ем
ЖОЛДАУ • 31 Шілде, 2025
Өнеркәсіп өндірісі жарты жылда 6,5%-ға өсті – Роман Скляр
Үкімет үйінде Мемлекет басшысы жүктеген өнеркәсіп, энергетика және көлік салаларындағы міндеттердің орындалу барысына арналған Үкіметтің баспасөз мәслихаты өтті. Жиында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр нақты сектордың даму көрсеткіштерімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 30 Шілде, 2025
Биометриялық төлем әдісі пайда болды
Ресейлік «VisionLabs» компаниясы метрода адамның бет-бейнесі арқылы төлем жасайтын жүйе енгізді. Жүйе Мәскеу, Алматы, Ташкент метроларында орнатылған. Қазірге дейін бұл технология метро стансаларвның 75 пайызына енгізілді, алдағы уақытта барлық стансада іске қосылмақ.
Спорт • 30 Шілде, 2025
Тарихи жетістік: Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды
Тбилиси (Грузия) қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында Ұлттық құрама тарихи жетістікке жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Шілде, 2025
Қазақстан семсершілері әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдан бастап ұлттық семсерлесу құрамаларында шетелдік жаттықтырушылар мен кеңесшілер жұмыс істей бастады. Осы жылдар ішінде қазақстандық семсершілер бірқатар маңызды жетістіктерге қол жеткізген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Шілде, 2025
Елордада таеквондодан халықаралық турнир өтеді
14-16 тамыз аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында таеквондодан (WT) Kazakhstan Open 2025 атты халықаралық рейтингілік турнир өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 15 808 000 теңгені құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Шілде, 2025
«Самұрық-Қазына» қолдауымен алғаш рет Астанада жүзуден Әлем кубогі өтеді
Қазақстан су спорты саласындағы ірі жетістікке қол жеткізді – жүзуден Silk Road-2026 Әлем кубогінің финалдық кезеңі алғаш рет елімізде өтеді. Дүбірлі доданы бас қала – Астана қабылдайды. Бұл туралы Сингапурде өткен World Aquatics конгресінде белгілі болды. Биыл су спорты түрлерінен World Aquatics Championships 2025 чемпионаты Азияның осы елінде өтіп жатыр. Оған 200 елден 1000-нан астам спортшы қатысып, оның ішінде отандастарымыз да бақ сынауда.
Қоғам • 30 Шілде, 2025
Зейнетке қамданбасақ, қартайғанда қиын болады
Елімізде өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендер саны жылдан жылға артып келеді. Олар зейнетақы қорына жарна төлемейтіндіктен, болашақта кедейлікке тап болу қаупі жоғары. Сарапшылар зейнет жасында мемлекетке емес, өз жинағына сенетін күн туатынын ескертеді. Экономист Аман Әлімбаев бұл мәселенің салдарын Сингапур үлгісімен салыстыра отырып түсіндіріп берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 30 Шілде, 2025
Тоғызқұмалақтан әлем кубогі аяқталды
Чехияның Пардубице қаласында 21-30 шілде аралығында тоғызқұмалақтан әлем кубогі рапид және блиц түрлері бойынша өтті. Оған Чехия, Оңтүстік Корея, АҚШ, Румыния, Түркия, Австрия, Украина, Венгрия, Қырғызстан және Қазақстаннан 60-қа жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күрес • 29 Шілде, 2025
17-ге дейінгі жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Шілде, 2025
Елімізде жүзуден Әлем кубогінің 3-кезеңі өтеді
Сингапурде өтіп жатқан World Aquatics конгресінде Silk Road-2026 жүзуден Әлем кубогінің кезеңдері өтетін қалалар жарияланды. Қазақстан алғаш рет осы тізімнен табылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Шілде, 2025
Ардагерлерге 8,5 млрд теңге жәрдемақы төленді
2025 жылы Қазақстанда 80 мыңнан астам ардагерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Шілде, 2025
Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады
30 тамыз күні еліміздің Ата Заңының қабылданғаны 30 жыл толады. Мемлекеттік мерекеге орай 5 күн жұмыс істейтін азаматтарға қосымша 1 күн демалыс беріледі, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Шілде, 2025
Алакөлде емхана мен мектеп жеткілікті ме
Алакөл ауданының Достық ауылында 600 орындық «Келешек мектебі» жаңа оқу жылында ашылады. Сонымен қатар Үшарал қаласында да 600 орындық жаңа мектеп құрылысының жобасы дайындалуда. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Шілде, 2025
Ұлытау ауданында демалыс аймағы ашылды
Ұлытау облысы, Ұлытау ауданындағы Тасбұлақ алаңын абаттандыру жұмыстары аяқталып, демалыс аумағы ел игілігіне берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 27 Шілде, 2025
NASA қызметкерлерінің саны 20%-ға қысқарады
АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) штаттық құрамы 20 пайызға қысқарады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз хатшысы Шерил Уорнер мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Шілде, 2025
Қазақстандықтар тамызда неше күн демалады?
2025 жылы қазақстандықтар Тамыздың соңында атап өтілетін Конституция күніне байланысты ұзақ демалысқа шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 25 Шілде, 2025
Медициналық қызмет тарифтерінің өсуі емделу құнына әсер етпейді - министрлік
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында халық үшін емдеу құны өседі деген мазмұндағы жаңалықтарға байланысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Шілде, 2025
Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы болды. Соқтығыстан кейін көлік бірнеше рет аударылып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 25 Шілде, 2025
Бас санитар дәрігер мен оның сыбайластары сотталды
Сыбайлас жемқорлыққа жол берген Ақтөбе қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мейіржан Есімбаев пен осы мекеменің бас маманы Жанғабаев және облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қазмұханбетовке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 25 Шілде, 2025
Қазақстанда көкөніс және жеміс шырындарының өндірісі артқан
2025 жылдың қаңтар–мамыр айларында Қазақстанда жеміс пен көкөніс шырындарының өндірісі алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3% өскен, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 24 Шілде, 2025
Елімізде су тазартатын мембраналар өндіріледі
«Экотэк Инжиниринг» компаниясы Сәтбаев университетімен бірлесіп су тазарту жүйелеріне арналған спиральды мембраналарды өндіре бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 24 Шілде, 2025
Жетісуда жедел жәрдем қызметкерлері жеті жанды өрттен құтқарған
Бүгін Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев Ескелді ауданындағы өрт шыққан үйден 7 адамды құтқарған жедел жәрдем қызметкерлерін қабылдап, облыс әкімінің Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтарын табыстады. Кездесуге облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асқар Садықов қатысты. Арнайы қабылдауға аталған ауданның №6/6 жедел жәрдем бригадасы құрамындағы фельдшерлер Ғабит Ерғаж, Дамира Рахимова және жүргізуші Мұрат Сатеков келді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 24 Шілде, 2025
Зәулім үйі, екі көлігі бар отбасы мемлекеттен қолдау алған
Үкімет үйінде өткен бүгінгі жиында әлеуметтік саланы цифрландыру жұмыстары жүріп жатқаны айтылды. Осы орайда журналистер «жәрдемақыларды 6 санатқа бөлу оның қатарын қысқартуға алып келмей ме?» деген сауал қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 24 Шілде, 2025
«Jaiyq» волейбол клубы Орталық Азия чемпионы атанды
2025 жылғы 17-23 шілде аралығында Мальдив аралдарының астанасы Мале қаласында өткен Орталық Азия чемпиондар лигасында Қазақстанның намысын Орал қаласының «Jaiyq» волейбол клубы абыроймен қорғап шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 23 Шілде, 2025
Өскеменде көппәтерлі үйдің шатырынан өрт шықты
Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев көшесінде орналасқан бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Шілде, 2025
Президент дәрігерлерге күш көрсеткені үшін жазаны күшейтуді тапсырды
Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне шабуыл жасап, күш қолданып және қатыгездік танытқан әрекеттерге қатысты жазаны қатаңдату мақсатында ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізу туралы Парламент депутаттарының, денсаулық сақтау саласы өкілдерінің және белсенді азаматтардың ұсынысын қолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 22 Шілде, 2025
Жетісуда 2,2 тонна жем-шөп дайындалады
Жетісу облысында биыл 2,2 млн тонна жем-шөп дайындау жоспарланып отыр. Оның ішінде 1,2 млн тонна шөп, 341 мың тонна сабан, 117 мың тонна пішендеме, 203 мың тонна сүрлем және 307 мың тонна жемдік астық қамтылмақ, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Шілде, 2025
LRT құрылысына қатысып жатқан компания Семейде айналма жол салады
Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли мен «China Railway Asia-Europe Construction Investment Co.LTD» компаниясының бас директоры Чжоу Хайвэй Семей қаласын айналып өтетін автожол құрылысын жүзеге асыруға бағытталған келісімге қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 22 Шілде, 2025
КуПС - «Қайрат» матчы тікелей эфирден көрсетіледі
Бүгін алматылық «Қайрат» футбол клубы сырт алаңда Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді, деп жазады Egemen.kz
Бокс • 22 Шілде, 2025
Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатына кімдер қатысады
30 шілде - 12 тамыз аралығында Таиландтың Бангкок қаласында бокстан жастар арасында Азияның үздіктері анықталады, деп жазады Egemen.kz.