын қалпына келтіру»: Жұмыссыз азаматтарға жұмыс ұсынылды
Жұмыссыз азаматтарды су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұрғын үй салу және инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарына жұмысқа орналастыру бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Бірге салайық!» атты жобаға бастама жасады. Құрылыс компаниялары ұсынатын бос жұмыс орындарын Электрондық еңбек биржасынан көруге болады, деп хабарлайды Egemen.kz.