и
Қысқы спорт • 12 Ақпан, 2026
Могулшы Павел Колмаков жекелей сында жарыс жолынан шығып қалды
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан ерлер арасындағы алғашқы финалдық сайыс өз мәресіне жетті, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 12 Ақпан, 2026
Ақтөбелік кәсіпорын жұмысшыларына жаңа Конституцияның басымдықтары айтылды
Ақтөбенің ферроқорытпа зауытында жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған жиын өтті. Кездесуге облыстық мәслихат төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Гүлқасима Сүйінтаева, облыстық мәслихат депутаты Естай Сисенбаев және кәсіпорынның еңбек ұжымы қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2026
Неліктен жылыту үшін ақы әр айда әртүрлі? «Астана-Теплотранзит» себебін түсіндірді
«Астана-Теплотранзит» АҚ мәліметінше, тұрғындар түбіртегіндегі сомманың көбеюі сыртқы ауаның орташа температурасына тікелей байланысты. Ауа температурасы төмендеген сайын тұрғын үйлерде нормативтік температураны сақтау үшін көбірек жылу энергиясы қажет. Сәйкесінше, төлем мөлшері де көбейеді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 12 Ақпан, 2026
Қазақстан мен Беларусь медицина қызметкерлерін бірлесіп оқытады
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Богдановпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2026
MNU профессорлары жаңа Конституция жобасын қолдады
Maqsut Narikbayev University (MNU) заңгер ғалымдары Қазақстан Республикасының жаңа Ата заңы жобасын қолдағандарын жариялады. Университетте «Жаңа Конституция – мемлекеттілік дамуының жаңа кезеңі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2026
Парламентаризм институты жаңа Конституция жобасын қолдады
Қазақстанда Конституциялық реформа шеңберінде жаңа Ата заң жобасын қолдау шаралары жалғасып жатыр. 12 ақпанда республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінде жаңа Конституция жобасы ресми жарияланды. Құжат 2025 жылдың қазан айынан бастап әзірленді. Алдағы республикалық референдум 15 наурызға жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 12 Ақпан, 2026
ЕҰУ академиялық қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады
Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті алаңында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына арналған сараптамалық тыңдалым өтті. Референдумға шығарылған Ата заң жобасын жан-жақты талқылаған жиынға Мәжіліс депутаттары, академиялық қауымдастық өкілдері мен жетекші заңгер-ғалымдар қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2026
Замира Кузиева: Ата заң азаматтар үшін тұрақтылықты қамтамасыз етеді
Елордадағы кәсіпорындардың бірінде жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиында құжаттың негізгі бағыттары сараланып, еңбек ұжымы референдумға белсенді қатысуға шақырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2026
Мектептегі қысым: Балалар арасындағы буллингтің зардабы қандай?
Соңғы жылдары елімізде балалар арасындағы буллинг белең алып келеді. Қатарластары тарапынан мазаққа ұшырап, әлімжеттік пен дөрекілік көргендері томаға тұйықталып, қоғамнан оқшауланып жатыр. Кейбірі тіпті тығырықтан шығатын жол таппай, өз-өзіне қол жұмсайды. Технология дамып, әлеуметтік желінің ықпалы күшейген сайын киббербулингке ұшырайтын балалар саны да артып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 12 Ақпан, 2026
Аида Балаева қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуалды ерекше бақылауға алуды тапсырды
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен жұқпалы аурулардың таралуына қатысты кеңес өтіп, қызылшаның таралу мәселесі жеке қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспорт • 12 Ақпан, 2026
Қазақстаннан Қытайға 12,3 мың тонна жемдік ұн жөнелтілді
Қытайға жемдік ұн тиелген контейнерлік пойыз аттанды. Жалпы көлемі 12,3 мың тоннаны құрайтын өнім Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қолдауымен жөнелтілді. Бұл қадам екі ел арасындағы аграрлық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Ақпан, 2026
Қазақстанның арнайы жасағы UAE SWAT Challenge-2026 турнирінің жеңімпазы атанды
Дубайда әлемнің үздік арнайы бөлімшелерін біріктірген UAE SWAT CHALLENGE-2026 халықаралық турнирі аяқталды. Бес бәсекелі күн ішінде әлемнің 48 елінен 109 команда іс-әрекеттің шеберлігін, жылдамдығын, тактикалық ойлауын және үйлесімділігін барынша көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2026
Ақтоғай ауруханасына 6 жаңа санитарлық автокөлік берілді
Жақында Ақтоғай ауданының әкімі Абылай Аманжолов «Денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында аудандық орталық ауруханаға алты жаңа санитарлық автокөліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 12 Ақпан, 2026
Екібастұз ГРЭС-3 станциясы салынады: Елдің электр энергия өндірісі ұлғаяды
Павлодар облысы көмір генерациясын дамытуға бағытталған ұлттық жобаны жүзеге асыруда маңызды стратегиялық рөлге ие. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңір Қазақстанда өндірілген электр энергиясының 42%-ын қамтамасыз етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 12 Ақпан, 2026
Рыбакинаға Ресейге кіруге тыйым салынбақ
Ресейдің спорт министрі Михаил Дегтярев шетелдің спорттық азаматтығын қабылдаған ресейлік спортшыларға Ресейге кіруге тыйым салынуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 12 Ақпан, 2026
Әкімдер мен мәслихаттардың өзара іс-қимыл тәртібі Ата заңда қалай бекітілген?
Мәслихаттар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша – шешім, ал әкімдер шешім мен өкім қабылдайды, бұлар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орындалуға міндетті. Бұл туралы жаңа Конституцияның қорытынды жобасында жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 12 Ақпан, 2026
Қазақстан − Германия келіссөздері: Қай салаларда серіктестік артады?
Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Германияға сапары аясында елдің экономика және энергетика министрі Катарина Райхемен кездесті. Келіссөздерде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланып, индустриялық-технологиялық сала, энергетика, логистика, цифрландыру және ауыл шаруашылығы бағыттарына басымдық берілді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 12 Ақпан, 2026
Жаңа Конституцияда жеке деректерді сақтауға заңмен кепілдік беріледі
Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қорытынды жобасы жарияланды. Жобада жеке өмірге қол сұғылмау құқығына заңмен кепілдік берілетіні жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2026
Қызылордада жолдағы қозғалысты дрон бақылайды
Қызылорда облысы Полиция департаменті осы саладағы басты жетістік ретінде жолдағы құқықбұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын 124 құрылғының жұмыс істеп тұрғанын айтады. Осы арқылы 7 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталған, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 12 Ақпан, 2026
Вице-Президентті кім тағайындайды?
Бүгін жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қорытынды жобасында Вице-Президент өкілеттігіне қатысты талаптар айқындалды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 12 Ақпан, 2026
Қолданыстағы Конституцияның күші қашан жойылады?
Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, бұған дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысы сол мезгілден бастап тоқтатылады. Бұл туралы бүгін жарияланған Конституция жобасының 94-бабында жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Ақпан, 2026
Президенттің кезекті сайлауы: Өкілеттік мерзімі және дауыс беру ережесі нақтыланды
Бүгін жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қорытынды жобасында Мемлекет басшысын кезекті сайлау тәртібі мен дауыс беру қорытындысын шығарудың талаптары айқындалды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Ақпан, 2026
Президент UAE SWAT Challenge-2026 жеңімпаздарын құттықтады
Президент Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында үздік нәтижеге қол жеткізген қазақстандық командаларды құттықтады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров телеграм арнасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 12 Ақпан, 2026
Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы жарияланды
Бүгін «Egemen Qazaqstan» газетінде Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы жарияланды. Төменде толық мәтіні ұсынылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 12 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындары жалғасып жатыр. Бүгін төртжылдықтың басты бәсекесінде жерлестеріміз спорттың 4 түрі бойынша жүлдеге таласады, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 11 Ақпан, 2026
Елена Рыбакинаның 20 жетістігі
Қазіргі кезде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның тасы өрге домалап тұр. Әрине, оған еш таңдануға болмайды. Күні кеше ғана Елена «Australian Open-2026» турнирінде әлемнің ең мықты теннисшілерін тегістей ұтып, бас жүлдені олжалады. Осы жарқын жеңістен кейін Tennis.com порталы жерлесіміздің жасыл құрлықта өткен жарыстағы 20 жетістігін тізбектеп шыққан екен. Енді соған назар аударайық.
Олимпиада • 11 Ақпан, 2026
Қазақстандық биатлоншылар 2026 жылғы Олимпиадада жекелей сайыста өнер көрсетті
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан әйелдер арасындағы жекелей сайыс өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 11 Ақпан, 2026
Қазақстандағы қатерлі ісік: Елдің онкологиялық картасында қандай өзгерістер бар?
Қоғам бұл дерттің атын атауға сескеніп, халық арасында «аты жаман ауру» деп атап кетті. Тіпті кейбіреулер мұны «ажалға шақыру билеті» деп қабылдайды. Онколог мамандар қатерлі дертті жеңуге болатынын айтса да, статистика әлі де көңіл көншітпей тұр, деп жазады Egemen.kz.
Олимпиада • 11 Ақпан, 2026
Олимпиада-2026: Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысында 35-орынға жайғасты
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындары аясында шаңғы қоссайысынан (қалыпты тұғыр) жарыстар аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Ақпан, 2026
Алматыда хирургтер 31 магнит жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды
Алматыда 31 магнит жұтып қойған сәбиге шұғыл ота жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.