Қаржы • 14 Қазан, 2025

Бюджет қаражатына бақылау күшейтілді

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Такиев мемлекеттік сатып алу кезінде  отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған шаралар туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Бюджет қаражатына бақылау күшейтілді

Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар

Министр жыл басынан бері қолданысқа енген «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңда бұрын ұзақмерзімге созылатын сатып алу рәсімдерінің мерзімін қысқартуға басымдық берілгенін айтты.

«Нәтижесінде осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда жасалған шарт сомасы және отандық тауар өндірушілерден сатып алу сомасы 2 есеге өсті. Жасалған шарттар саны 28%-ға, оның ішінде отандық тауар өндірушілермен жасалған шарттар саны 30%-ға өсті. Шағымдар саны 25%-ға қысқарды. Мемлекеттік сатып алуларға ЖИ элементтері енгізіліп, бұл 781 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді», деді Мәди Такиев.

Цифрлық трансформация шеңберінде елімізде бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауды күшейтуге бағытталған онлайн бюджеттік мониторинг енгізіліп отыр.

Қаржы министрі бүгінде қаражатты бір ғана білім беру бойынша жұмсау кезінде бұзушылықтардың алдын алу және оларды анықтау бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті. 

 
Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35